2010–2019
Бер маған сол тауларды
Сәуір 2012


Бер маған сол тауларды

Иса Мәсіхке деген сенім арқылы қиын уақытта берілген бата берекелі уақытта да, беріледі.

Президент Спенсер Б. Кимбалл конференцияның бірінде, Құдайдан ол көтерілетін сол тауларды бер деп, сұрағанын естідім. Оның айтқаны: «Алдымызда үлкен қиындықтар бар, сол үлкен мүмкіндіктер орындалуы тиіс. Мен сол әсерлі болашақты қарсы алып, Құдайға мен бойсұнып, айтқым келді «Бер маған сол тауларды, бер маған сол қиындықтарды.»1

Менің жүрегімді айтылған сөздер қатты толғандырды, өйткені мен оның өткерген кейбір қиындықтары мен ауыртпалықтарын білетінмін. Мен оған, Құдайдың батыл қызметшісіне қатты ұқсағым келді. Солай, мен бір түні өзімнің батылдығымды тексеру үшін, қиындықтарды өтініп, мінажат еттім. Ол әлі менің есімде. Өзімнің жатын бөлмемде, мен тіземді бүгіп отырып, шын жүректен сенім артып, мінажат еттім.

Бір немесе екі күн өтіп, менің мінажат сұрауыма жауап келді. Менің өмірімдегі ең ауыр қиындықтар мені таңқалдырып, бағындырды. Ол маған екі есе сабақ болды. Біріншіден, Құдай мені естіп, сұрауыма жауап бергені туралы нақты дәлелім болды. Екіншіден, мен өзім үшін, өмір бойы ойланатын мағынаны аштым, сол түні маған қиындықтар арқылы біздің жұмсаған еңбегімізге сәйкес көптеген баталар келетіні туралы сенім пайда болғанын сездім.

Өткен күндерде басыма түскен қиындықтар, өзім өткерген кейіннен келген қиындықтар және маған қымбат адамдардың басына түскен ауыртпалықтан әлде қайда жеңіл болып көрінді. Араларыңыздағы көпшілік қазіргі уақытта, мен жақсы танитын ұлы да, сенімді Құдайдың қызметшісі сияқты сіздерді айқайлауға итеретін тәндік, психиқалық, толғаныстық қиындықтардың сынағынан өтудесіздер. Бір күні оның күтушісі, ол төсекте жатып, жанына батқан аурудан дауыстап айғалағанын естіді, «Мен өмір бойы жақсы болуға тырыстым, неге бұл менімен болды?»

Пайғамбар Жозеф Смит түрмеде қамауда отырған кезде, Құдайдың оған берген жауабын сіздер білесіздер:

«Егер сен орға лақтырылып, қанішердің қолына түскен болып, өлім жазасына тартылатын болсаң, немесе түнекке түссең, немесе су толқыны саған қарсы шықса, немесе қаһарлы жел сенің жауыңа айналса, егер де, аспанды қараңғы басып табиғаттың барлық құбылысы бірігіп, сенің жолыңды бөгесе, егер сенің артыңнан тозақтың аузы араңдай ашылса, - біліпқой, ұлым менің, сол қиындықтардың барлығы сенің тәжірибеңді өсіріп, сен батаңды аласың.

«Адамзаттың Ұлы оның барлығынан төмен түсті. Сенің сатың одан жоғары ма?

«Сондықтан ұстанған жолыңнан тайма, сонда сенің әулиелігің сенімен болады; әмбе оларға шек қойылған, олар оны аса алмайды. Сенің күндерің белгілі, сенің жылдарың санымен азаймайды; сондықтан, адам істеген істерден қорықпа, Құдай мәңгілік сенің қасыңда.»2

Менің ойымша, қиындықтар неге келеді және біз оларды қалай өтуіміз керек деген сұраққа Құдайдың Өзі айтқан сөзінен артық, біз елестете алмайтын Оның өткен қиындықтары ауыр болған ішкі мағынасы берілген толық жауаптан асқан жауап болуы мүмкін емес.

Ол бізге Оған сеніп, өкініп тәубеге келіңдер деп, айтқан сөзін сіздер білесіздер.

«Сондықтан мен саған өкініп тәубеге кел деп, бұйырамын – тәубеге кел, яки Мен сені Өзімнің қаһарымды төбеңе төкпей тұрғанда, Менің ашуыммен сенің азабың қиын болмау үшін- қандай қиын болатынын сен білмейсің, я оны бастан кешіру қаншалықты ауыр екенін сен білмейсің.

