Алдымен байқап, содан соң қызмет көрсет
Тәжірибе жинай отырып, Құдайдың балаларына қызмет ете, Құтқарушымызға деген ұқсастығымыз жақындай түседі.
Біздің ең ұлы куәгерлігіміз бар, ол біздің сүйікті Президент Томас С. Монсон таңдап алынған Құдайдың қызметшісі, ол өзінің жеке қызметінде Құдайдың көрсеткен үлгісімен жүріп, үйренді. Сол біз су рәсімін өтіп, суға кірген әрқайсысымызға да, бұл өсиет берілген. Бізге берілген өсиет, ол (Құтқарушыны) «әрқашан есте сақтап, Оның өсиеттерін орындау» және Ол бізге: «бұл Менің өсиетім,1Мен сендерді қалай сүйсем, сендер де бір-біріңді солай сүйіңдер»2деді.
Президент Томас С. Монсонның сөздеріне назар аударыңыздар, олар да сол шақырудың белгісі болып табылады: «Біздің назарымызға, көмегіміз бен мейірімділігімізге мұқтаж адамдардың арасында өмір сүреміз… Біз жер бетіндегі Құдайдың көмекшісіміз және қызмет етуге мандаты бар, біз балаларды өсіріп, жеткізуіміз керек. Ол әр адамның өзіне байланысты».3
Бір-біріңе сүйіспеншілікпен қараңдар деген сөзді естідіңіздер ме? Кейбір жазасын өтеп жатқандар немесе біреуге қызмет еткен адамдарға Құтқарушының үлгісімен өмір сүру оңайға соқпайды. Бірақ біз Құдайдың балаларына қызмет ете тәжірибе жинап, әрқайсысымыздың Құтқарушыға деген ұқсастығымыз жақындай түседі. Біз бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді өсіру үшін, мен сіздерге мына сөздерден тұратын сөйлемді есте сақтауды ұсынамын: «Алдымен байқап, содан соң қызмет көрсету».
Осыдан 40 жыл бұрын күйеуім екеуміз жұмаға белгіленген күні ғибадатханаға бардық. Біздің некеге тұрғанымызға аз ғана уақыт өтті, сондықтан, мен аздап уайымдап тұрдым, өйткені бұл жас жұбай ретінде ғибадатханаға менің екінші келуім болатын. Менің қасымда отырған әпкенің біреуі байқаған болуы керек. Ол еңкейіп құлағыма «Сабырлық сақтаңыз. Мен сізге көмектесем», деп сыбырлады. Менің қорқыныш сезімім тарап, ғибадатханада өткен қалған рәсімдерден ляззат алдым. Ол алдымен байқап, содан соң қызмет көрсетті.
Біз баршамыз Исаның ілімдерін қабыл алып, өзге адамдарға қызмет етуге шақырылдық. Бұл шақырылу мейірімділік әпкелердің қызметімен ғана шектелмейді. Мен сіздерге шіркеудің бір мүшесінің күнделікті қызметіндегі үлгісін мысал қылып келтіріп көрсетейін, олар Исаның ілімдеріне бойсұнып, алдымен байқап, содан соң қызмет етіп үйренгендер.
Бастапқы қоғамдағы алты жасар баланың айтқаны: «Мен қосымша сыныпқа қабылданған кезімде, менімен бірге жұмыс істейтін бір баланы таңдауым керек болды. Сонда мен (сыныпта өзімді кемсітетін баланы) таңдадым, өйткені, оны ешқашан басқалар таңдамас еді. Мен оған жақсы әсер еткім келді».4
Бұл бала нені байқайды? Ол сыныптағы бұзақы баланы ешкім таңдамайтынын байқады. Қызмет ету үшін ол не істеді? Ол жай ғана қосымша сыныпта оны өзінің досы қылып таңдады. Иса бізді «Жауыңды жақсы көр, өзіңді қудалағанға Құдайдан жақсылық тіле, оны қарғамай ақ батаңды бер» деп, үйреткен».5
Үлкен тармақта Харұн Әулиелігін ұстанушылар алдымен бақылап, қазіргі уақытта айтарлықтай қызмет көрсетуде. Әр апта сайын көптеген жастар жиналыс үйіне ерте келіп, күннің ыстығына, жаңбырлы күн мен қарлы күнге қарамастан, үлкен тармаққа келетін көптеген қарт адамдардың келуін күтіп, қарсы алады. Олар мүгедек адамдардың арбасын көтеріп, оларға қолғабыс беріп, көліктен түсіріп, шыдамдылық таныта, ақ шашты қарт адамдарды ғимаратқа жетелеп шығарып салады. Олар Құдай алдындағы өз борышын адал орындайды. Олардың бақылап, содан соң олардың істеген қызметтері, нағыз Құтқарушының ілімдерінің бірі «Кіші бауырымның кішісінің біріне істеген жақсылығың Маған істегенің»6 деп, айтылғанның шынайы үлгісі болып танылады. Жастарды оқыту бағдарламасының жаңа құралы Исаға қызмет ету жолындағы осы жастардың көзі анық үлкен мүмкіндіктерге ашады.
