Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 12


12‑ші тарау

Ишая соңғы заманда ғибадатхананы, Исраилдің жиналуын және мыңжылдық сот пен бейбітшілікті көреді. Тәкаппарлар мен зұлымдар Екінші келуде төмендетіледі. Ишая 2‑мен салыстыр. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Бұл сөз Амос ұлы Ишаяның Яһуда мен Иерусалимге қатысты көргені:

2 Міне бұл соңғы күндері орындалады, Жаратқан Иенің үйі таулардың бастысы болып және төбелерден әлдеқайда жоғары орнатылып және барлық халықтар соған қарай ағылатын кезде болады.

3 Міне көптеген адамдар барып былай дейді: Келіңдер, Жаратқан Иенің тауына, Жақыптың Құдайының үйіне өрлеп барайық; міне ол бізге өзінің ақ жолын нұсқайды, ал біз оның жолымен жүретін боламыз; өйткені заң Сионнан, ал Жаратқан Иенің сөзі Иерусалимнен шығады.

4 Міне ол ұлттар арасында әділ үкімін шығарады және көптеген адамдарды айыптайтын болады: енді олар семсерлерін соқаға, ал найзаларын ораққа соғады; ұлт ұлтқа қарсы қару көтермейді, олар соғысуды тіптен үйренбейді.

5 Уа, Жақыптың үйі, келіңдер, Жаратқан Иенің нұрында жүрейік біздер; иә, келіңдер, өйткені бәрің де адасқансыңдар, әркім өз зұлым жолына түсті.

6 Сондықтан, Уа, Жаратқан Ие, сен өз халқыңды, Жақыптың үйін тастап кеттің, өйткені олар шығыстан келгендерге толып, філістірлер сияқты сәуегейлерге құлақ асып, бөтендердің балаларымен қол алысады.

7 Олардың жері де күміс пен алтынға кенелген, қазыналарының да шегі жоқ; олардың жерінде жылқылар да сансыз көп, күймелерінің де шегі жоқ.

8 Олардың жері де пұттарға толы; олар өз қолдарынан шыққан заттарға, саусақтарының істегеніне табынады.

9 Міне қарапайым адам иілмейді және асыл адам өзін кішіпейіл етпейді, сондықтан оған кешірім бермейсің.

10 Уа, зұлымдар, құз шатқалдың құысынына кіріңдер, ал сен қара жердің ой шұңқырына жасырын, өйткені Жаратқан Иенің алдындағы қорқынышты қаһары мен оның айбынды ұлылығы сені басып алады.

11 Міне дәл солай болады, адамның өркөкірек көзқарасы төмендетіледі және адамдардың менмендігі басылады және сол күні жалғыз Жаратқан Ие ғана ұлықталады.

12 Өйткені Әскербасы Иесінің күні көп ұзамай барлық ұлттарға келеді, иә, әркімге; иә, ол тәкаппарға, өзін‑өзі ақтайтынға және өзін‑өзі дәріптеушінің бәріне келеді; және ол төмендетілетін болады.

13 Иә, міне Жаратқан Иенің күні Ливанның барлық балқарағайларына келеді, өйткені олар асқақ биік және зәулім; Башанның барлық емен ағаштарына да;

14 Сондай‑ақ барлық асқақ биік таулар мен барлық тау‑төбелерге және барлық өзін‑өзі дәріптеуші ұлттар мен әр халыққа.

15 Міне әр асқақ биік мұнара мен әр қоршалған қамалға;

16 Міне ол теңіздегі барлық кемелерге және барлық Тарсистың кемелері мен көзге тартымды бейнелердің бәріне.

17 Міне адамның өркөкіректігі басылады және менмендігіне шек қойылады; және сол күні жалғыз Жаратқан Ие ғана ұлықталады.

18 Міне сол пұтты ол мүлде жояды.

19 Міне олар құз‑шатқал шұңқырларына және жердегі үңгірлерге кіреді, ол жерді қатты сілкіту үшін тұрған кезде, оларға Жаратқан Иенің қорқынышты қаһары басып алады және оның айбынды ұлылығы оларға соққы береді.

20 Сол күні адам өзі жасап алған күміс пұт мүсіндері мен алтын пұт мүсіндерін көртышқандар мен жарқанаттарға қалдырып кетеді;

21 Жаратқан Ие жерді қатты шайқау үшін көтерілгенде, құз‑шатқалдардың қуыстары мен ой‑шұңқырына кіреді; өйткені Жаратқан Иенің алдындағы қорқыныш оларды басып алады және оның айбынды ұлылығы оларға соққы береді.

22 Тынысы танауында болған адамға сенуді доғарыңдар; өйткені оның құны қандай?