«Мінеки, Мен, Құдай, барша қауым үшін жанымды қидым, олар өкініп тәубеге келсе, қайғы-қасірет жұтпауы үшін.

«Бірақ, олар тәубесіне келмесе, Мен сияқты азап шегетін болады;

«Мені, ұлы Құдайдың Өзі, қалдырап, денемнің әр қуысы қанталап, жан тәніммен қиналуға қандай қайғы мені соған итерді – ауыр жазаны өткергім келмей, айналып өткім келді -

«Бірақ, Әкемнің даңқы өссін, Мен сол ауыртпалықты алып, адамзат баласы үшін дайындықты аяқтадым.» 3

Сіздер және мен білемін, көтеріліп, қиындықтарды өту үшін, «Галаадта жұбатқыш май» 4 барын сенуіміз керек және «сені...жалғыз қалдырмаймын»5 деп, Құдайдың айтқан уәдесіне. Нақты осыған, бізге және біз қызмет ететін адамдар жалғызсырамай қиындықтарын өтуге көмектесу үшін, Президент Томас С. Монсон бізді үйретті.6

Президент Монсон бізді, сол берілген уәделердің шынайы сенім іргетасын қалау үшін, уақыт керек деп, ақылмен үйретті. Мүмкін, сол сенім іргетасын қажет еткен науқас адамның төсегінің қасында болған кезде, оның шыдамы таусылып, күресуден бас тартқанын көрген шығарсыздар. Егер сенім іргетасы біздің жүрегімізде терең орын алмаса, шыдамдылықтың билігі жойылады.

Менің бүгінгі мақсатым маған белгілі сол беріктік іргетасты біз қалай тұрғызуымыз керектігін сіздерге айтып, өз ойыммен бөлісу. Мен бұны шын ниетте мойынсұнып екі себеп бойынша, жасап отырмын. Біріншіден, менің айтқан сөздерім қазір үлкен қиындықтарды бастан өткеріп, сенімінің іргетасы шытынап құлағалы тұрғанын сезінген адамдарға әсері тиюі мүмкін. Екіншіден, мен әлі де, өмірімнің соңына дейін қиындықтармен кездесетінімді мен білем. Менің сіздерге ұсынып отырған ұсынымдарым менің өзіме де, соңына дейін өзім шыдамдылық танытуым үшін қажет.

Жас кезімде, мен жаңа ғимараттың іргетасын көтеретін құрылыста мердігер болып жұмыс істедім. Жаз айлары үй тірегіне цементті құю үшін, қорама қалыпқа жер қыртысын дайындау жұмыстары қиындайтын. Ол кезде техника құралдары болған емес. Біздің қолымызда қайла мен күрек қана болған. Ол кездері ғимараттың мықты іргетасын салу ең қиын іс болатын.

Тағы ол шыдамдылықты қажет етеді. Бетон құйылған соң оның кепкенін күтесің. Жұмысты жалғастырар алдында, біз қорама қалыпты алмай біраз уақыт күтуге мәжбүр болатынбыз.

Жаңадан келген жас құрылысшыға темірлерді қорама қалыптың ішіне орнатып, іргетасты мықты қылатын жұмыс барысы ең жалықтыратын да, ұзақ іс болып көрінеді.

Тура солай, бізге де, біздің өмірге кіретін боранға төтеп беретіндей, біздің сеніміміздің іргетасын қатайтуымыз керек. Жеке басымыздың адалдығы біздің сеніміміздің мықты іргетасы болып табылады.

Әр түрлі жағдайда біздің дұрыс қабылдаған шешіміміз біздің сеніміміздің мықты іргетасын құрайды. Ол іргетастың құрылуы бала кезден басталады, өйткені дүниеге келген әрбір жан Мәсіхтің Рухани тартуына ие. Соның рухымен біз Құдай алдында қашан дұрыс, ал қашан бұрыс істегенімізді білеміз.

Ондай шешім күніне мың рет сіздің сеніміңіздің ғимараты салынатын іргетас дайындалады. Темір қаңқаның айналасына құйылатын біздің сенім бетоны, ол сол Иса Мәсіхтің інжілі, барлық өсиеттері, арнау рәсімдері мен ұстанымдары.

Берік сенім кілттерінің бірі, ол бетонның мықты болып кебетін уақытын дұрыс анықтау. Сондықтан мен сол себептен Құдайдан биік таулар мен шынайы қиындықтарды сұрап, ақылға қонбайтын асығыс қылық жасадым.

Сауықтыру тез бола қоймайды, оған біраз уақыт қажет. Біз есейген сайын ол оңай бола қоймайды. Әрдайым барша шынайы жан жүрегіңнен Құдайға деген сенің қызметің ақиқат туралы куәгерлікті рухани берік күшке айналдырады.

