Қайда шатыр?
Шатыр кейде, Құдайдың көмегіне кедергі болып көрінгенімен, ол Құдайды бізден жаппайды, бірақ кейде бізді жабады. Құдай бізден ешқашан тығылған емес, бірақ біз кейде солай істейміз.
Либерти абақтысында пайғамбар Жозеф Смиттің жан дүниесі қатты қиналып айқай салды: «О Құдайым, қайдасың Сен? Сенің құпия орынды жабатын шатырың қайда?». Арамыздағы1 көпшілікке мәлім, жеке күйде қатты қиналып қалған кезімізде, Құдайдың бізден алыстап кеткен сияқты сезімі келеді. Құдайдың көмегін іліп алатын сияқты шатырдың әсері Құдайға тарамайды, бірақ кейде бізді құрсауына алады. Құдай бізден жасырынған емес, жабық шатырдың астындағы біздің мінажат, бізді Құдайдан алыстатып, шек қойылған сияқты болып көрінеді. «Сенікі болсын»2 деген сезім емес, жеке өз қалауымыз шатырдың астындағы бізге Құдайдан шет қалған сезімін тудырады. Құдай бізді көріп, бізбен байланыс орната алмаса, мүмкін біз Оның еркі мен Оның берген уақытына бағынып, құлақ аспайтын шығармыз.
Біздің сезіміміз Құдайдан алыстаған сайын кішірейеді, өйткені біз Оның алдында балаға айналғандай боламыз. Өзге адамзаттың пікірі біздің себепке қатты әсер беретін мүмкіндігі бола тұрып, бұл дүниеде оңай бола қоймас. Бірақ, бұл ақиқат көзін ашуға бізге көмектеседі. Құдай біздің жанымызда және Ол ешқашан Оған сенген Өз балаларынан жасырынған емес.
Менің үш жасар немерем Құдаймен байланыс орнату үшін, өзінің пәктігі мен бойсұнуының күшін көрсетті. Ол Юта штатындағы ашық үй Бригам Сити ғибадатханасына өзінің отбасымен бірге барды. Ол ғибадатханадағы бөлмелердің бірінде айналасын көзімен шалып, «Апа Иса қайда?» деп, анасына сұрақ қойды. Оның анасы оған мен Исаны ғибадатханада көре алмаймын, бірақ Оның әсерін жүрегімде сезе аламын деп, түсіндірді. Элиза анасының берген жауабын анықтап қарастыра, риза болған сияқты болды. Ол: «Ия, Иса біреуге көмек көрсетуге кеткен ғой» деп, қортындылады.
Жоқ, Елизаның түсінігі мен шындыққа деген көз қарасына шатыр кедергі болған жоқ. Құдай оған жақын, ол өзін Оның қасында екенін сезді. Ол ғибадатхана Соның үйі екенін біледі және ол қайта тіріліп, даңқты болған тәні бар Иса Мәсіх бір мезетте3бір жерде ғана бола алатынын түсінеді. Егер Ол Өзінің үйінде болмаса, онда Ол басқа жерде болғанын мойындады. Әмбе, Құтқарушы туралы оның бар білгені, ол бір жерде Құтқарушы Өз Әкесінің балаларына жақсылық жасайтынын білді. Элиза Оның болмысын білдіретін керемет дәлелін емес, жай ғана Исаны жақсы көргендіктен көргісі келіп, үміттенгені анық.
Рух, біздің баршамызға жайлылық қажеттісін оның кішкентай ақыл ойы мен жүрегіне ашуы мүмкін. Иса Мәсіх тірі, ол бізді біледі және бізді бақылап, бізге қамқорлығын береді. Қиын кезеңде, жалғыздық пен адасқан уақытта, Иса біздің жағдайымызды білу үшін немесе Оның миссиялық батасын алу үшін, Оны көру қажет емес.
Өз өмірлік тәжірибемнен білетінім, Элизаның өмірі жылдар өтіп, балалық шақты қалдырған біздің өмірге ұқсас болуы мүмкін. Менің алғашқы мансап жылдарымда, мен Стэнфорд Университетінде тер төгіп, штат профессоры болып еңбек еттім. Мен өз отбасым мен өзіме жақсы өмірді қамтамасыз еттім деп, ойладым. Біз менің әйелімнің ата-анасының қасында жайлы жағдайда өмір сүрдік. Әлем үлгісі бойынша, мен жетістіктерге жеттім. Бірақ, Шіркеуден маған Калифорнияны тастап, Айдаходағы Рексбургтегі Рикс колледжге ауысу мүмкіндігі берілді. Мүмкін, менің кәсіпкерлік мақсатыма шатыр жабылып, мен үшін болашақта ненің жақсы екенін білетін Көктегі Әкемнен алыстатқан шығар. Бірақ мен Оның батасын алғанымды жақсы білдім, өйткені барлық менің жетістігім және отбасым сол уақытта мен үшін, Құдайдың маған берген сыйлығы болатын. Солай, мен бала секілді, тізерлеп мінажат етіп, мен енді не істеуім керек деп, сұрадым. Мен сыбырлаған дауысты басымда еститін күйде болдым, ол маған: «Бұл сенің мектебің» деді. Шатыр маған Құдайды естуге кедергі бола алмады. Жан тәніммен сеніп бойсұна, мен өзімді Құдайдың қолына тапсырдым. Сонда мен Оның қамқорлығы мен жақындығын сезіндім.
