Киелі жазбалар
Алма 8


8‑ші тарау

Алма Мелек қаласында уағыздап, су рәсімін өткізеді. Оны Аммониһахда қабылдамады және ол кетеді. Періште оған қайтып оралуды және халықты тәубаға шақыруды бұйырды. Оны Амулек қабылдады, екеуі Аммониһахда уағыздайды. Шамамен 82 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды Алма Гедеон халқына жазуға болмайтын көп нәрселерді үйреткеннен кейін, бұрынғы Зараһемла жерінде істегеніндей, шіркеудің тәртібін бекітіп, Гедеон жерінен оралды, иә ол жасаған еңбектерінен демалу үшін Зараһемладағы үйіне оралды.

2 Міне осымен Нефи халқына төрешілердің билігінің тоғызыншы жылы аяқталды.

3 Міне дәл солай болды Нефи халқының үстінен төрешілердің билігінің оныншы жылының басында Алма сол жерден кетіп, шөл дала шекарасының батысындағы Сидон өзенінің батысындағы Мелек жеріне сапар шекті.

4 Міне ол Мелек жеріндегі халықты Құдайдың өзі шақырған қасиетті бұйрығы бойынша тәлім бере бастады және ол бүкіл Мелек жеріндегі халыққа тәлім бере бастады.

5 Міне дәл солай болды, халық оған шөл даланың түкпір‑түкпір шекарасынан келді. Міне олар бүкіл елде су рәсімінен өтті.

6 Ол Мелектегі жұмысын аяқтағаннан кейін ол жерден кетіп, Мелек жерінің солтүстігінде үш күндік жол жүрді; және ол Аммониһах деп аталатын қалаға келді.

7 Енді Нефи халқының өз жерлерін, және қалаларын және ауылдарын, иә, тіпті барлық шағын ауылдарын оларды алғаш иеленгеннің атымен атайтын дәстүрі болды; Аммониһах жерімен де солай болды.

8 Міне дәл солай болды Алма Аммониһах қаласына келгенде, оларға Құдай сөзін уағыздай бастады.

9 Енді Шайтан Аммониһах қаласының тұрғындарының жүрегін жаулап алды; сондықтан олар Алманың сөздеріне құлақ аспады.

10 Соған қарамастан Алма қаладағы адамдарға өз Рухын төгу үшін құдіретті дұғада Құдаймен күресіп, Рухта көп еңбек етті; ол сондай‑ақ оларды өкіну үшін су рәсімінен өткізуге мүмкіндік береді.

11 Соған қарамастан олар жүректерін қатайтып, оған былай деді: Міне, біз сенің Алма екеніңді білеміз; және сенің дәстүрің бойынша елдің көптеген жерлерінде құрған шіркеудің бас діни қызметкері екеніңді білеміз; және біз сенің шіркеуіңнен емеспіз және мұндай ақымақ дәстүрлерге сенбейміз.

12 Ал енді біз сенің шіркеуіңнен болмағандықтан, сенің бізге билігің жоқ екенін білеміз; және сен сот орнын Нефиһахқа тапсырдың; сондықтан сен бізге бас төреші емессің.

13 Енді халық мұны айтып, оның барлық сөздеріне қарсы тұрып, оны қорлап, бетіне түкіріп, оны өз қаласынан қуып шығаруға мәжбүрлегенде, ол сол жерден кетіп, Харұн деп аталатын қалаға қарай жол тартты.

14 Міне дәл солай болды Аммониһах қаласында болған халықтың зұлымдығынан ол қайғыға батып, көп азап пен жан азабынан өтіп сол жаққа кетіп бара жатқанда, дәл солай болды Алма осылайша қайғыға батқанда, оған Жаратқан Иенің періштесі көрініп, былай деді:

15 Сен бақыттысың, Алма; сондықтан басыңды көтеріп, қуан, өйткені сенің қуануға үлкен себебің бар; өйткені сен Құдайдан алғашқы хабарыңды алған кезден бастап оның өсиеттерін адал ұстандың. Міне, оны саған тапсырған менмін.

