Киелі жазбалар
Мормон Сөздері 1


Мормон Сөздері

1‑ші тарау

Мормон Нефидің үлкен парақтарын қысқартады. Ол кішкентай парақтарды басқа парақтармен қосады. Бунямин патша елде бейбітшілік орнатады. Шамамен 385 ж. Иса Мәс. кейін.

1 Ал енді мен, Мормон, ұлым Моронидің қолына жазып жүрген жазбамды тапсырғалы жатқанда, мен өз халқым, нефиліктердің түгел дерлік жойылуының куәсі болдым.

2 Міне Мәсіх келгеннен кейін көп жүз жыл өткен соң, мен бұл жазбаларды ұлымның қолына тапсырамын; Ол менің халқымның түгелдей жойылуының куәсі болады деп ойлаймын. Бірақ Құдай оның аман қалуын нәсіп етсін, олар туралы біраз жазсын, және Мәсіх туралы біраз жаза алсын, бәлкім, бір күні оларға пайда әкелетін шығар.

3 Ал енді, мен жазғандарым туралы біраз айтайын; өйткені мен Нефидің парақтарынан Амалеки айтқан осы патша Буняминнің билігіне дейінгі қысқартуларды жасағаннан кейін, мен қолыма тапсырылған жазбаларды ақтардым және мен осы шағын парақтарды таптым, ал онда Жақыптан бастап осы Бунямин патшасының билігіне дейінгі пайғамбарлар туралы есеп, сондай‑ақ Нефидің көптеген сөздері қамтылған.

4 Міне Мәсіхтің келуі туралы пайғамбарлықтардың арқасында бұл парақтардағы нәрселер мені қуантады; және менің әкелерім олардың көпшілігінің орындалғанын білді; иә, мен сондай‑ақ осы күнге дейін біз туралы пайғамбарлық етілгеннің бәрі орындалғанын және осы күннен кейін өткендердің бәрі міндетті түрде орындалатынын білемін –

5 Сондықтан, мен бұл сөздерді олармен бірге өз жазбамды аяқтау үшін таңдадым, ал қалған жазбамды Нефидің парақтарынан аламын; және мен өз халқым жайлы сөздердің жүзден бір бөлігін жаза алмаймын.

6 Бірақ міне, мен осы пайғамбарлықтар мен аяндарды қамтитын бұл парақтарды алып, оларды өз жазбамның қалған бөлігімен қосамын, өйткені олар мен үшін өте құнды; және мен олардың бауырларым үшін өте құнды болатынын білемін.

7 Ал мен мұны дана мақсат үшін істеймін; өйткені ол менің ішімдегі Жаратқан Иенің Рухының әрекеті бойынша маған осылай сыбырлайды. Ал енді мен бәрін білмеймін; бірақ Жаратқан Ие болашақта не болатынын біледі; сондықтан, ол мені өзінің еркіне сай әрекет етуге мәжбүр етеді.

8 Міне менің Құдайға дұғам бауырларым үшін, олар Құдайды қайта тануға, иә, Мәсіхтің өтелуіне қайта келулері үшін; олар қайтадан тартымды халық болуы үшін.

9 Ал енді мен, Мормон, Нефи парақтарынан алған жазбамды аяқтауға кірісемін; мен мұны Құдайдың маған берген білімі мен түсінігі бойынша жасаймын.

10 Сондықтан, міне дәл солай болды, Амалеки бұл парақтарды Бунямин патшаның қолына тапсырғаннан кейін, оларды алып, Бунямин патшаның заманына дейін патшалар ұрпақтан‑ұрпаққа қалдырған жазбалары бар басқа парақтармен бірге қойды.

11 Міне олар менің қолыма түскенше Бунямин патшадан ұрпақтан ұрпаққа берілді. Міне мен, Мормон, Құдайға олардың осы уақыттан бастап сақталуын сұраймын. Міне мен олардың сақталатынын білемін; өйткені оларда ұлы істер жайлы жазылған, сол арқылы менің халқым мен оның бауырлары Құдайдың жазған сөзі бойынша ұлы және соңғы күні сотталатын болады.

12 Ал енді, осы Бунямин патшаға келетін болсақ, ол өз халқының арасында біраз дау болды.

13 Міне дәл солай болды, ламандықтардың әскерлері оның халқына қарсы соғысу үшін Нефи елінен шықты. Бірақ міне, Бунямин патша әскерлерін жинап, оларға қарсы тұрды; және ол өз қолының күшімен, Лабанның семсерімен шайқасты.

14 Міне олар мыңдаған ламандықтарды өлтіргенше, Жаратқан Иенің күшімен жауларына қарсы күресті. Міне дәл солай болды, олар ламандықтарды өздеріне тиесілі барлық жерінен қуып шыққанша оларға қарсы күресті.

15 Міне дәл солай болды, жалған Мәсіхтер пайда болғаннан кейін, және олардың ауыздары жабылып, қылмыстарына қарай жазаланды.

16 Міне халық арасында жалған пайғамбарлар, жалған уағыздаушылар мен ұстаздар пайда болған соң, және олардың барлығы қылмыстарына сәйкес жазаланды. Ламандықтардың арасында көптеген дау‑дамайлар мен келіспеушіліктер болған соң, міне, Бунямин патша өз халқының арасында болған қасиетті пайғамбарлардың көмегімен –

17 Өйткені міне, Бунямин патша қасиетті адам және ол өз халқына әділдікпен билік етті; және елде көптеген қасиетті адамдар болды, және олар Құдай сөзін күшпен және билікпен жариялады және олар адамдардың қаталдығынан көп өткірлікті қолданды –

18 Сондықтан, осылардың көмегімен Бунямин патша өз денесіндегі бар күшіменен және бүкіл жанының қабілетімен, сондай‑ақ пайғамбарлардың көмегімен елде тағы да тыныштық орнатты.