Бақылау мен қызмет кейде аса мұқият болуды талап етеді. Александрия атты жас әйел өзінің туысы Медисон аутизм ауруына шалдыққанның кесірінен өзінің жеке жетістіктерін орындай алмағанын байқады. Александрия оның тармағындағы жас әйелдермен бірігіп, ол өзі істей алмайтынды жетекшілеріне кеңес беріп, Меддиге қолғабыс көрсетуді шешті. Медди марапатқа жету мүмкіндігін алуы үшін, әр жас әйел оның жеке іс жоспары мен жобасының жарты бөлігін аяқтап отырды.7
Сол жас әйелдер ана ретінде және мейірімділік қоғамының әпкесі ретінде озық болып өрлейді, өйткені олар алдымен бақылап, содан соң қызмет көрсетіп мейірімділік жолдарын үйренуде.
Президент Монсон бізді ескерткен болатын: «мейірімділік, ол Исаның8ізгі сүйіспеншілігі» немесе өзге сөзбен айтқанда, ол бақылу мен қызмет – «нақты егде жастағы жесір әйелді еске түсіріп және тармақ міндеттерін қабыл алып немесе әпкеміз жалғыз отырған кезде, мейірімділік қоғам – «кел - бірге отыр бізбен»9деп, шақыруды қабыл алған кезде. Бұл жерде айтылған алтын сөздер орынды: «Барлық істе де, басқалар (немесе әйелдер) өздеріңе қалай істесін десең, сен де оларға солай істе».10
Бақылай білетін күйеу маңызды екі бағытта қызмет етті. Оның әңгімесі:
«Мен жексенбі күні Бастапқы сыныптағы толық жеті жасқа толған белсенді балалардың сабағында әйелімнің көмекшісі болдым. Бастапқының бірінші бөлігінің уақыты басталып кеткенде, мен белсенді мүшенің біреуі бүгіліп, орындықта өзін аса жақсы сезінбей отырғанын байқадым. Рух маған ол бала өзін жайсыз сезініп отыр деп сыбырлады, сондықтан мен қасына барып отырдым да, ақырын не болды деп, сұрадым. Ол маған жауап бермеді … ,сонда мен оған ақырын ән айта бастадым.
Біз әнді орындаған кезде, Бастапқыдағылар жаңа әнді үйренген болатын, «Егер мен Құтқарушының дауысын шын жүрегімнен естісем» деген сөздерді естігенде, мен өзімді жарқын сезіп, жаным жылы сезімге толды... Мен Құтқарушының сол бала мен маған деген сүйіспеншілігінің куәгері болдым... Біз бір кісіге қызмет еткен кезімізде, біз Құтқарушының қолы екенімізді түсіндім.»11
Бұны Мәсіх бауырымзға жеті жасқа толған белсенді балалар сыныбында тек қана әйеліне көмек керек екенін ғана байқатып қоймай, ол оған жеке түрде көмек керек болған балаға қызмет көрсету мүмкіндігін берді. Ол Құтқарушының бізге «Сен байқаған Менің жұмысым болса, оны да орындауың керек»12 деп, айтқанын орындады.
Соңғы уақыттағы топан сулар Иса Мәсіхтің ізбасарларына алдымен бақылап, содан соң қызмен көрсету көптеген мүмкіндіктерін ашты. Ер адамдар, әйелдер, жасөспірімдер мен балалар қираған кәсіпорын мен тұрғын үйлерді көріп, сол бұзылған құрылысты қалпына келтіріп тазалауға көмектесу үшін, барлығын тастады. Кейбір бақылаушылар кір жуатын орын дайындау керек деп, көмектесті. Өзгелері сүреттерді, бағалы құжаттарды, хаттарды, басқа да маңызды құжаттарды мұқият тазалады, сондықтан барлығын сақтап қалу үшін, оларды жинақы кептіріп, іліп қойды. Бақылап, содан соң қызмет көрсету өзіміздің уақыт кестемізге әрқашан сәйкес келе бермейді.
