Арнайы Сабақтар
Біз өз ауыртпалышылығымызды ізгілікті алып жүріп, осы уақытта арамыздағылардың ішінде кешірім керек етіп, қайғы-қасірет тартқан адамдарға мейірімді болайық. Мен соған үміт артып, мінажат етем.
Соңғы 20 айдың ішінде, біздің отбасымызға айрықша бата беріліп, аса маңызды қажеттіліктері бар балалармен толықты.
Біздің кішкене немереміз Пэкстон дүниеге генетикалық өзгерістерімен келді, оның аса сирек кездесетін хромосомасы жойылған болатын, сол оны миллионның арасынан ерекшелендіреді. Пэкстон дүниеге келгелі біздің қызымыз бен оның күйеуі үшін, тағдырды өзгертетін бір беймәлім саяхат басталды. Бұл тәжірибе мәңгілікке біріктіретін арнайы сабақтардың қатаң сынағы болды.
Құрметті Аға Расселл М. Нелсон бізбен әңгімелесіп тұрып айтқан болатын:
«Әдетте, белгісіз бір себептен кейбір адамдар дүниеге мүгедек болып келеді. Нақты денесінің кейбір бөлігінің кемшілігі болуы мүмкін. Реттеу жүйесі тепе-теңдіктен шығып кетуі мүмкін. Біздің барлық денеміз өлім мен ауруларға шалдығуы мүмкін. Сонда да, бізге берілген тәндік денеміз өте құнды болып табылады. …
Құдайдың жазғаны орындалуы үшін мұратты дененің болуы міндетті емес. Шындап келгенде, кейбір тәтті рухтардың бірі әлсіз жандарға қонады. . …
«Түптеп келгенде, рух пен ... дене өзінің жетілген бейнесінде қайта қосылады ... дене мүшелері мен сүйек буындары толық өз денесінде қайта қалпына келеді (Алма 11:43). Сонда, Мәсіхтің өтелуінің арқасында, біз Ол секілді жетілуіміз мүмкін.»1
Сіздердің барлығыңыз кімнің қиындықтары болып, көңілдері қалып, өзіне жақын адамның қиналғанын көргендер, біледі: шексіз сүйіспеншілікте, таусылмайтын қайғыда ортақ болып, Құдай Әке біздің Көктегі Әкеміз азап-шеккен сені жақсы көреді, Ол сені жақсы көреді!
Кейбіреулеріңіз қиындықтармен кездескен кезде, Құдіреті күшті Құдай деген осының болуына жол берді деп, сұрауларыңыз мүмкін. Сонда, сіз бұл неге менімен болды деп, сұрайсыз. Неге біз отбасындағы жақын адамдарды ерте үйге шақырып, олардың қиын өмірін ұзарта отырып, ауруларды немесе мүгедек қылатын оқиға сынағынан өтуіміз керек? Неге қайғы-қасіреттен өтеміз?
Осындай сәтте біз Көктегі Әкеміздің бізді бақытты қылатын ұлы жоспарына назар аударуымыз керек. Осы жоспарды біз жер бетіне келмей тұрып бізге паш еткенде, барлығымыз куанғаннан секірдік. 2 Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл өмір мәңгілікке көтерілудің дайындығы, ол сынақтан өтудің жолы. Ол әрдайым солай болған ешкім де, оған өкінген емес.
Біздің пендешілік өміріміздің мағынасы, ол Құдайдың еркіне сенім арту. Оған сенім артып, біз сол көптеген сұрақтарға жауаптың аз кезіндегі Мәсіхтің өтелуі күшіне жүгінеміз.
