2010–2019
Өзгеріңдер
Қазан 2013


Өзгеріңдер

Сіз білетін ұстанымдарға сәйкес іс әрекетіңізді жалғастырып, күнделікті және ай сайын өсиеттерді сақтап, ақиқатты білген кезіңізде шынайы өзгеріс айналымы болады. 

Бауырлар мен әпкелер, осы кафедраның артында тұру мені терең босұнышылыққа әкеледі, бұл жерде менің өмірімде кездескен көптеген батырлар тұрған болатын. Мен сіздермен өзімнің жүрегімдегі кейбір сезімдермен бөліскім келеді, әсіресе оған жастардың назарын аударғым келеді.

Көне Өсиеттегі батырлардың бірі пайғамбар-жауынгер Иса Навин болатын. Ол өзі ертіп әкелген исраил балалaрына мына шақыруды таратты: «Осы күні өздерің кімге қызмет ететіндеріңді таңдап алыңдар; …ал, мен және менің үйім, біз Иемізге қызмет етеміз. 1 Иса Навинның ресми айтқан мәлімдемесі Інжілге қарасты екені шынайы көрсетілген. Иса Навин мен біздің барлығымыз үшін, Інжілге карасты ұстанымдар Інжіл ұстанымымен өмір сүру мен біздің Иеміздің өсиеттеріне адал болуымыз арқылы келеді.

Мен тарихқа қатысты өзімнің отбасымның тарихындағы басқа батыр туралы бөліскім келеді. Оның аты Агнес Хоган және ол күйеуі екеуі 1861 жылы Шіркеуге Шотландияда қосылды. Олар өз отанында көптеген кудалаудың астына түсіп, олар балаларымен бірге Америкаға көшкен болатын. Бірнеше жыл өткен соң, Агнес сегіз баламен жесір қалды және ол балаларын киіндіріп, асырап жеткізу үшін көп еңбек ететін. Оның 12-кі жасар Изабелла деген қызы шіркеу отбасына жатпайтын бір бай үйде қызметшінің жұмысына орналасуға сәті түсті.

Изабелла солардың үйінде тұрып, кішкентай балаларға қарауға көмектесетін. Оның қызметіне әр апта сайын оның анасына азда болса жалақы төленіп тұрды. Көп кешікпей, ол отбасы мүшесі ретінде қабылданып; әдемі киім, би сабақтары мен театрға бару сияқты көптеген артықшылықтармен пайдалана бастады. Изабелла қызмет еткен отбасы басқа елге көшкен кезге дейін, осы жағдай төрт жыл бойы жалғасты. Олар Изабелланы жақсы көріп кетті, сондықтан олар оның анасы Агнеске келіп, оны заңды түрде асырап алу үшін рұқсатын сұрады. Олар оған білімді қылып, тұрмысқа беріп, өз балаларымен бірдей мұрагер етеміз деп, уәде етті. Және Агнеске қаржылай көмектесуді жалғастырамыз деді.

Бұл жесір әйел мен ананы қиын шешім алдына қойды, бірақ оның бір минутқа да ешқандай күмәні болған жоқ. Оның немереқызы көп жыл кейін жазған хатындағы сөздерді тыңдаңыздар: «Оның сүйіспеншілігі жоқ деп айтуға міндеттетпейді, бірақ оның жауап берер басқа одан да зорғы себептері болды, ол Шотландиядан ұзақ жол жүріп Інжіл сынақтарын өтіп келді, сондықтан, оның баласы сол адамзат мүмкіндіктерін алу үшін, баласын алысқа жіберіп айырылғысы келмеді.2 Ауқатты отбасы барлық мүмкіндік дәлелдерді келтіргендерімен және Изабелланың өзі де, рұқсат сұрап жылағанына қарамастан, Агнес өз шешімінде тұрды. Көздеріңізге елестетіп көріңіздерші, 16-ты жастағы Изабеллаға өмірінің қирағаны сияқты сезімде болды.

Изабелла Хоган менің үлкен әжем және оның пенделік уәделерге Шіркеу мүшелігіндегі қызын саудаға салмаған оның анасының жүрегіндегі жарқын жанған сеніміне және куәгерлігіне ризашылығымды білдіремін. Қазір Шіркеу мүшелігінің игілігін пайдаланып жатқан оның мыңдаған ұрпағы Агнестің бенефициар терең сенімінде және Інжілдің өмір жолында.

Жас достарым, біз өте қауіпті кезеңде өмір сүріп жатырмыз, сондықтан сіздер сол шешімдерді күнделікті, сағат сайын жасауға шақырылғандықтан, оның салдарының жалғасы мәңгілік болады. Күнделікті өмірдегі сіздің қабылдаған шешіміңіз сіздің кейінгі жағдайыңызды анықтайды. Егер Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуі жер бетіндегі Құдайдың Патшалығы екенідігінде сіздің куәгерлігіңіз бен сеніміңіз нақты бекітілген болмаса, сол сенімді алу үшін, барлық қажеттіні жасаудың уақыты қазір келді. Сол сенімге жету үшін, күш салып тырысуды кейінге қалдыратын болсақ, бұл сіздің жаныңызға қауіпті болуы мүмкін.

