Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 16


16‑шы тарау

Ишая Жаратқан Иені көреді. Ишаяның күнәлары кешірілді. Ол пайғамбарлық етуге тағайындалды. Ол Мәсіхтің ілімдерін яһудилер қабылдамайтыны туралы пайғамбарлық етеді. Қалдық қайтып келеді. Ишая 6‑мен салыстыр. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Ұзиях патша қайтыс болған жылы мен асқақ және биік тағында отырған Жаратқан Иені де көрдім, оның шапанының етегі ғибадатхананың ішін алып жатты.

2 Оны айналдыра серафимдер тұрды; әрқайсысында алты қанаттан болды; солардың екеуімен бетін, тағы екеуімен аяғын жауып, қалған екеуімен ұшатын.

3 Міне біреуі екіншісіне дауыстап: Әскербасы Иесі киелі, қасиетті, қастерлі! Бүкіл жер оның ұлылығына кенелген.

4 Міне соның жырлаған дауысынан есік жақтаулары шайқалып, үй іші түтінге толып кетті.

5 Сонда мен: Маған қасірет! Өйткені мен құритын болдым; өйткені менің аузымдағы сөздермен арам адаммын; әрі сөйлеген сөздері арам халықтың арасында тұрамын; өйткені Патшаны, Әскербасы Иесіні өз көзім көрді.

6 Осы кезде серафимдердің бірі жанып тұрған көмір шоғымен маған қарай ұшып келді, оны ол құрбандық үстелінен көсеумен алған болатын;

7 Міне ол оны менің аузыма тигізіп былай деді: Міне, бұл сенің ерніңе тиді; енді сен әділетсіз істеріңнен арылдың және сен күнәңнан тазардың.

8 Сондай‑ақ мен Жаратқан Иенің: «Мен кімді жіберейін және біз үшін кім барады?» – деген даусын естідім. Сонда мен: Міне мен; мені жібер дедім.

9 Міне ол: Бар да мына халыққа жеткіз: Сендер мұқият тыңдаңдар, бірақ олар түсінбейді, міне сендер мұқият қараңдар, бірақ олар аңғармайды.

10 Бұл халықтың жүрегін қасарысқан сезімсіз етіп және құлақтарын бекітіп таста және олардың көздерін соқыр ет, сонда олар көздерімен көріп және құлақтарымен естіп және жүректерімен ұғынып және теріс жолдан қайтып және сауығып кетпейді.

11 Сонда мен былай дедім: Жаратқан Ие бұл қашанға дейін созылады? Міне ол былай деді: Қалалар ешбір тұрғынсыз қаңырап бос қалғанша және үйлер ешбір адамсыз және бұл жер толығымен бос болғанша;

12 Міне Жаратқан Ие адамдарды алыстатты, өйткені бұл жердің ортасы қаңырап бос қалады.

13 Бірақ оннан бірі қалады, міне олар қайтып оралады және олар жапырақтарын төккен кезде мәні оларда қалатын емен мен жидек сияқты жалмалады; сондықтан қасиетті тұқым оның мәні болады.