2010–2019
Жүрегімізбен үйрену
Қазан 2012


Жүрегімізбен үйрену

Мәсіхке келу жолдарының бірі болып маңызды ақиқаттарды шын жүрекпен іздеу болып табылады.

«Сендер көріп және сезу мүмкіндігін алу үшін, маған келіңдер».1 Бұл көне Америка тұрғындарына берілген Құтқарушыдан деген өсиет. Исаның Мәсіх екенін олар өз қолдарымен сезіп, өз көздерімен көрді. Бұл өсиет көне замандағы адамдарға ғана маңызды болып қоймай қазіргі таңдағы адамдарға да маңызды. Егер де, біз Мәсіхке келсек біз оны сезіп және көре де, «нақты біле аламыз»2 – тек қолмен және көзбен ғана емес әрі бүкіл жүрегімізбен және ақылымызбен біліп сезе аламыз.

Мәсіхке келу жолының бірі ең маңызды ақиқаттарды жүрегімізбен іздеу болып саналады. Егер біз сөйтіп істесек,басқа тәсілмен ала алмайтын білім Құдайдан келетін сезімдер арқылы ала алатын боламыз. Петір Апостолы, Исаның Мәсіх екенін, Құдайдың Ұлы екенін білген. Құтқарушы Петірдің білу жолы « тән және қан емес...бірақ көктегі Мәңгілік Әке» 3 болғанын түсіндірді.

Сондай Құдайдан келген сезімдердің рөлі туралы Авинадий пайғамбары түсіндірді. Ол бізге киелі кітаптарды шын жүректен үйренбесек, онда түк үйрене алмайтынымызды оқытты.4

Бұл ақиқат әйгілі Антуан де Сэйнт-Егзуперимен жазылған Кішкентай Ханзада, атты балаларға арналған кітабында керемет айтылған еді. Сол кітапта, Кішкетай Ханзаданың түлкімен достығы басталады. Кетіп бара жатып, түлкі онымен шағын құпиясымен бөліседі. Түлкі оған: «Мінекей менің өте қарапайым құпиям … : Тек жүрекпен ғана адам дұрыс талдай алады; өте маңызды нәрсе көзге көріне қоймас».5

Сексен сегіз жастағы Томас Коелхо бауырымыздың керек заттарды жүрегімен көре алатынның жақсы үлгісі. Ол Пайсанду Уругвайдағы біздің жоғарғы кеңестің мүшесі болған еді. Ол сенімді Шіркеу мүшесі болмай тұрып, бір мотоцикілін айдап келе жатып, аварияға тап болды. Жерден тұра алмай жатқан жерде ол екі миссионер өтіп бара жатқанын көрді. Олар оған тұруға және үйіне жеткізуге көмектесті. Куелхо бауырымыз миссионерлер келіп көмектескенде, бір ерекше сезімдерді сезгенін айтты. Кейінірек миссионерлер келіп сабақ берген кезде, ол тағы да ерекше сезім сезді. Бұл сезімдердің мықты болғаны соншалық, ол Мормон Кітабын түгел бір-екі күн ішінде оқып шықты. Коелхо бауырдың сезімімі оны су рәсіміне алып келгенін түсінді. Сол күннен бастап, ол бүкіл сенніммен шаршамай қызмет етті. Мен оның қаламыздың көшесінде біздің Уругвайдық жаңбырлы күні болса да, ары бері мотоцикілімен жүріп адамдарды Мәсіхке шақырып жүргеніне куә болдым. Коелхо бауырдың сезімдері оның Исаға келуіне үлкен рөл атқарды.

Қазіргі таңда біз миллиондаған интернет жүйесін басқара отырып, бүкіл керекті сұрақтарға жауап береді дейтін көптеген ақпаратпен қоршалғанбыз. Біз интернет желісінде жақсы әрі жаман ақпаратты табуымыз мүмкін, бірақ ақпараттың өзі жеткіліксіз. Құдай бізге басқа Көктің, білім6 қайнарын берген. Бізге Көктегі Әкеміз аспандағы желіні жүрегімізде және ақылымызда басқара алатындай білім бере алады. Пайғамбар Жозеф Смит айтқаны: «жүрегіндегі ең көне кітап, бұл Киелі Рух Қасиеті». 7

Біз осындай целестиалды білімге қол жекткізуіміз үшін, киелі кітаптарды оқу арқылы қазіргі таңдағы пайғамбарларды тыңдау және дұға кылу арқылы іске асырылады.Осыған қосымша ретінде, сабыр болып8 және целестиалды сезімдерді сезу және сол сезімдердің айтқанын істеу өте маңызды. Егер де, біз осының бәрін істесек, осы заманның технологиясы арқылы үйретілмейтін нәрселерді «сезе және көре» алатын боламыз. Целестиалды желіні басқару тәжірибесін жетілдіре, біз қарапайым тарих болсын немесе басқа тақырып болсын, ақиқатты талдай алатын боламыз. Шынайы ақиқат іздегіштер бүкіл ақиқатты Киелі Рух күші арқылы біле алатын болады.9