Жай ғана Інжіл ұстанымы туралы білім ғана емес сол жай ұстаным куәгерлігіне қарағанда, ақиқат өзгеріс айналымы молын ұсынады. Інжіл туралы күәгерлігі бола тұрып, сонымен өмір сүрмеуі мүмкін. Ақиқат өзгеріс айналымында, сол «біздің жүрегіміздегі және біздегі үлкен өзгерістер» 3 біз ойлаған істерден дегенді білдіреді. Ақиқаттық сенім бүктемесінде біз «өзгеріс айналымы оқиға емес, барысы» екенін білеміз. Дұрыс ұмтылыста Құтқарушының соңынан еріп....нәтижесінде сіз өзгеріс айналымына түсесіз. 4Бұл жұмыс істеуді, уақытты және күш салып, тырысуды талап етеді. Менің үлкен әжем өзінің балалары үшін, бұл пенделік өмірдегі байлық жолындағы жайлылықта керек ұсынысқа қарағанда, Інжілдің маңыздысы зөр екендігінде күмәні болған жоқ, өйткені ол Інжіл жолымен өмір сүремін деп, көптеген қиындықтарға төзімділік танытты.

Сондай міндеттерді алу үшін, біз қиындықтардан өтуіміз керек. Құтқарушы бізді: «Егер кімде-кім Оның еркін орындағысы келсе, ол Құдайдан немесе Менің Өзімнен айтылған жеті ілімдерді танитын болады» деп, оқытқан. 5Кейде біз оны керісінше жасауға тырысамыз. Мысалы, мына тәсілді алғанда, мен ондықтың заңы бойынша өмір сүруге бақытты боламын, бірақ біріншіден, оның ақиқат екенін мен білуім керек. Мүмкін, біз ондықты толтыратын түбіртекті толтырар алдында, Құдай батасын берер деген үмітте ондық заңы туралы куәгерлікті алу үшін, мінажат ететін шығармыз. Құдай біздің сенімді болғанымызды күтеді. Біз ондық туралы куәгерлікті алуымыз үшін, ондықты әрқашан адал және толық төлеуіміз керек. Бұл үлгі Інжілдің барлық ұстанымға қолданылады, ол пәктік заңы немесе сыпайылық пен Даналық Сөзі және ауыз бекіту заңы болса да.

Мен сіздермен ұстанымға сәйкес өмір сүру үлгісі бізге осы ұстанымдар айналымында тұру қалай көмектесетінін көрсетіп, бөліскім келеді. Алпысыншы жылдары мен өзімнің жоғарғы сыныбымда Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуіндегі жалғыз жас қыз болатынмын. Ол бір қалыптасқан әдептіліктен бас тартып, есіртке қолданып «еркіндік бой көтерген» төңкеріліс кезеңі болатын. Көптеген менің әріптесім жақсы адам болатын, бірақ шындап келгенде, ескі кездері әдепсіздік болып саналатын жаңа әдеп толқыны оларды оңай еліктіріп әкете алатын. Менің ата-анам мен ұстаздарым маған өзіңнің емделген тәніңе құрметпен қарап бағалай біл, ойыңды таза ұста және ең маңыздысы, Құдайдың өсиеттеріне сеніп үйрен деп, көндірді. Мен ішімдік, есіртке және шылым шегу бар жерлерден алыс жүремін деп, шешім қабылдадым. Бұл менің кештер мен атап өтетін күндері сирек болып, қосылмайтынымды білдірді. Жастардың арасында есіртке тарту қатты тарап кетті және осы күндер сияқты оның қауіптілігі туралы мәлімет болған жоқ. Менің көптеген құрдастарым жүйкеге зақым келтіретін қайтымсыз күйге түсіп, тәуелді жағдайға душар болды. Мені, үйімде Даналық Сөзге сәйкес өмір сүруге үйреткені үшін, ризашылығымды білдірдім және мен Інжіл ұстанымымен өмір сүріп, сенімділік танытып терең куәгерлікке ие болдым. Маған Інжілдің ақиқат ұстанымы өмірінен жақсы сезім келген Рух болатын және сол ұстанымның дұрыс болғанын Киелі Рух растайды. Әлбетте, шынайы айналым болған кезде, әрекет етеді.