Рик колледжіндегі жылдарымда, мен Оның еркін орындауға тырысқан кезімде, мен үшін шатыр бірде жарқын, бірде Құдайдың белсенді рөлін менің өмірімде белгісіз қылып отырды. Мен Оның жұмысын орындап тырысқаным сайын, Оны қасымда сезініп, сенімді бола бастадым. Өйткені, Ол менің істерімді біліп, менің бақыты болуымды қолдайтын. Стэнфорд Университетінде сияқты менің пендешілік себептерім өзін білдіре бастады. Оның біреуі Рикс колледжінде бесінші жылды мен президент ретінде аяқтағандықтан, тартымды жұмысты жалғастыру ұсынысы болды. Мен жиі ойланып, ол туралы мінажат етіп, Бастапқы президенттігімен де талқылаған болатынмын. Олар маған жылы да, сәл әзілдеп, бірақ қандай да бір кеңес берген жоқ. Президент Спенсер В. Кимбалл менің оған үлкен қоғамнан алған ұсынысым туралы айтқанымды тыңдап, маған: «Ал, Хэл, бұл сіз үшін жақсы мүмкіндік! Егер сіз бізге бір кездері қажет болсаңыз. Біз сізді қайдан іздеп, табу керектігін білер едік». Олар мені қайдан іздеп, табу керектігін біледі. Бірақ, менің кәсіпкерлік жетістікке жету мақсатым - Құдайға бойсұнып, құлақ салып және Оның шақырған қызметін орындауға қиындық тудырып, маған шатыр кедергісін ілуі де мүмкін еді.
Менің әйелім бұны естіп, біз ешқайда көшпеуіміз керек деген шабыт алды. Рикс колледжі. «Ол мен үшін жақсы» деді. Бірақ, мен өз аянымды іздеуім керек деп, мені ақылға салды. Мен қайтадан мінажат еттім. Осы жолы мені бағытқа салған дауыс естідім, ол маған: «Мен сені Рикс колледжде біраз уақыт жұмыс істеугемүмкіндікберем» деді. Менің өз жеке мендігім шындыққа деген көзқарасымды торлап, аян алуыма қиынға түсіретін еді, бірақ Құдай менен жасырынған жоқ. Мен шынайы сеніммен, бойсұнып, іздеудің жолында жүргенде, Ол маған жауабын беруге дайын болды.
Мен Құдайдың батасын алғаннан кейін маған ұсынған жұмыстан бас тартып, Рикс колледжінде қалған соң, отыз күн өтісімен жақын маңайдағы Тетон бөгеті жарылды. Тетон бөгеті жарылып, адамдар көмекке мұқтаж болатынын Құдай білді. Ол маған ақылдасуға мүмкіндік беріп, Рикс колледжінде маған қалуға рұқсатын берді. Бірақ, тек қана Құдай менің қызметім колледж бен Рейхсбургте әлі де, қажет болатын себептерін білген болатын. Мен жиі Көктегі Әкемізге мінажат етіп, заттары мен өмірлері бұзылған адамдарға менің қандай көмегім қажет деп, сыйындым. Сағаттар бойы мен адамдармен бірге жұмыс істеп, үйлерді су мен балшықтан тазаладым. Оның еркін орындауға деген менің талпынысымда, Оның әсері менің өмірімді шындыққа айналдырды.
Бұл біз Құдайды танып, білуде кедергілер қоя алатындығымызды немесебіздіңөз кестемізді талап ете, Оның бізге деген сүйіспеншілігін бейнелейтін өзге жолын көрсетеді. Мен Рейксбург колледжінде жеткілікті қызмет етіп, ісімді жалғастырамын деп, ойладым. Кейде, біздің шыдамсыздық пен өз кестеміз бойынша жасаған әрекетімізде, Оның еркі бізге жасырын қалады.
