Ол сені Өз иығына отырғызып, үйге жеткізеді
Мейірбан бақташы өзінің адасып кеткен қойын тапқан секілді сіз өз жүрегіңізді көтеріп, Құтқарушыға бет бұрсаңыз, Ол сізді табады.
Менің бала кезімнен келе жатқан естеліктің бірі алыстан естілетін сиренаның әуе дабылы дыбысынан басталады, ол әліде мені ұйқымнан оятып жібереді. Оған дейін ұзақ, басқа дыбыс, зырылдауықтың гуілдеген және қарлыққан әлсіз дыбысы ауаның өзін тартып алғанша бірте-бірте өседі. Анамыз біздің әрқайсысымыз дайындап қойған қолдорбамызды аласалып, төбедегі бомбапанаға қарай жүгіруді үйреткен болатын. Біз қараңғы түнде асығып бара жатқан кезде, бомбалаушыларға нысананы көрсету үшін, ақ-жасыл түсті ракета белгілерін аспаннан қарай ататын. Бір қызығы, барлығы сол түскен жарықты Мәсіх күнгі шыршалар деп атайтын.
Мен төрт жастамын және мен дүниежүзі соғысының куәгерімін.
Дрезден
Дрезден қаласы менің отбасым тұрған жерге жақын орналасқан болатын. Ол жерде тұрған адамдар, мен талай рет көргенді оларда көріп, соның куәгері болған шығар. Мыңдаған тонна жарылыс затынан келген жаппай жалын атыс дауылы Дрезденнің үстімен зымырап өтіп, қаланың 90 пайызын жойып, өткен ізін үйінді мен күлге айналдыратын.
Аз уақыттың ішінде, бір кездегі “Jewel Box” атты қаланың түгі қалмады. Эрих Кестнер деген неміс жазушысы сол кезді былай деп жазған болатын, «Мың жыл бойы салынған әдемі қала, бір түннің ішінде күлге айналды».1 Бала кезімде мен, біздің халық бір күндері соғыс кезін кезіп өтеді деп, көз алдыма елестетіп те көрмеппін. Айналамыздағы әлемнің қандай да бір болашағы жоқ, үмітсіз сезімі пайда болды.
Жақын арада Дрезден қаласына барып қайту мүмкіндігім туды. Соғыстан соң жетпіс жыл өтіп, “Jewel Box” қаласы қайта қалпына келді. Қираған үйінділер тазартылып, қала қайта қалпына келтіріліп жатыр, тіпті әдемі қалаға айналып келе жатыр.
Сапар кезімде мен әдемі Лютеран шіркеуін, Фрауенкирхені және Құдайана Шіркеуін көрдім. Ең алғашқы салымы 1700 жылы болатын, ол жарқырап тұратын қымбат тастармен безендірілген Дрезден шіркеуінің бірі болатын, бірақ соғыс оның күл талқанын шығарған болатын. Фрауенкирхті қалпына келтіру шешімін қабылдағанға дейін, жылдар бойы ол сол қираған күйінде қала берді.
Қираған шіркеудің тастары сақталып, кітап жинағына еңгізілген болатын және бұрынғы қалпына келтірілген кезде мүмкіндігінше пайдаланды. Сіз сол кезде өрттен қарайып кеткен тастарды бүгін де шіркеудің сырт қабырғасының бетінен көре аласыз. Сол «тыртықтар» ғимараттың оқиғасын еске салады және күлден жаңа өмірді қайта жандыру үшін, адамның керемет мүмкіндігінің белгісі ретіндегі үміт ескерткіші.
Мен Дрезденнің оқиғасы туралы ойлаған кезде, толығымен жойылып кеткенді қалпына келтірген адамдардың батылдығы мен өнертапқырлығына таң қалдым, мен Киелі Рухтың тәтті әсерін сезіндім. Әрине, менің ойымша, егер адам қираған үйді, қираған орынды, күл талқаны шыққан қаланы әсер етерлік құрылысты аспанға көтеріп қалпына келтіре алса, біздің Құдіретті күшті Әкеміздің жолдан адасып немесе өмір күресінде жүрген Өз балаларын қайта қалпына келтіру мүмкіндігі қаншалықты?