Мормон кітабында Мороний пайғамбардың оқытқаны: «Мен әлемге көрсеткім келгені, ол сенім затын көрмей үміт арту, сондықтан біз көрмегенді талқыламайық, әйтпесе соттан соң біз өз сеніміміздің айғағын ала алмайтын боламыз».6 Осы өмірде біз еңбек етпей дереу марапатқа ие болғымыз келіп, жиі күнәға батамыз. Менің ойымша, Моронийдің бізге айтқаны, ол біз алдымен өз жұмысымызды істеп, Інжілмен өмір сүріп сенім артуымыз керек, сонда біз оның ақиқат екеніне көзіміз жетіп, куәгерлік аламыз. Сіз білетін ұстанымдарға сәйкес іс әрекетіңізді жалғастырып, күнделікті және ай сайын өсиеттерді сақтап, ақиқатты білген кезіңізде шынайы өзгеріс айналымына бөленесіз.

Бұл жастардың шіркеуде болатын жарқын кезеңі. Сіздердің жастар бағдарламасындағы бірінші қатысуларыңыздағы, Ер Соңымнан деген сіздердің Иса Мәсіхтің Інжіліне өзгеріс айналымындағы жолдың ең негізі мақсаттарыңыздың бірі. Сіздердің ата-анаңыз немесе жастардың жетекшісінің шабыттағы бағыттары қалай болғанда да, «сіздер өздеріңіздің өзгеріс айналымдарыңызға аса жауаптысыздар», осыны есте сақтаңыздар. 7 Сіздерді өзгеруге ешкім мәжбүр етпейді және сіздер үшін ешкім өзгермейді. Егер біз мінажатымызды айтып, жазбаларды оқып, шіркеуге барып және ғибадатханалық рәсімдерге қатысуға лайық болып, ұқыптылығымызды танытатын болсақ, өзгерістер өз орнын алады. Егер ең алдымен біз үйде және сабақтарда білген дұрыс ұстанымдармен әрекет ететін болсақ, өзгерістер болады. Біз таза және ізгі өмірмен өмір сүріп, Киелі Рухтың қатысуынан ләззат алғандықтан өзгерістер болады. Біздің түсінігіміз бойынша, Иса Мәсіхтің Өтелуін қабыл алып, Оны біздің Құтқарушы мен Өтелуші ретінде танып, біздің өмірге Өтелуді еңгізіп, өзгерістер болады.

Сіз ғибадатханада өсиеттерді қабыл алуға дайындалып, миссияда қызмет етіп, өз болашақ үйіңізді құрсаңыз, сіздің жеке өз өзгерістеріңіз сізге көмектесетін болады. Сіз өзгерген соң, бар білгеніңізбен басқа адамдармен бөліскіңіз келеді және сіз басқаларға жеткізген куәгерлігіңіздің сенім қабілеттігін бар күшімен үлкейтеді. Басқа адамдармен Інжілмен бөлісіп, куәгерлік ету сенім қалауы шынайы өзгергеннің нәтижесі болып табылады. Құтқарушы Петірді: «Бір кездері өзгеріп, бауырларыңды да, өзгерт»8деп, оқытқан.

Пайғамбар Иса Навин жауынгер естеріңізде ме? Ол өзі өзгеріп қана қоймай, ол өмір бойы Исраил балаларын Құдайға жеткізу үшін, тер төгіп еңбек етті. Көне Өсиетте біз: «Иса Навинның барлық күндерінде Исраил халқы Құдайға қызмет етті» 9 дегенді оқимыз. Өзгерісті шын жүрегінен бастан өткерген адам Өтелудің күшіне жүгінеді және өз жанын құтқарады, содан соң оны танитын басқа адамдарға бар күшін салып, қол ұшын беріп көмектеседі.

Інжілмен өмір сүріп, қасиетті жерлерде тұру әрқашан жайлы немесе жеңіл болмайды, бірақ мен куәгерлік етемін, бұл соған тұрарлық! Құдай Эмма Смитке пенделік өмірді кейінге қалдырып, жақсысын іздеуге бағыттады. Мені күдіктендіретіні, бұл кереметтер «әлемнің жақсысынан» 10 екенін біз өзіміздің көз алдымызға елестете ала алмайтын сияқтымыз!

Мен куәгерлік етемін, бізді жақсы көретін Көктегі Әкеміз бар, Ол біз өзгеріп, біздің Інжіл жолымен өмір сүргіміз келіп тырысқанымыз үшін, батасын беріп көмектескісі келеді. Оның анық айтқан сөзі, ол біздің маңызғы бағытымыз бен жұмысымыз «өлмейтін мәңгілік өмір».11 Ол бізді Өзінің ұдайы қасына үйге алып келгісі келеді. Мен куәгерлік етемін, егер біз күнделікті тәжірибеге еңгізіп, Інжіл ілімдерімен әрекет ететін болсақ, біз өзгеріп өз отбасымыз бен әлемде бұл көптеген жақсы жетістіктердің тәсіліне айналады. Біздің күнделіктегі барлық ынтамызға бата беруін тілеймін және осы мақсатқа жету үшін, мен Иса Мәсіхтің атына мінажат етемін, әумин.