Пайғамбарларды қолдау
Пайғамбарларға қолдау көрсету біздің жеке міндетімізге кіреді және олардың пайғамбарлық ұстанымдарын қорғауымыз үшін, барлық мүмкіндікті жасаймыз.
Президент Айринг бізді шабыттандырған жолдауыңыз үшін, ризашылығымызды білдіреміз. Менің қымбатты бауырларым мен әпкелерім, сіздердің адалдықтарыңыз бен сенімдеріңіз үшін, алғысымызды білдіреміз. Кеше біздің әрқайсысымыз Томас С. Монсонды Құдайдың пайғамбары және Құдай Шіркеуінің Президенті ретінде қолдау көрсету үшін, шақырылдық. Және біз «О Құдайым Пайғамбар үшін Саған алғысымыз шексіз» 1 деп, жиі ән айтамыз. Сіз бен мен бұның мәнін шынайы жақсы түсінеміз бе? Ойланып қарасаңыздар, Иеміз бізге Оның пайғамбарына қолдау көрсету артықшылықты берді, кімнің қандай да, бір жеке өзінің ынтасымен емес, кіршіксіз болатын кеңесі – әбден дұрыс!
Шындап келгенде, біз пайғамбарды шынайы қалай колдаймыз? Ол Шіркеудің Президенті болар бұрын, Президент Джозеф Ф. Смит: «Шіркеудің өкілеттіктерін қолдайтын … әулиелерге қонған маңызды міндет жай ғана қол көтеріп қолдау көрсетіп қана емес, бірақ шынайы, істе білдіру» деді.2
Солай, пайғамбарға қолдау көрсету керемет «іс» есімде. Дәрігер және кардиохирург ретінде 1972 жылы Президент Спенсер Б Кимбалдың жүрегін ашып ота жасауға жауапты болған едім, сол кезде ол Он екілік Апостолдар Кворумының Президентінің міндетін атқарған болатын. Оған өте ауыр ота жасау керек болды. Жүрек қысымы бар 77 жастағы пациентке осындай емдеу жасауға менің тәжірибем жеткіліксіз еді. Мен Бас Президентігі мен Президент Кимбалға ота жасамауға кеңес бердім. Бірақ, сенімнің арқасында, Бас Президентігі кеңес бергендіктен, Президент Кимбал ота жасаймын деп, шешім қабылдады. Ол өзінің жетекшілеріне қалай қолдау көрсету керектігін көрсетті! Бұл шешім мені қатты уайымға салды!
Құдайдың қолдауымен ота сәтті өтті. Президент Кимбалдың жүрегі қайтып соққан кезде, бұл сондай керемет күштің әсері болды! Сол сәтте, бір күні осы адам Шіркеу Президенті болатыны туралы Рухтың куәгерлігін анық көрдім!3
Барлығын нәтиже біледі. Жиырма айдан соң, Президент Кимбал Шіркеу Президенті болды. Және ол көп жылдар бойы ең мықты да, батыл жетекшілік етті.
Содан бері біз Президент Езра Тафт Бенсон, Говард Б Хантер, Гордон Б Хинкли және қазіргі Шіркеу Президенті Томас С Монсонды қолдадық. Нағыз пайғамбарлардың өзі!
Менің бауырларым мен әпкелерім, егер қайта қалпына келтіру бір нәрсені жасамаған болып, Құдай Өзінің балаларымен сөйлескенді тоқтатты деген жылдарғы қиялды қалдыратқан болса. Ақиқаттан алыс ештеңенің болуы мүмкін емес. Адамнан бастап осы күнге дейін, Құдай Шіркеуінің басында әрқашан барлық уақытта пайғамбар жетекшілік еткен.4 Пайғамбарлар Иса Мәсіх туралы – Оның құдайшылдығы мен Оның жердегі миссиясы туралы куәгерлік еткен.5 Біз соңғы құрылымның пайғамбары ретінде Джозеф Смит пайғамбарды құрмет тұтамыз. Және біз Шіркеу Президенті ретінде мұрагері болып қалған әр адамды құрмет тұтамыз.
Біз пайғамбарлар мен басқа да жетекшілерге6 қолдау көрсеткен кезімізде, біз жалпы заңның келісіміне келеміз, өйткені Құдай: «Менің Інжілімді уағыздауға, Шіркеуімді құруға әркімге берілмейтін қасиет, тек қана Шіркеу жетекшілігімен дұрыс арналған, билігі бар кейбір адамдарға ғана беріледі» 7 деді.