Біздің өміріміздің күл талқаны шыққан секілді болып көрінуі мүмкін, ол маңызды емес. Біздің күнә қаншалықты алқызыл түсті болып, біздің жүрегіміз қаншалықты жараланып, тастанды немесе терең қайғыдан өтіп жалғызсыраған болса да, ол маңызды емес. Тіпті, Құдайға тіл тигізіп, адалдығын сатып, сенімнен айырылып, өмірінде үмітін үзген адамдар да қайта қалпына келе алады. Тек өмірін толықтай құртып өлім жолына салған, кей ұлдарды қоспағанда, оны қайта қалпына келтіру мүмкін емес.
Інжілдің қуанышты хабарының маңызы келесіде: біздің сүйікті Көктегі Әкеміздің берген мәңгілік бақытты жоспары мен Иса Мәсіхтің мәңгілік өтелуі үшін, біз біздің күнәға батқан күйімізде өтеліп және таза күйде қалпына келе аламыз және мәңгілік өмірді мұра ретінде алып, айтып жеткізе алмайтын Құдайдың даңқысында қатыса аламыз.
Адасқан қой туралы астарлы сөз
Құтқарушы қызмет өткізер кезінде, Оның кезіндегі діни жетекшілер Исаның адамдармен өткізген уақытын қабыл алмайтын, ол адамдар «күнәқар» ретінде белгіленген болатын.
Мүмкін оларға Оның шыдамдылығы олардың күнәқар мінез-құлығын ақтаған сияқты болып көрінген шығар.
Сонда Құтқарушы Парызшылар мен дін мұғалімдердің ойын біліп, қарапайым оқиғаны айтып келтірді:
«Араларыңда қайсысың жүз қойың болып, солардың бірін жоғалтып алса, тоқсан тоғыз қойын далада қалдырып, жоғалып кеткенін тапқанша іздемей ме?
Оны тауып алған соң қуана-қуана иығына салып алады».2
Ғасырлар бойы осы астарлы әңгіме жоғалған қойды тауып және жоғалған адамдардың жүрегіне жол ашу үшін, дәстүрлі түрде бізді әрекет етуге шақырады. Дегенмен, бұл сөзсіз жақсы да орынды шығар және бұған тағы қосатыны бар шығар деп, ойлаймын.
Мүмкін бұл, Иса Мәсіхтің мақсаты ең алдымен қайырымды самариялықтың жұмысы туралы оқыту болар?
Мүмкін Ол жолдан тайған балалары үшін берген Құдайдың сүйіспеншілігі туралы куәгерлік болған шығар?
Мүмкін ол, жолдан тайған адамдарды Құдай біледі және Ол оларды табады және Ол олармен жұмыс істеп құтқарып алады деген Құтқарушының жолдауы шығар?
Сол құдайшыл көмекті талаптану үшін, қойлар не істеу керек?
Оның ендік көлемін өлшеу үшін секстантты қалай пайдалану керектігін қойлар білу қажет па; ол ҒАЖ (ғаламдық анықтау жүйе) пайдалану мүмкіндігі болу үшін, өз көзқарасыңды анықтау үшін, көмекке шақыратын үстемені жасау үшін тәжірибелі болу қажет па?
Жоқ. Әрине жоқ! Қой құтқарылуға тұрарлық, өйткені ол жақсы көреді.
Меніңше, жоғалған қой туралы астарлы оқиға жазбадағы ең көп ұміт күттірген орынның бірі болып табылады.
Біздің Құтқарушы, Жақсы Бақташы, бізді таниды және сүйеді. Ол бізді таниды және сүйеді.
Ол сіздің жоғалған кезіңізді біледі және Ол қайда жүргеніңізді біледі. Ол сіздің қайғыңызды біледі. Сіздің айтқан өтінішіңізді. Сіздің қорқынышыңызды. Сіздің төккен көз жасыңызды.
Сіздің қалай адасып кеткеніңіз маңызды емес – сіздің жеке басыңыздың бұрыс шешімі болсын немесе сіз қадағалай алмайтын жағдай болсын.