Ал қазір ескерту: целестиалды желі заңсыздықпен және Құдайды ұмытумен ғана құртылады. Нефий өзінің бауырларына олардың Құдайдың «сөзін сезе» алмағандығын, өйткені олар «заңсыздыққа шапшан, Құдайды есте сақтауға баяу» 10екенін айтты. Заңсыздық біздің көру,сезу,және басқаларды сүю қабілетімізге тосқауыл қояды. Құдайды «шын жүректен» 11дұға қылу арқылы, ақылымызға деген рухани тәжірибемізді алып келу арқылы шапшан есте сақтау біздің Мәсіх істерін көру, сезу қабілетін нығайтады. Ал қазір сендерден сұрайтыным:

  • Көптеген қиыншылықтарыңның әсерінен Құдайға жығылып, дұға қылғаннан кейінгі бейбіт сезімің есіңде ма?

  • Өзіңнің жоспарлаған жоспарыңды жүрек сезімінің әсерінен өзгертесің бе?

Мормон Кітабындағы бір керемет адам, бізге деген рухани тәжірибе алуға деген үлкен ықпал ету рөлін атқарды. Алма болса, өзінің балаларының сенімін және қорғанысын күшейте, өзінің Құдай жолына түскен тәжірибесін естеріне салды. 12Геламан болса, Нефийді және Легийді тек Мәсіхтің тасында ірге тасты қалау керектігін, сонда азғырушының мүлдем біздің үстімізде күші болмайтындығы туралы үйретті.13 Біз де солай істеуіміз қажет. Құдайды есте сақтау бізге деген сезіп және өмір сүруге көмектеседі. Бұл енді бізге Вениаминнің сөзін түсінуге жан береді: «Ал енді, О адам, осыны есте сақта да, өлме». 14

Өмірімдегі ең киелі кезіңінің бірі болып, Мормон Кітабының Құдай сөзі екеніне көзім жеткен кез болды.Сол күні мен сезіп қана қоймай, нақты білім алдым, басқа жолмен бұл куәні мен ала алмас едім. Сөзбен баяндауға мүмкін емес қуанышты сезе алатынымызға көзім жетті. Осындай естеліктер маған қиыншылық кезіндегі тірегім ғана болмай, әрі мәңгілік алғысым болып табылады.

Кімде-кім білімді тәннен және қаннан алмай, Көктегі Әкеден алатын болса, онда ол дәл нақты Исаның Мәсіх екенін және бұл Оның Шіркеуі екенін біле алады. Сол нақты білім бізге Мәсіхке келу үшін, әрі керекті өзгерістер енгізуге күш-қуатпен қамтамасыз ететін болады. Осы себептен кез келген және әр жанды біз су рәсімінен өтуге, күнәдан арылып, Оған бет бұрыуына шақырамыз. 15

Исаға келу арқылы, біздің мәңгілік өмірге лайықты болу үшін, әр жан Исаның біздің күнәларымызға деген өтеуі арқылы басынан өткен қиыншылықтар мен азаптарды көріп, сезе алады. Егер біз күнәмізден бас тартсақ, мұқтаждықта қиналмаймыз.16 Исаның арқасында, жараланған жандар сауығып, сынған жандар қайта өз қалпына келе алатын болды. Ол жазбайтын немесе жеңілдететін ауыртпашылық жоқ. Ол біздің қиыншылығымыз бен мұңымызды біледі. Мен сіздерге уәде етемін, егер бүкіл есіктер сізге жабық сияқты немесе өмірде бәрі құлап бара жатқандай көрінсе, Ол сені құлатпайды. Өміріңде неге тәуелді болсаң да, депрессия болсын, тағы басқа да нәрсе болсын, Ол сенен бас тартпайды. 17 Ол өзінің адамдарына қалай көмектесу керектігін біледі. Некелер және отбасылар қандайда болсын себеппен қиыншылықтарға тап болып жүрсе- не экономикалық болсын,бұқара ақпарат құралының жаман әсері болсын мұның бәрі орнына келіп, тыныштық ықпалы Көктен келіп тыныштатады. Оның «қайта тірілгенін» және «Оның сауыққан нұрын»18 бізге «сезініп, көру» қуаныш, өйткені Оның арқасында, біз қош кеткен сүйіктілерімізбен қайта көрісіп, қауышатын боламыз. Оның жолына түскен біздер сауығу марапатына ие болатыны, ақиқат.19

Мен сенімдімін, бұның бәрі ақиқат екенін білемін. Көне Американың тұрғындарына айтылған: «Осана! Ең Жоғарғы Құдіретті Құдайдың аты шықсын!» сөзіне өз дауысымды қосамын.20Ол бізге құтқарушылық береді. Мен білемін Исаның Мәсіх екенін, Киелі Мессия. Ол Құдіретті Құдай, біздің Құтқарушымыз, және Өтеушіміз. Иса Мәсіхтің атынан, әумин.