Киелі жазбалар
Жақып 1


Жақыптың кітабы
Нефидің бауыры

Бауырларына айтқан уағыз сөздері. Ол Мәсіхтің ілімін жоққа шығарғысы келетін адамды масқара етеді. Нефи халқының тарихына қатысты бірнеше сөз.

1‑ші тарау

Жақып пен Жүсіп адамдарды Мәсіхке сенуге және Оның өсиеттерін орындауға көндіруге тырысады. Нефи өледі. Нефиліктердің арасында зұлымдық басым. Шамамен 544–421 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне енді, дәл солай болды, Лехидің Иерусалимнен кеткеніне елу бес жыл өтті; сондықтан Нефи маған, Жақыпқа осының бәрі ойылып жазылған кіші парақтарға қатысты өсиет берді.

2 Міне ол маған, Жақыпқа, мен ең құнды деп санайтын нәрселердің кейбірін осы парақтарға жазуымды; Нефи халқы деп аталатын бұл халықтың қысқартылған тарихынан басқасын қозғама деп өсиет етті.

3 Өйткені ол өз халқының тарихы басқа парақтарда жазылуы керек және мен осы парақтарды сақтап және ұрпақтан‑ұрпаққа өз тұқымыма аманат етіп жеткізуім керек деп айтты.

4 Ал егер қасиетті уағыз, немесе ұлы аян немесе пайғамбарлық болған болса, онда мен олардың негізгі бөліктерін осы парақтарға ойып жазуым керек және Мәсіх үшін сондай‑ақ халқымыз үшін оларды барынша жеткізуім керек.

5 Өйткені сенім мен зор алаңдаушылықтың арқасында халқымыздың тағдырына қатысты не болатыны бізге шынайы түрде ашылды.

6 Міне бізде көптеген аяндар мен ұлы пайғамбарлықтың рухы да болды; сондықтан біз Мәсіх пен оның келе жатқан патшалығы туралы білдік.

7 Сондықтан біз Исраилддің балалары шөл далада болған азғыру күндеріне ұқсас жағдай болмас үшін, еш жағдайда олар Оның қаһарына ұшырап, оларға кірмеуге ант етпесін деп, оларды Мәсіхке келуге және Құдайдың игілігінен дәм татуға көндіріп және олар оның тыныштығына кіруі үшін, өз халқымыздың арасында аянбай еңбек еттік.

8 Сондықтан біз барлық адамдарды Құдайға қарсы шықпауға және оның ашуын тудырмауға, керісінше барлық адамдарды Мәсіхке сенуге және оның өлімі тыралы ойланып, оның айқышын көтеріп және дүниенің масқарасына төзімді болсын деп көндіруіміз үшін Құдайға дұға еттік; сондықтан мен, Жақып, ағам Нефидің өсиетін орындауды өз мойныма аламын.

9 Енді Нефи қартая бастады және ол озінің жақын арада өлетінін көрді; міне сондықтан, ол сол кезде, патшалардың билігі бойынша, өз халқына патша әрі билеуші етіп бір адамды майлады.

10 Халық Нефиді соншалықты жақсы көрді, ол олардың ұлы қорғаушысы болды, оларды қорғау үшін Лабанның семсерін ұстады және өмір бойы олардың игілігі үшін еңбек етті.

11 Сондықтан да халық оның есімін есте сақтағысы келді. Ал оның орнына билік жүргізетін адамды халық патшалар билігі бойынша екінші Нефи, үшінші Нефи және солай жалғаса атай берді; және олардың өз аты болса да, халық оларды осылай атай берген.

12 Міне дәл солай болды, Нефи өлді.

13 Енді ламандықтар емес халықтар нефиліктер еді; соған қарамастан олар Нефиліктер, Жақыптықтар, Жүсіптіктер, Зорамдықтар, Ламандықтар, Лемуелдықтар және Ысмағұлдықтар деп аталды.

14 Бірақ мен, Жақып, бұдан былай оларды бұл есімдермен ажыратпаймын, бірақ мен оларды Нефи халқын құртуды көздейтін Ламандықтар деп атаймын, ал Нефимен достық қарым‑қатынаста болғандарды мен Нефиліктер деп атаймын, немесе патшалардың билігі бойынша Нефи халқы деп атаймын.

15 Міне дәл солай болды, Нефи халқы екінші патшаның билігі тұсында жүректерінде қасарысып, біраз зұлым істерге бой алдыра бастады, мысалы, ежелгі дәуірде көптеген әйелдері мен күңдерді қалаған Дәуіт пен оның ұлы Сүлеймен сияқты.

16 Иә, олар тағы көп алтын‑күміс іздей бастады және аздап мақтана бастады.

17 Сондықтан мен, Жақып, ғибадатханада оларға тәлім бергенімде, алдымен Жаратқан Иеден тапсырмамды алып, оларға осы сөздерді жеткіздім.

18 Өйткені мен, Жақып және менің бауырым Жүсіп Нефидің қолымен осы халықтың діни қызметкері мен ұстазы болып тағайындалдық.

19 Міне егер біз оларға Құдай сөзін бар ынта‑жігермен үйретпесек, жауапкершілікті өз мойнымызға алып, күнәларын өз мойнымызға алу арқылы Жаратқан Иенің алдындағы қызметімізді арттырдық; сондықтан олардың қаны біздің киімімізге сіңіп кетпес үшін бар күш‑жігерімізді салып еңбек еттік; әйтпесе, олардың қаны біздің киімімізге сіңіп, соңғы күні біз таза болмас едік.