Таңдау
Оңай жолды таңдағанша, қиын болса да әрдайым дұрыс жолды таңдайық.
Бауырлар мен әпкелер, бүгінгі менің ресми хабарымды бастар алдында, мен келесі жаңа төрт ғибадатхана туралы және олар салынатын жерді жария еткім келеді: ол Кито, Эквадор; Хараре, Зимбабве; Белем, Бразилия; және екінші ғибадатхана Лима мен Перуда.
Мен 1963 жылы Он екілік Апостолдар кворумының мүшесі болған кезімде, бүкіл Шіркеу бойынша істегі тіркелген 12 ғибадатхана болатын. Екі апта бұрын Прово қаласының орталығында ашылған ғибадатханамен қосып, қазіргі уақытта әлем бойынша істегі 150 ғибадатхана бар. Сол қасиетті үйлерде алған баталар үшін мен үлкен ризашылығымызды білдіремін.
Енді бауырлар мен әпкелер, бүгінгі таңда сіздерге кейбір ойымды айтып бөлісер мүмкіндігім үшін, ризашылығымды білдіргім келеді.
Соңғы кездері мен таңдау туралы ойландым. Тарихтың есігі кішкене ілмектен бұрылады, содан адамдардың өмірі іске асады деп айтылған еді. Біз жасаған таңдаулар біздің өмірімізді анықтайды.
Біз жер бетіне келгенге дейінгі тіршілігімізді тастап пенделік өмірге келген кезде, біз өзімізбен бірге амал қабілеттігін ала келдік. Біздің мақсатымыз көктегі даңқты алу және біз жасаған таңдауымыз біздің мақсатқа жеткен көлемнің дәрежесін анықтайтын болады.
Льюиса Каролланың жазған Алиса ғажайыптар еліндедеген классикалық роман көпшілігіңізге таныс. Сіздердің естеріңізде ме, ол екі жолды көше қиылысына келген кезде, әрқайсысы тік созылған, бірақ қарама-қарсы бағытта еді. Ол жолдың қай жағына бұрылу керектігін ойланып тұрған кезде, Чешір мысығымен кездесіп қалады, сол кезде Алиса одан, «Қай жолды таңдауым керек?» деп сұрақ қояды.
Мысық оған: «Ол қайда баратыныңа байланысты. Егер сен қайда баратыныңды білмесең, қай жолды таңдасаң да бәрібір»1деп жауап берді.
Алисаға қарағанда біз қайда баратынымызды жақсы білеміз, ол маңызды, осы өмірдегі біздің жолымыз келесі өмірдің белгіленген жеріне апарады.
Жаудың ой әрекетіне қарсы тұратын ең нәтижелі қорғаныс орнату үшін, өз ішкі дүниемізде үлкен және мықты сенімді құруды таңдайық – шынайы сенімді, бізге оңды жолды таңдауға ұмтылуға көмектесіп бекітетін нағыз сенімді. Осындай сенім болмаса, біз ешқайда бұрыла алмаймыз. Соның көмегімен біз қойған мақсатымызға жете алатын боламыз.
Біз ойланып маңыздыны таңдағанымызға қарамастан, орынсыз таңдау жасайтын сәттеріміз де болады. Біз іздеген көктегі даңқыға әкелетін жолға қайтып оралуымыз үшін, Құтқарушының берген тәубеге келу қабілеттігі жасаған қатемізді түзеуге мүмкіндік береді әрине.
Консенсусқа қарсы шығу үшін батыл болайық. Оңай жолды таңдағанша, қиын болса да әрдайым дұрыс жолды таңдайық.
Біз біздің өміріміздегі күнделікті жасаған шешімдерді қарастырған кезде – ол қандай да бір жасаған таңдау болуы мүмкін – егер біз Мәсіхті таңдасақ, біз дұрыс таңдау жасаймыз.
Бұл менің әрдайым шын жүректен айтқан қарапайым мінажатым, Иса Мәсіхтің, біздің Ие және Құтқарушының атына, Әумин.