Либерти абақтысында Жозеф Смит Құдайдан Миссури штатындағы шіркеу мүшелерін қудалаған адамдардың жазасын бер деп, сұрады. Оның дұғасы дереу және нақты жазаға тарту болды. Бірақ, Құдай оған: «көп жылдар емес, бұдан былай»4 Ол Шіркеудің сол жауларымен ісі болады. Ілім мен Өсиеттерде жазылған 24 пен 25-ші өлеңнің 121-ші бөлімінде, Оның айтқаны:
Міне, Мен олардың барлық ісін көріп және білемін, Мен олардың барлығын өз кезегінде соттаймын.
Әмбе, әр адамның істеген ісімен уақыт белгіленген.5
Бізді сезім қоршап мінажат еткен кезімізде, шатырды итеріп: «Сен белгілеген уақытта» және «Сенің дегенің болсын». Бұл жақын арада болуы тиіс, өйткені, Оның бізге тек жақсылық тілейтінін білеміз.
Менің бір келініме бірнеше жыл бойы Құдай оның үстінен шатыр жауып қойған сияқты болып көрінді. Ол үш балалы жас ана тағы балалы болғысы келді. Екі түсіктен кейін оның сыйынуы күшейе түсті. Бала көтере алмағанына бырталай жыл өтті, ол ашудың арбауына ілінді. Оның ең кіші баласы мектепке барған кезде, үйдің аңырап қалған күйі оның аналық сезімін бопсалағандай болды. Әуелі, оған таныс адамдардың жоспарламай құрсауына бала біткені де. Ол өзін Мэри сияқты жарқын сезініп, оның айтқан сөзіндей, «Мінеки, мен сенің құлыңмын Құдайым»6 деді. Бірақ, ол шын жүректен айтса да, оған ешқандай жауап естілмеді.
Оған рухани қолдау көрсету үшін, оның күйеуі жұмыс бабымен Калифорнияға бара жатып, оған бірге баруды ұсынды. Күйеуі жиналыста отырғанда, ол керемет жағажайда жалғыз өзі серуендеп жүрді. Оның жүрегі жарылуға дайын болып, ол мінажат етті. Осы жолы ол алғашқы рет балалы болуды емес, Құдайдың қалауын сұрады. «О Тәңірім» деп, ол: «Мен өзімнің бар уақытымды Саған жұмсаймын, тек соны қалай толтыру керектігін көрсете гөр» деп, жалбарынды. Ол өз отбасын алып, көмек керек болған жерге баруға даяр болды. Бұл мінажат оның жанын тыныштандырды. Бұл оның ойындағы шөлді аса қанағаттандырмаса да, көп жылдан бері алғашқы рет, оның жүрегінде тыныштық орнады.
Мінажат шатырды итеріп, аспанға жол ашты. Екі апта арасында ол жүкті болғанын білді. Менің ұлым мен келінімді миссияға шақырған кезде, бала бір жасқа ғана толған еді. Ол уәдесінде тұрып, қай жаққа болсын барам деген, ол қорқынышты артта қалдырып, балаларын алып, шеттегі елге кетті. Мииссионерлер өзге орынға көшер күні, ол миссия алаңында тағы да, балалы болды.
Кейде, біз басымыздың үстіне қойған рухани шатырды алып тастауымыз үшін, осы жас әйел сияқты Құдайдың қолына беру маңызды болып келеді. Бірақ, ол сіздің дұғаңызға дереу жауап келетіннің кепілі емес.
Ыбрайымның жүрегі ұзақ уақыт бойы Сара Ысқақты дүниеге әкеліп, оларға уәде етілген өздерінің жерді алғанша, ақ ниетті болды. Бұл мақсаттың бағытына Ыбырайым мен Сараның сенімдіктері ғана емес және олар үшін, жер бетінде дайындаған ұзақ жолда олар мәңгілік ақиқатты танып біліп, өзгелермен бөлісу де кіреді. Құдайдың күттіргені жиі ұзақ болып көрінуі мүмкін, кейде өмір бойы. Бірақ, олар әрдайым батасын алады. Ол уақыттар ешқашан оқиға, жалғыздық пен қайғы немесе шыдамсыздыққа айналмауы керек.
Кейде, Ол өз уақытын бізге әрдайым бөлмесе де, Құдай Өз уәдесін орындайтынына біз сенімді болуымыз керек. Қандай да бір адамның Оған қол жету мүмкіндігі қиынға соққаннын сезінсе, уәде етем сіздерге, Оның жүзін көретін күніміз де, келеді. Сонда бізді Оның ажарынан жасырып, Ол туралы біздің түсінігімізге кедергі еш нәрсе бола алмайды. Біз баршамыз Оның алдынан өтеміз. Менің немерем сияқты біз Иса Мәсіхті қазір көреміз, бірақ біздің Онымен сот алаңында кездесуіміз жаңға жайлі болар, егер біз алдымен Оған белгілі затты біз әдетке айналдырып, орындайтын болсақ. Оған қызмет етсек, біздің Оған деген ұқсастығымыз жақындап, сол күн келер кезде, біздің көз қарасымызды ешнәрсе жасырмай біздің арақашықтығымыз жақындайды.