Маңыздысы, сіз Оның баласысыз. Ол сізді сүйеді. Ол Өз балаларын сүйеді.
Ол сізді сүйгендіктен, Ол сізді тауып алады. Ол қуана Өз иығына салып алады. Ал Ол сені үйге әкелген кездегі айтар сөзі бір, «Менімен бірге қуанышқа бөленіңдер; Мен өз жоғалған қойымды таптым» 3дейді.
Біз не істеуіміз керек?
Бірақ, сіздер мүмкін бұл құйтырқылық деп ойларсыз? Әрине, мен жай ғана күтіп отырмай, әрекет етуім керек.
Біздің сүйікті Әкеміз біздің баршамызға Оған оралуын тілеген кезде, Ол ешкімді де көкке келуге мәжбүр етпейді.4 Құдай бізді біздің еркімізден құтқара алмайды.
Біз не істеуіміз керек?
Оның шақыруы қарапайым:
«Бетіңді бұр ... маған».5
«Кел маған».6
«Маған жақын бол, сонда Мен де табыламын сенің қасыңнан».7
Біз құтқарылғымыз келгенді Оған қалай көрсетеміз.
Оған шамалы уақыт керек. Үміт үзбеңіздер. Егер сеніміңізді қазір жинақтай алмасаңыз, үміттен бастаңыз.
Егер сіз Құдайдың бар екенін білетініңізді айта алмасаңыз, Оған сенім арта аласыз. Сіз сене аласыз.8 Қадам басу үшін ол да жеткілікті.
Содан соң, үміт арта, өз Көктегі Әкеңізге үн қатыңыз. Құдай сізге деген өз сүйіспеншілігін жалғастырып, Оның құтқару жұмысы басталып, өзгерістер келеді.
Уақыт өте Оның қолын өз өміріңізде тани білетін боласыз. Сіз Оның сүйіспеншілігін сезінетін боласыз. Сіз қабыл алған сенім арқылы қадам басқан сайын өсіп, Оның соңынан еріп, Оның жарқын жолымен жүруді қалайтын боласыз.
Біз ол қадамдарды «мойынсұну» деп атаймыз.
Ол осы заманда көпшілікке мәлім сөзге жатпайды. Бірақ иса Мәсіхтің інжілінде мойынсұну баға жетпес түсінік болып табылады, өйткені біз «Иса Мәсіхтің өтелуі Інжілдің арнау рәсімдері мен заңына мойынсұну арқылы күллі адамзат құтқарылатынын білеміз».9
Сенімді өсірген сайын біз адалдығымызды да өсіруіміз керек. Жоғарыда мен Дрезден қаласы туралы неміс жазушының қайғылы сөзін келтірген болатынмын. Одан басқа ол тағы мына сөздерді келтірген болатын: «Es gibt nichts Gutes, ausser man tut es». Целестиал тілінде сөйлей білмесеңіздер, ол «Оны әрекет етіп жасамасаңыздар, онда еш жақсылық болмайды» 10деп аударылады.
Сіз бен мен рухани заттар туралы ділмәр сөйлей аламыз. Біз адамдарға жақсы әсер қалдырып, діни тақырыбына көреген ойымызды жеткізіп түсіндіре аламыз. Біз дін туралы молынан айтып жеткізе аламыз және «жоғарыдағы [біздің] үй туралы армандай аламыз». 11 Егер біздің өміріміздегі сенім өзгермесе – егер біздің күнделікті шешімімізге біздің сенім әсер етпесе – біздің дін бос әуре және біздің сенім өліп қалмаса, әрине жақсы емес және қауіпті жағдайда сөніп қалуы мүмкін.12
Мойынсұну өмірлік сенім күшінің кіндігі болып табылады. Мойынсұну арқылы біздің жан дүниеміз жарыққа толады.
Бірақ кейде, менің ойымша, біз мойынсұнуды дұрыс түсінбейтін сияқтымыз. Біз оны мақсатқа жетудің амалы ретінде емес, ол өзімен өзі ақырғы нәрсе ретінде көреміз. Немесе өзіміз жақсы көретін адамдарды әрдайым қыздыра отырып, қасиетті, көктің ісін, біз өсиеттің темір төсіне қарсы мойынсұну балтаның бейнесін кіргізе аламыз.