Қайта тіріліп оралған соң, Құтқарушымыз, Иса Мәсіх Америка жеріне келіп, барлығына мынаны ұсынды:
«Араларыңда ауыратын адамдар бар ма? Әкеліңдер оларды осында. Араларыңда, мүгедек, соқыр, жүре алмайтындар, жарымжан болғандар, алапес аурулар, керең, жүдеу немесе басқа да, ауруы бар адам бар ма? Алып келіңдер оларды осында, мен оларды емдеймін; өйткені мен оларды кешірдім, менің жүрегім мейіріділікке толы . …
«Бұнысы орындалды, Ол үн қатқанда, барша халық алға жүрді, өздерін қинаған ауруларымен, ақсақ та, мылқау да, соқыр да, басқа да әр түрлі зардап шеккені де бар. Оларды әкелген бетте Ол емдеді.»3
Керемет күшке ие мына сөздер «барша халық...алға жүрді» - «барлықбауырлар мен әпкелер. Біздіңбаршамызқиындықтармен кездесеміз. Сонда мына сөз орамы: «әр түрлі зардап шеккені де бар.» Әркім оны түсіне алады, солай емес пе?
Біздің қымбатты Пэкстон дүниеге келген соң, бізге Көктегі Әкеміз батасын беріп, арнайы сабақ беретіні бізге белгілі болды. Оның әкесі сияқты мен де оның кішкентай басына қолымды қойып, әулиеліліктің беретін көптен бір батасынан менің есіме Інжілдің тоғызыншы тарауындағы Жоханның сөздері түсті: «Қайта, оның өмірімен Құдайдың құдіретті ісі көрінбек.» 4
Құдайдың ісі уақыт өте келе Пэкстон арқылы көрсетіледі.
Біз шыдамдылыққа, жұбату қызметі арқылы ризашылық пен сенімге, шексіз уақыттағы қатты сезім толғанысына, жан ашырлық көз жасына және мінажат етіп, жақын адамдарға деген сүйіспеншілік сезіміне үйренеміз, әсіресе Пэкстон мен оның ата-анасына.
Менің бала кезімдегі қазық Президенті Джеймс Е. Фауст айтқан болатын: «Мен ата-анасын жақсы көретін, өз қиындықтарын ұмытып, психиқалық немесе физиқалық дертке шалдығып туылған баласының зардабына шыдамдылық танытқан адамдарға ерекше ризашылығымды білдіремін. Баланың немесе ата-ананың өмірінде, ол қиындықтар күнделікті көмексіз жалғасып жатады. Кей жағдайда, ата-анаға адам күші жетпейтін ешқашан күндіз-түні тоқтамайтын тәрбиелеу қамқорлығында көмек беру керек. Өзінің ерекше баласының жағдайын жасап, оның зардабын жеңілдететін көптеген ананың қолы мен жүрегі жылдар бойы ауырып келеді.» 5
Мосияда бейнеленгендей, біз барлығына жетерлік Құтқарушымыздың Пэкстон отбасына деген пәк таза сүйіспеншілігінің куәгері болдық. «Сонымен, Алма мен оның бауырларына жүктелген ауыртпалық жарық жолы болды, олар емін-еркін өздерінің ауыртпашылығын жеңіл алып жүре алатындай, Құдай оларды бекем қылып күш берді, солай, олар Құдайдың барлық еркін қуанышта шыдамдылық танытып жеткізді.»6
Бір күні Пәкстонның сәби кезіндегі алғашқы күннің түнінде, Юта штатындағы Солт Лейк Ситидегі керемет Медициналық балалар орталығының нәрестелерге арналған терапия бөлімінде болдық, онда біз тәрбиешілердің, медбикелер мен дәрігерлердің балаларға арнаған ерекше назарларына таңдана қарадық. Мен қызымнан сұрастырып, біз бұрында төлемеген болып шықтық, сондықтан мен осы жолы төлеуді ұйғардым. Бірақ қасымда тұрған дәрігер маған «төмен жолды таңдадыңыз» одан да, Пэкстонға сәл болсада көңіліңізді аударыңыз, ол сіздің ақшалай бағалағаныңыздан көре баға жетпес көмек болады деп ұсынды. Сол сәттерде біз осы емханадағы шығындардың жартысының көп бөлігі уақыттың жомарт сыйлығы мен өзгелердің қаражат көмегі екенін білдік. Мен сол кішкентай жанның құндылығын және оның қамын ойлап, қарап жатқан адамдар туралы ойланып тұрғанда, дәрігердің айтылған сөздері маған қатты әсер етті.