Үйде алдымен байқап, содан соң қызмет көрсетуге не жетсін? Аға Ричард Г. Скоттың өмірінен келтірілген сүреттеме:
«Бір түнде, біздің кіші баламыз Ричардтың жылаған дауысы бізіді оятты. ... Әдетте, әрдайым менің әйелім тұрып, жылаған балаға қамқорлық көрсететін. Бірақ, осы жолы мен оған: «Мен өзім оның қасына барам» деп, айттым.
Баламның қиындығы, ол жылаған кезде оның кішкентай жүрегінің соққысы тым жылдам соға бастайды. Ол төсектегі көрпені лақтырып тастағысы келді. Сол түні мен оны қасыма жақын ұстап, оның дүрсілдеген жүрек жылдамдығын басып, жылағанын тыныштатуға тырыстым. Содан соң, оның киімі мен ақжаймасын ауыстырдым. Ол үйықтап қалғанша мен оны қолыма құшақтап отырдым. Сол кезде, мен оның бірнеше ай өтісімен кететінін білген жоқ едім. Мен оны қолыма ұстап, құшақтап отырған сол түннің ортасы мәңгі менің есімде сақталып қалады.»13
Иса «Қайсың ұлы болғысы келсе, сол өзгелеріңе қызмет ете берсін»14 деп, айтқан.
Кейде, біз сол сәтте қажет болғандықтан, қызмет ету қажет болғандықтан емес, өз қалауымыз бойынша қызмет көрсетуге талпынамыз. Аға Роберт Д. Хейлз өзінің әйеліне алған сыйлықтың бір бөлігімен құнтты өмір ұстанымын үйретті. Әйелі одан: «Сіз бұны маған әлде өзің үшін алдың ба?»15 деп, сұрады. Егер сұрақты өзімізден біз қалай қызмет етеміз және «Бұны біз Құтқарушыға әлде өзім үшін, істеп отырмын ба?» деп, сұрасақ. Біздің қызмет Құтқарушыға қызмет еткенге ұқсас. Құтқарушы сұрақ қойғанда, біз: «Нені қалайсыз, мен сіз үшін не істей алам?»16деп, сұрауымыз керек.
Бірнеше апта бұрын. Көптеген тізім беттерін қарағанға мен қатты шаршап, асығып тұрдым. Сол күні мен ғибадатханаға баруым керек болды, бірақ менің қолым бос емес деп, ойладым. Ғибадатханада, қызмет көрсетуге уақытым жоқ деген ой басыма келген кезде, ең маңызды нәрсені істеуім керектігін есіме түсіріп, ояндым. Мен жұмыс орнымнан кетіп, Солт Лейк Сити ғибадатханасына қарай кеттім. Қызық, сонда мен жоғалтқан уақытымды қайтып қайтармақшы едім. Маған шыдамдылық пен рақымшылық етіп, сол күні маған жақсы сабақ берген Құдайға ризашылығымды білдірем.
Мен арнау рәсімін өткізетін бөлмесіне кіріп отырған кезімде, жас әпке маған еңкейіп: «Мен қатты қобалжып тұрмын. Бұл менің ғибадатхана екінші рет қана келгенім. Маған қолғабыс бере аласыз ба?» деп, қастерлей құлағыма сыбырлады. Маған дәл осы сөздерді есту керек болғанын ол қайдан білді? Ол білген жоқ, бірақ Көктегі Әкеміз білді. Ол маған бұның қажет екенін байқады. Маған қызмет көрсету қажет болған. Ол жас, қарапайым әпкені жіберіп, мені оған қызмет көрсетуге шақыртып, әрекет етті. Сеніңіздер, одан көп пайдаға ие болған тек жалғыз мен ғана болдым.
Мойындаймын, мен менің отбасыма көптеген жылдар бойы көп адамдардың қызметі үшін, Мәсіхке үлкен ризашылығымды білдіремін және шын жүректен аянбай қызмет көрсетіп жүрген менің сүйікті күйеуім мен отбасыма ризашылығымды білдірем.
Мүмкін, біз баршамыз алдымен бақылап, содан соң қызмет көрсетуге тырысамыз. Біз солай істеп біз өсиеттерді ұстанамыз, сонда Президент Монсонның істеген қызметі сияқты біздің шәкірттік қызмет куәгерліктің кепілі болады. Мен білемін Құтқарушымыз тірі және Президент Монсон біздің пайғамбар. Иса Мәсіхтің атына, аумин.