Енді мен сол қиындықтардың ауыртпалығын басынан өткеріп, жауша шапқан қырсықтардың кесірінен сенімдері босап қалған адамдарды рухтандырғым келеді. Мороний, Мормон кітабындағы Мормонның ұлы. Бізге бұндай бата қалай берілетінін айтқан болатын. Ол бізді қарапайым қуанышты шындыққа үйретеді, біз шыбықтай сенімді қолдана отырып, Құдайға оны өсіруге мүмкіндік береміз:

«Енді, Мен, Мороний, осы туралы кей нәрсені айтқым келеді; Мен әлемге паш еткім келеді, сенім-ол біз сенім артқан бірақ көзге көрінбейтін зат, сондықтан оны көрмедім деп дауласпаңыз, өйткені сіздің сеніміңіз сынақтан өтпей, сіз куәгерлік ала алмайсыз.

«Мәсіх өліп қайта тірілген соң біздің әкелерімізге өз сенімін көрсетті; Олар Оған сенім артқан соң ғана Өзін оларға көрсетті, сондықтан Ол Өзін әлемге көрсеткенге дейін кейбір адамдар Оған сенулері керек.

Адамдардың сенімінің арқасында, Ол Өзін Әлемге көрсетіп Әкенің атын шығарды, солай Ол адамдарға олар көрмеген, үміттен үзілген көктің тартуына жол ашты.

Сондықтан, сіздер де, сенім артсаңыздар, көктің тартуына мүмкіндік аласыздар.»7

Сіздерге түйіршіктей сенімді сақтау қажет және оны Құдай Иса Мәсіхке деген сенімде, әрдайым әр түрлі жағдайда пайдалану қажет. Мороний сенім ұстанымдарына былай деп, үйреткен: «Ешкім, ешқашан өз сенімінен артық ғажайып нәрсе істеген емес; сондықтан, олар ең бірінші Құдайдың Ұлына сенді.»8

Бір күні мен бір әйелдің қалын біліп, кіріп шықтым, ол адам айтқысыз шығындарға төтеп беру үшін, мың қайтара «Мен білемін Құтқарушым тірі» .”9деп, айтып күш-қуатын жинай алды. Ауыр күйіне қарамастан, бала кезінен оның санасында қалыптасқан куәгерлік сенімі сезіліп тұрды.

Мен бір әйел қатты таңқалдырды, оған көп жылдар бойы зиян келтірген адамды ол кешіре алды. Таңдана, мен одан, ол қайтып сонша жыл зиян келтірген адамды кешіріп, ұмыту үшін күшті қайдан аласыз деп, сұрадым.

Ол маған жай ғана, «Ол менің өмірімде істеген ең қиын нәрсе болды, бірақ мен оны міндетті түрде істеуім керектігін білдім. Мен солай істедім.» деп, жауап берді. Оның сенімі, Құтқарушы оны кешірім етеді, егер ол өзгелерді кешіре білсе, оның өліміне бірнеше ай қалғанға дейін кешірім сұрап келмеген жауын кешіруге күш беріп, оның жанына тыныштық пен үміт әкелді.

Ол менен, «Мен сол жаққа барған кезде, қалай болады?» деп, сұрады.

Мен оған, «Мен білемін, сіздің сеніміңіз бен кешірім ету қабілеттілігіңіздің арқасында, сіз үшін үйге оралу керемет болады.» деп, айттым.

Иса Мәсіхке деген сенімі соңына дейін жетерлікті болатынына күмәнданған адамдарды тағы да, рухтандырғым келеді. Жоғарыдан берілген батаның арқасында, мен осында қазір сөйлеген сөзімізді тыңдап отырған адамдардың кейбіреулерін маңайындағы өзгелерге қарағанда, олар жас, жігерлі және дарынды болған адамдар. Бірақ, сіздер Құтқарушының еркін істеген адамсыздар. Өздерінің қабілеттіліктерінің арқасында, олар өзге адамдарға, кімді елемей немесе кімді қабыл алмай итергендерді қолдап, көмектескен кісілер.

Ауыр сынақтар келген кезде, оларды жеңіп шығатын сізде сенім пайда болады. Сіз оны байқамай да қаласыз, егер сіз Мәсіхке деген таза сүйіспеншілікпен Құтқарушы сияқты өзгелерді кешірім етіп, қызмет ететін болсаңыз. Сүйіспеншілік арқылы Құтқарушының сүйіспеншілігі сияқты Оның атынан қызмет көрсетіп, сіз сенімнің іргетасын қаладыңыз. Сіздің Құтқарушыға деген сеніміңіз, сізге үміт беретін мейірімді істерге алып келді.