Бұл бізге, Иеміздің шіркеуіндегі мүшесі ретінде, сенім мен батылдық береді, өйткені біз Иеміздің дауысына8 құлақ асып, киелі жазбада жазылғанды орындауға тырысамыз, ол бізге Оның қызметіндегі пайғамбарлардың дауысы арқылы келеді.9 Шіркеудің барлық жетекшілері шақырылым өкілеттігіне сай. Бұл Шіркеуде өзін атаған пайғамбар да жетекші де жоқ. Пайғамбарды біз таңдаған жоқпыз. Ие бұл туралы нақты айтқан болатын, Ол: «Сен мені таңдаған жоқсын, бірақ Мен сені таңдап, тағайындадым».10 Сен және мен қандай да бір деңгейдегі Шіркеу жетекшісін «таңдай алмаймыз». Бірақ біз, оларға қолдау көрсетуге айрықша құқылымыз.
Иеміздің жолы адамның жолына қарағанда өзгеше. Адамзаттың жолдары адамдар қартайғанда немесе мүгедек болған кезде, офис немесе бизнестен кетуге мәжбүр. Бірақ бұл адамның жолдары емес және бұл Иеміздің жолына жатпайды. Пайғамбарларға қолдау көрсету біздің жеке міндетімізге кіреді және олардың пайғамбарлық ұстанымдарын қорғауымыз үшін, барлық мүмкіндікті жасаймыз. Біздің қолдауымыз олардың пайғамбар ретіндегі шақырылымын қабыл алып, заңды және орындалу міндеттегі антты білдіреді.
Жиырма алты жыл бұрын Шіркеу Президенті болар бұрын, аға Джордж Алберт Смит: «Біз қолды көтерген кездегі міндет … ең қасиетті. Бұл бізге жолымызды байсалды әрі қарай жалғастыра, Құдайдың пайғамбары осы жұмысты алып жүретініне даяр болуымызды білдірмейді, бірақ бұл … біз оның соңынан еріп, ол үшін дұға қылып, оның адал атын қорғайтынымызды және Құдай сілтемесімен оның айтқанын орындауымыз керектігін білдіреді»11 деді.
Тірі Ие Өзінің тірі Шіркеуіне жетекшілік етіп келеді!12 Ие Өзінің еркін Шіркеудегі Өз пайғамбарына ашады. Кеше біз Томас С Монсонды пайғамбар ретінде қолдау үшін шақырылған соң, бізде оны, Бас Президентігінің кеңесшілерін және Он екілік Кворум Апостолдарының мүшелерін пайғамбар, көріпкел, куәгерлік ұстанушылар ретінде құрмет тұтуға айырықша құқылы болдық. Осы туралы ойланып көріңіздер! Біз пайғамбар ретінде 15 ер адамды қолдап отырмыз! Олар осы ұстанымдағы адамға қашанда бір берілген барлық әулиелік кілттерге ие.
Шақырылған 15 ер адам қасиетті апостолдықта бізге Шіркеу мүшесі ретінде үлкен қорғаныспен қамтамасыз етіп отыр. Неге? Өйткені олардың шешімі бір жерден шығуы керек.13 Бірегейлікке жету үшін, Рух 15 адамға қалайша әрекет ететінін елестете аласыз ба? Бұл 15 адамның білімдері мен тәжірибелік жоспары өзгерісте болған олардың заттар туралы ой пікірлері өзгеше. Сеніңіздер маған! Осы 15 адам – Иенің қалауы бойынша, бірегейлі әрекет еткен кезде - олар пайғамбарлар, көріпкерлер және куәгерлік ұстанушылар. Олар Иенің еркін көру үшін, сенімдерінде адал. Осы 15 ер адам «Жер бетінде де, көкте де Сенің еркің жүрсін»14 деп, Иемізге мінажат еткен кезде, олардың әрқайсысына жол көрсетіледі.
Тәжірибесі мол Апостол төрағалық етеді.15 Бұл жүйе тәртіпке сай ересек ер адамды Шіркеу Президенттігіне әкеледі.16 Бұл Иенің жетекшілігі ретінде тәжірибелік жетілгендіктің, тәжірибе мен салмақты дайындықтың сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі Шіркеуді Құдайдың Өзі ұйымдастырды. Ол молынан және қордың көшірімін қамтамасыз ететін керемет жетекшіліктің жүйесін еңгізді. Бұл жүйе ауру немесе қартайып еңбекке қабілетсіз болған кезде де, пайғамбарлық жетекшілікті қарастырады.17 Біркеліктік пен кепілдік жеткілікті, сондықтан ешкім, ешқашан адаса Шіркеуге жетекшілік ете алмайды. Ересек келген жетекшілер әрдайым оқулықтың жетекшілігінде, сондықтан олар бір күннің керемет күні жоғарғы кеңесте отыруға дайын. Олар Иенің дауысын Рухтың сыбырлағаны арқылы естуді үйренеді.