Бұл Құдайға деген қозғалыста үнемі негізгі тірегі болуы мүмкін: «Келіңдер, Әкемнің батасын алғандар, сендерге бұл дүние орнатылғандай, Патшалықты мұра етіп алыңдар» 7 деп, Құтқарушының үйреткені. Сонда Ол бізге былай деді:
«Сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенімде сусын бердіңдер. Бейтаныс болып баспана іздегенімде Мені үйлеріңе қабылдадыңдар.
Киімсіз жүргенімде киіндірдіңдер, ауырғанымда Маған қамқорлық жасадыңдар, түрмеде отырғанымда артымнан келіп тұрдыңдар.
Сонда, әділдер Оған: «Иеміз, қашан Сіздің ашыққаныңызды көріп, тамақтандырған едік? Немесе шөлдегеніңде сусын берген едік?
Қашан бейтаныс болып, баспана іздеп жүргеніңізді көріп, Сізді қабылдаған едік? Немесе киімсіз жүрген сізді киіндірдік?
Қай кезде, Сіз ауырып не түрмеде жатқаныңызда артыңыздан келіп, тұрдық?» – деген сұрақ қойды.
Патша оларға былай деп жауап береді: «Сендерге шындығын айтайын: Менің мына бауырластарымның тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарыңды шын мәнінде Маған жасағандарың!»8
Ол Өз Әкесінің баласына деген еркін біз орындайтын болсақ, Құдай Оның Өзіне жасаған ізгі ниет деп, ойлайды және біз Оның сүйіспеншілігі мен ризашылығын сезінгенде, өзімізді Оған жақын сезінеміз.
Құдайға шатыр болып көрінген кедергі, өзгелерге қызмет ету еркі емес, адам алдындағы қорқыныш болуы мүмкін. Тек қана Құтқарушының адамдарға көмектескісі келетін ынтасы. Мен сияқты, ренжіткен біреуді немесе сізді қатты ренжіткен адам жақындаған кезде, араларыңыздағы көпшіліктің қорқыныш сезімі пайда болады. Құдай менің де, өзгелердің де, жүректерін әрдайым жұмсартқанын көрдім. Сондықтан, мен баршаңызды Құдай үшін қорқыныш сезіміне қарамастан, оған барып өз сүйіспеншілік сезіміңізді өсіріп, кешірімді болуға шақырамын. Мен уәде етем сіздерге, солай істесеңіз, сіз Құтқарушының сол адамға деген сүйіспеншілігін Оның сізге деген сүйспеншілігін сезінетін боласыз, сонда сізге оның көзі сізден тым алшақты болып көрінбейді. Мүмкін оны отбасыда, қоғамда немесе бүкіл халық шеңберінде істеу керек шығар.
Егер сіз Құдай жолымен жүрсеңіз, Ол өзгелерге батасын береді. Егер сіз оны жиі және әрдайым істесеңіз, Иса Мәсіхтің өтелуі арқылы өзіңіздің табиғи өзгерісіңізді сезінесіз. Сіз өзіңізді Оған жақын сезініп қана қоймай, Оған деген ұқсастығыңыз жақындай түскенін жиі-жиі тағы сезінетін боласыз. Сонда, біз баріміз көргенге ұқсас, сіз Оны шынайы көрген кезде, сіз Моронийдің: «Осымен, мен баршаңмен қоштасамын. Жақын арада мен Құдай жұмағына менің жаным мен тәнім қайта қауышып, ауада салтанатты түрде мен көтеріліп, сендерді Иегово, Мәңгілік тіршілік пен өлім Төрешінің үлкен сотының алдында қарсы алу үшін барамын» деп, айтқан кезіндегі оның сезімін танитын боласыз. Аумин».9
Егер сіздер бойсұнып, сенімде Құдайдың еркін орындап, қызмет ететін болсаңыздар, мен куәгер етем, ұлы Иегованың соты бізге қуанышты болады. Біз бізді жақсы көретін Әкемізді, Оның Ұлын көре алатын боламыз. Олар бізді қазір көріп тұрғандай, біз Оларды мүлтіксіз анық, шынайы сүйіспеншілікте көреміз. Қасиетті Иса Мәсіхтің атына, аумин.