Сенімнің іргетасын бекіту ешқашан кеш емес. Оған уақыт әрдайым бар. Құтқарушыға деген сенімде сіз кешірім сұрап, мінажат ете аласыз. Әрдайым қасыңыздан кімді кешірім етуді қажет ететін біреу табылады. Әрдайым кімге ризашылығыңызды білдіру керек біреу табылады. Әрдайым кімге қызмет көрсететін біреу болады. Қандай да бір жағдай болып, жалғызсырап немесе ешкімге керек емес болып қалғаныңызды сезінген жерде де, сіз оны істей аласыз.

Мен сіздердің қиындықтарыңыз тез бітеді деп, уәде бере алмаймын. Мен сіздердің ауыр сынақтарыңыз бір мезетте өтіп кетеді деп, сендіре алмаймын. Өмірде келетін қиындықтар ерекшелігінің бірі, ол біздің түсінігімізде, уақыт жүрісін баяулатып немесе мүлде тоқтатуы мүмкін.

Оның өз себептері бар. Ол себептердің түсінігі бізге жұбаныш әкелмеуі мүмкін, бірақ төзімділікке үйретуі мүмкін. Оның барлығы бір себептен туындайды, біздің Көктегі Әкеміз бен Құтқарушымыз Өзінің барша қауымға деген шексіз сүйіспеншілігімен, біз отбасымызбен Оның ұдайы қасында өмір сүруге дайын болатынымызға үміт артады. Онда Иса Мәсіхтің Өтелуі арқылы тек қана пәк таза адамдар ғана бола алады.

Менің анам қатерлі ісік аурумен 10 жыл бойы арпалысты. Оның өмірінде түрлі химиялық емдеу, бірнеше ота жасалып, ақыр соңында төсек тартып жатып қалды.

Соңғы күндері анамның қасында болған әкемнің айтқан сөзі менің есімде. Ол «Кішкентай қыз туған үйіне демалу үшін кетті» деді.

Ол кісіні жерлейтін күні қатысқан Президент Б. Кимбал сөз сөйледі. Ол туралы естелік ретінде, оның айтқанынан менің есімде қалғаны, келесі сөздер: «Сіздердің кейбіреулеріңіз Милдред ұзақ уақыт қиналып өте ауыр ауырғанын, ол бір нәрсені дұрыс жасамады, сондықтан одан сол қиындықтан өтуі керек болды деп, ойлаған шығарсыздар.» Содан соң, ол «Жоқ, Құдай оны тағы біраз жылтыратып алғысы келді» деді. Мен сонда тұрып: «Егер жақсы әйелге сондай жылтырату қажет болса, сонда мен нені күтуім керек» деп, ойлағаным есімде.

Иса Мәсіхке деген сенім арқылы қиын уақытта берілген бата берекелі уақытта да, беріледі. Әр түрлі жағдайда біз Рухтың жетекшілігімен дұрыс таңдау жасауға қабілеттіміз. Бізде Иса Мәсіхтің інжілі бар, егер біз оны өміріміздің жетекшісі қылып таңдайтын болсақ, оның жетекшілігіне жүгіне аламыз. Пайғамбарлар бізге құтқарылудың жоспарындағы біздің орнымызды көрсетті, сондықтан біз үміт артып, тыныштықта өмір сүре аламыз. Біз Құдайға деген қызметімізде, өзімізді жалғызсырап немесе ешкім жақсы көрмейді деп, ойлаудың қажеті жоқ. Біз Құдайдың сүйіспеншілігін сезіне аламыз. Құтқарушы біздің оң мен сол жағымыздан алып жүретін періштелерді уәде еткен.10 Ол Өз уәдесінде тұрады.

Мен куәгерлік етем, Құдай Әке тірі және Оның Сүйікті Ұлы біздің Құтқарушы. Киелі Рух осы конференцияда ақиқатты растады және оны қайталай істейді, егер сіздер осы жерде айтылған жолдауларды тыңдап, осы жердегі Құдайдың өкілетті қызметшілерінің айтқанын оқитын болсаңыздар. Пайғамбар Томас с Монсон - барша әлемге Құдайдың пайғамбары. Барлығымыз Құдайдың бақылауындамыз. Құдай Әке - тірі. Оның Сүйікті Ұлы Иса Мәсіх біздің Құтқарушымыз. Оның сүйіспеншілігі өзгерусіз. Мен осыны Иса Мәсіхтің атына куәгерлік етем, аумин.