Әрине, тәубеге келудің қатаң шақыру кезеңнің уақыты да бар. Әлбетте, кейбір адамдарға тек осы жолмен ғана жетуге болады.
Біз Құдайдың өсиеттерін не үшін ұстанатынымызды түсіндіретін басқа да ұғым бар шығар. Мүмкін біз үшін мойынсұну бұрмалайтын, жанымызға балға қаққандай кіретін соншалықты бейімделген барыстың бірі емес шығар. Мүмкін біз сол барыстың арқасында өзіміздің шынайы келбетімізді ашатын шығармыз.
Бізді Құдіреті күшті Құдай жаратты. Ол біздің Көктегі Әкеміз. Біз Оның дәлме-дәл рухани балаларымыз. Біз ең қымбат және жоғарғы тазалықтан өткен құдайшыл заттан жасалғанбыз, сондықтан біз құдайдың жолын алып жүрген адамбыз.
Дегенмен, осы жер бетінде, біздің ойымыз бен іс-әрекетіміз ұсқынсыз және лас ауыртпалықпен бұзылады. Осы пенделік әлемнің кірі мен шаңы біздің жанымызды ластап, біздің түңғыш келуіміз бен шынайы мақсатымызды еске түсіруге және оны айырып тануымызды қиындатады.
Шындап келгенде, біздің қалауымыз бойынша өзгере қоймайды. Біздің негізгі табиғи құдайшылдығымыз бізбен бірге. Сол сәтте ғажайып нәрсе пайда болып, біз біздің жүрегімізді сүйікті Құтқарушымызға қарай бұрып, шәкірттік жолға түсеміз. Біздің жүрегіміз Құдайдың сүйіспеншілігіне толады: ойымыз шынайы өмірдің нұрына толады, біз күнәдан аулақ болғымыз келеді, енді біз түнекте жүргіміз келмейді.13
Біз осында мойынсұнуды жаза ретінде көру үшін келген жоқпыз, біз оны біздің құдайшыл жолда азаттық жол ретінде көру үшін келдік. Бірте-бірте жемқорлық, кір және осы жердің кедергілері жойыла бастайды. Ақыр соңында, баға жетпес мәңгілік болмыс көктің рухы біздің ішкі дүниемізде ашыла бастайды және мейірімділіктің жарығы біздің табиғи күйімізге айналады.
Сіз құтқарылуға тұрарлықсыз
Бауырлар мен әпкелер, мен куәгерлік етемін, Құдай бізді көріп тұр – біздің шынайы келбетімізді – Оның көз алдында біз құтқарылуға тұрарлықпыз.
Сіздің өмір қираған үйіндінің астында қалған сияқты сезімде болуыңыз мүмкін. Мүмкін сіз күнәға батқан шығарсыз. Сіз ашудан, қайғыдан немесе сізді күмәндар қинап, содан қорқатын шығарсыз. Бірақ мейірбан бақташы өзінің адасып кеткен қойын тапқан секілді сіз өз жүрегіңізді көтеріп, Құтқарушыға бет бұрсаңыз, Ол сізді табады.
Ол сізді құтқарады.
Ол сізді көтеріп алады да Өз иығына орналастырады.
Ол сізді үйге жетелейді.
Егер пенденің қолы, қирап қалғаннан керемет ғибадат үйін жасап тұрғыза алса, біздің сүйікті Құдай бізді қайта өзгерте алатынына сенімді бола аламыз. Бірақ бұл құрылысты қайта құрып көтеруден де зор. Оның бізді қайта қалпына келтіру жоспары бұрынғыдан да керемет – біз оны көз алдымызға елестете ала алмаймыз да. Әр қадамды адал басатын болсақ, біз шәкірттік жолға түсіп, шақырылған мәңгілік даңқтың тіршілігін бастап, мәңгілік бақыттың жолына қадам басамыз.
Бұл менің жай ғана куәгерлігім емес, бұл тағы, менің Иса Мәсіхтің атына мойынсұнып айтқан мінажатым.