Бас Президенттігіндегі кеңесшінің орнындағы Эзра Тафт Бенсонның жердегі өмірі таяп қалған кезде, Президент Гордон Б. Хинкли былай деп, түсіндірді:
«Ие Өзінің Шіркеуіндегі жетекшілік орнындағы ұстанымдар мен шараларда түрлі … жағдайларды қарастырды. Өте маңызды … Президент ауырған кезде немесе толығымен қызмет ету қабілеттігі болмай тұрған кезде, Шіркеудегі жетекшілікке және пайғамбарлық дарынға қарасты немесе қорқу күмәнін тудырмау керек, оған қоса Шіркеудің бағдарламасы мен ісіне қатысты шаралар мен шабыт пен куәгерлік құқығына қатысты ешқандай күмән болмауы тиіс.
«Бас Презіденттігі мен Апостолдар кеңесі әулиелік кілттерді ұстауға шақырылып, арналған және өздерінің тәжірибесін көтеріп, орнату үшін олар арнау рәсімдерін басқарып, доктриналарды баяндап, Шіркеуге жетекшілік етуге жауапты және өкілетті».
Президент Хинкли жалғастырды:
«Президент ауырған кезде немесе өзінің барлық қызметтік міндетінде толығымен қызмет ету мүмкіндігі болмай тұрса, оның екі кеңесшісі бірге Бас Президенттігінің Кворумына бірігеді. Олар Президиумның жұмысын күнделікті жүргізіп отырады. …
«…Бірақ қандай да бір маңызды саясат, бағдарлама жүйесі немесе доктриналар Бас Президенттігі мен Он екілікпен бірге мінажат арқылы қарастырылады».18
Алдыңғы жылы Президент Томас С. Монсон Шіркеу Президенті болғанына 5 жыл болды, ол өзінің 50 жылдық Апостолдық қызметінде ойлана осы сөздерді айтқан болатын: «Түбінде біздің барлығымызға жас келіп, өзінікін алады. Соған қарамастан, патша Венияминмен өз дауысымызды біріктірелік, оның айтқаны … ‘ «Мен де, сендердікі сияқты денем мен ақыл ойым әр түрлі әлсіздікке дүшар, бірақ мен қолдау алып … әкемнің арнауынан өтіп … , сендерге барша күшіммен және бар ақыл ойыммен қызмет ету үшін, Иенің маған тарту еткен теңдесі жоқ күштің қорғанысы мен қамқорлығының астындамын» (Мосия 2:11)».
Президент Монсон жалғастырды: «Бізге келетін денсаулық сақтау саласындағы барлық қиындықтарға қарамастан, дене мен ақыл ойдың әлсіздігіне қарамастан, біз өзіміздің мүмкіндігімізге қарай қызмет етеміз. Мен сіздерді, шіркеу жақсы қол астында тұр деп сендіремін. Бас Президенттігінің кеңесі мен Он екілік Кворум үшін құрылған жүйе әрдайым жақсы жетекшіліктің қол астында болатынын (бізге) сендіреді және қандай жағдай болмасын, қорқудың немесе уайымдаудың керегі жоқ. Біз ұстанатын және біз сыйынатын және біз қызмет ететін біздің Құтқарушы, Иса Мәсіх әрқашан жетекшілік етеді».19
Президент Монсон, біз сізге осы ақиқат үшін ризашылығымызды білдіреміз! Және сіздің көрсеткен өмірлік үлгіңіз бен аянбай атқарып жатқан қызметіңіз үшін ризашылығымыз шексіз. Күллі бірегейлі дүние жүзіндегі Шіркеу мүшелерінің атынан шын жүректен ризашылығымызды білдіруге рұқсат етіңіз. Біз сізді құрмет тұтамыз! Біз сізді жақсы көреміз! Біз сізді тек қол көтеріп қолдап қана емес, біз сізді шын жүректен құрметтейміз. Құрметпен, ыстық ықыласта, «біздің қымбатты пайғамбар, біз баршамыз әрдайым сіз үшін мінажат етеміз»!20 Иса Мәсіхтің атына, әумин.