Мен өзіме таныс миссионерлік жазбаларды есіме түсірдім, оның мағынасы мен үшін жаңа орын алды: «Естеріңде болсын, Құдайдың көзінде, жанның бағасы тым биік.» 7
Мен біздің Көктегі Әкеміз бен Оның Сүйікті Баласы Иса Мәсіхтің әрқайсысымызға жетерлік шексіз сүйіспеншілігі туралы және біз осы Құдай жолындағы баға жетпес жанның, тән пен рух туралы ойлаған кезімде, көзім жасқа толып, жылап жібердім.
Пэкстон отбасы айналасындағы көптеген көктегі және жер бетіндегі періштелердің қызметіне үйренді. Кейбіреулері қажет болған жағдайда, үндемей тыныш жылжып шығып кетеді. Ал өзгелері есіктен тамақ алып кірді, басқасы жуатын кір киімді алып кетті, ал біреулері бауырлар мен әпкелерді ертіп келіп, жігерлі Пэкстонға қолдау көрсетіп мінажат етті. Сонымен, тағы бір арнайы сабақ болды: Егер сіз батып бара жатқан адамға келіп, ол сіздің көмегіңізге мұқтаж болса, сіз оларды қалдырып кетесіз бе, әлде секіріп судың астынан оларды алып шыққаныңыз дұрыс па? Әрдайым «Көмегім керек болса, айт маған» деген мағына, шындап келгенде, ешбір көмегін бермейді.
Біз ең маңызды мағынаны оқып білуді жалғастырып, саналы түрде айналамыздағы адамдардың өмірін байқай бастаймыз, оларға беретін көмектің маңызын ғана үйренумен шектелмей, өзгелерден де, келген көмектің сыйлаған қуанышына да қарап үйренеміз.
Құрметті Президент Томас С Монсон, сол қиындықтарға түскен адамдарға, керемет мысал келтіріп айтқан болатын: «Құдай, кімдер өзінің бауырына қолдау көрсетіп, өзі жақсы, мейірімді болуға тырысып, өзгенің ауыртпашылығын жеңілдете біліп, әлемді жақсартуға ұмтылған барлық адамдарға батасын береді. Сіздер ол адамдардың күлімсіреген жүзі де, өзгеше жарқын екенін байқадыңыздар ма? Олардың басқан қадамы айқын. Олардың айналасы қанағатқа толы, өйткені олардың өздері үлкен батаның сезімін алмай, өзгелерге көмектесе алмайды.» 8
Біз сынақтардан, тауқыметтерден, қиындықтар мен қайғы-қасіреттерден өткен кезде, біздің қамқоршы Құтқарушымыз әрдайым қасымыздан табылады. Оның бізге берген уәдесі:
«Мен сендерді жетімсіретпеймін: Мен сендерге ораламын. …
«Мен бердім, бұл дүние бергеніне ұқсас емес, Мен сендерге әлем сыйладым. Сондықтан жүректерің босап біреуің де қорықпаңдар.»9
Біздің чемпион Пэкстон үшін біз Көктегі Әкемізге ризашылығымызды білдіреміз. Сол арқылы Құдай Өз жұмысын білдіріп, бізді сол құндылыққа, қасиеттілікке және арнаулы сабақтарды оқытып, үйретуін жалғастырып келеді.
Мен өз сөзімді әнұранда айтылған сөздермен аяқтағым келеді:
Біз даудан да жоғары орынға қабылдандық;
Біз бақыттымыз! Біз бақыттымыз!
Армия сарбаздары, онда жарқын тәж сақтаулы;
Біз шыдамдылық танытып жеңіске жетеміз. 10
Бауырлар мен әпкелер, біз өз ауыртпалышылығымызды ізгілікті алып жүріп, осы уақытта арамыздағылардың ішінде кешірім керек етіп, қайғы-қасірет тартқан адамдарға мейірімді болайық. Мен соған үміт артып, мінажат етем. Әрқайсысымыз Құдайдың бізге берген батасы үшін ризашылығымызды білдіріп, Көктегі Әкеміздің алдындағы міндетімізді дәлелдей отырып, мойынсұна Оның балаларына қызмет етейік. «Иса Мәсіхтің атына, аумин»