16 Ал міне мен саған Аммониһах қаласына қайтып, қала халқына тағы да уағыз айтуды бұйырту үшін жіберілдім; иә, оларға уағыз айт. Иә, оларға айт, егер олар өкінбесе, Құдай Жаратқан Ие оларды жояды.

17 Өйткені, міне, олар сенің халқыңның бостандығын жою үшін осы уақытта жоспарлап жатыр, (өйткені Жаратқан Ие осылай дейді), бұл оның өз халқына берген жарғылары мен үкімдері мен өсиеттеріне қайшы келеді.

18 Енді дәл солай болды Алма Жаратқан Иенің періштесінен хабар алған соң, тез арада Аммониһах жеріне оралды. Міне ол қалаға басқа жолмен, иә, Аммониһах қаласының оңтүстігіндегі жолмен кірді.

19 Міне ол қалаға кіре бергенде ол аш болды да, бір адамға былай деді: Құдайдың кішіпейіл қызметшісіне тамақ бересің бе?

20 Міне әлгі адам оған былай деді: Мен Нефилікпін, сенің Құдайдың қасиетті пайғамбары екеніңді білемін, өйткені періште аянда айтқан адам сенсің: Сен қабылдайсың деп. Сондықтан менімен бірге менің үйіме бар, мен саған өз тамағымды беремін; және сен маған және менің үйіме бата болатыныңды білемін.

21 Міне дәл солай болды әлгі адам оны өз үйіне қабылдады; және бұл кісі Амулек деп аталды; және ол нан мен ет әкеліп, Алманың алдына қойды.

22 Міне дәл солай болды Алма нан жеп, тойды; және ол Амулек пен оның үйіне батасын беріп, Құдайға алғыс айтты.

23 Міне тамақтанып, тойып болған соң, ол Амулекке: Мен Алмамын және бүкіл елдегі Құдай шіркеуінің бас діни қызметкерімін, деді.

24 Ал міне, мен аян мен пайғамбарлық рухына сәйкес осы халықтың арасында Құдай сөзін уағыздауға шақырылдым; мен осы елде болдым, бірақ олар мені қабылдамады, және мені қуып жіберді және мен осы елге мәңгілікке артымнан бұрылмақ болдым.

25 Бірақ міне, маған қайта оралып, осы халыққа пайғамбарлық ету және олардың заңсыздықтары туралы оларға қарсы куәлік беру бұйырылды.

26 Ал енді, Амулек, сен мені тамақтандырып, қабылдадың, сен бақыттысың; мен көп күн ораза ұстағандықтан, аш болдым.

27 Міне халыққа уағыз айта бастағанға дейін Алма Амулекпен көп күн болды.

28 Міне дәл солай болды халық өз заңсыздықтарына көбірек батып кетті.

29 Міне Алмаға сөз жетіп: Бар; сондай‑ақ менің қызметшім Амулекке мынаны айт: Барып, мына халыққа пайғамбарлық ет: Тәубе етіңдер, өйткені Жаратқан Ие осылай дейді, егер өкінбесеңдер, мен бұл халыққа қаһарыммен барамын; иә, міне мен қатты қаһарымды қайтармаймын.

30 Міне Алма және Амулек де оларға Құдайдың сөздерін жариялау үшін халықтың арасына шықты; және олар Киелі Рухқа толды.

31 Міне оларды зындандарда ұстай алмайтын, сондай‑ақ оларды ешкім өлтіре алмайтын оларға күш берілді; соған қарамастан олар шынжырға байланып, түрмеге жабылмайынша күштерін көрсетпеді. Енді бұл Жаратқан Ие оларға Өзінің құдіретін көрсету үшін жасалды.

32 Міне дәл солай болды олар шығып, Жаратқан Ие берген рух пен күш бойынша халыққа уағыздап, пайғамбарлық ете бастады.