Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 14


14‑ші тарау

Сион мен оның қыздары мыңжылдықта өтеледі және тазартылады. Ишая 4‑пен салыстыр. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне сол күні жеті әйел бір ер адамға жармасып, былай дейді: Біз нанымызды өзіміз тауып жейміз, киімімізді өзіміз тауып киеміз; тек бізге сенің атыңды алуға рұқсат етіп, масқаралықтан арылта көр.

2 Сол күні Жаратқан Иенің бұтағы әдемі әрі салтанатты болады; Исраилден қашып құтылғандар үшін жердің өнімі керемет әрі ұнамды болады.

3 Міне бұл дәл солай болады, Сионда қалып және Иерусалимде тірі қалғандар әулиелер деп аталатын болады, Иерусалимдегі тірілердің арасында жазылған әрбір адам.

4 Себебі Жаратқан Ие Сион қыздарының ластығын жуып және Иерусалимнің қанын оның ортасынан сот рухы мен от рухы арқылы тазартады.

5 Міне Жаратқан Ие Сион тауының әрбір тұрғын үйінде және оның қауымдарында күндіз бұлт пен түтінді және түнде жалындаған оттың сәулесін жаратады; өйткені барша салтанатты Сионға тұтастай қорғаныс болады.

6 Міне күндіз ыстықтан көлеңке және дауыл мен жаңбырдан жасырып және қалқалап тұтастай жауып тұратын пана шатыры болады.