Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 6


6‑шы тарау

Жақып яһудилердің тарихын баяндайды; Бабыл тұтқыны және қайта оралу; Қасиетті Исраил Құдайының қызметі мен айқышқа шегеленуі; өзге ұлттардан келген көмек және яһудилердің Мәсіхке сенгенде соңғы заманда қалпына келуі. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Жақыптың сөзі, Нефидің бауыры, Нефи халқына айтқан сөздері:

2 Міне, менің сүйікті бауырларым, мен Жақып Құдайдан шақырылып және оның қасиетті тәртібі бойынша тағайындалдым және өздеріңе патшаларың немесе қорғаушыларың болып көрінетін және кімге қауіпсіздіктерің үшін арқа сүйенетін бауырым, Нефи арқылы бағышталдым; міне, мен сендерге соншалықты көп нәрсені айтқанымды біліп отырсыңдар.

3 Соған қарамастан, мен сендерге тағы айтамын; өйткені мен сендердің жандарыңа амандық тілеймін. Иә, менің сендерге деген алаңдаушылығым үлкен; және сендер бұның әрқашан солай болғанын білесіңдер. Мен сендерге бар ынтамды салып насихаттадым; және мен сендерге әкемнің сөздерін үйреттім; тағы мен сендерге әлемнің жаратылысынан бастап не жазылғаны туралы бәрін айттым.

4 Ал енді, міне, мен сендерге қазіргі және болашақтағы істер туралы айтқым келеді; сондықтан мен сендерге Ишаяның сөздерін оқимын. Ал міне, осы сөздерді менің бауырым сендерге жеткізуімді тіледі. Ал мен мұны сендерге өз игіліктерің үшін айтамын, сонда сендер өздеріңнің Құдайларыңның атын танып біліп, оны мадақтай аласыңдар.

5 Ал міне, мен оқитын сөздер Ишаяның бүкіл Исраил үйіне туралы айтқан сөздері; сондықтан олар сендерге қатысты болуы мүмкін, өйткені сендер Исраил үйіненсіңдер. Міне, Ишаяның сендерге қатысты болуы мүмкін көптеген айтқандары бар, өйткені сендер Исраил үйіненсіңдер.

6 Міне енді, осы сөздер: Құдай Ие мынаны айтады: Міне, Мен қолымды созып, туымды жоғары көтергендей өзге ұлттарға белгі беремін; олар ұлдарыңды қолдарында, ал қыздарыңды иықтарына отырғызып алып келетін болады.

7 Сонда патшалар кіндік әкелерің болып, ханшайымдары күтуші әйелдеріңе айналады; олар саған беттерімен жерге дейін иіліп тағзым етіп, аяғыңа жабысқан шаңды жалайды; осылай сен менің Ие екенімді білетін боласың; маған үміт артқандар ұятқа қалмайды!

8 Ал енді, мен, Жақып, осы сөздер туралы айтқым келеді. Міне енді, Ие маған біз шыққан Иерусалимдегі адамдар өлтіріліп, тұтқынға алынғанын көрсетті.

9 Дегенмен, Ие маған олардың қайтып оралатынын көрсетті. Ал сондай‑ақ, ол маған, Құдай Ие, Исраилдің Киелі Құдайы, оларға тәнде көрінетінін көрсетті; маған айтқан періштенің сөздері бойынша, ол өзін танытқаннан кейін, олар оны ұрып, айқышқа шегелеп өлтіреді.

10 Міне олар жүректерін қатайтып және Исраилдің Киелі Құдайына қыңырлығын көрсеткеннен кейін, міне, олар Исраилдің Киелі Құдайының үкімін алатын болады. Міне олар азап шегіп және жазасын алатын күн келеді.

11 Сондықтан, оларды ары‑бері айдағаннан кейін, өйткені періште былай деді: көптеген адамдар тәнде азап шегеді, бірақ адалдардың мінажаттары арқылы өлуге жол берілмейді; олар жер бетінде бытырап, жазаланып, жеккөрінішті болады; дегенмен, Жаратқан Ие оларға мейірімділік көрсетеді; олар өздерінің Өтемшісін білген кезде, олар қайтадан өздерінің мұрагерлік жерлеріне жиналады.

12 Міне, пайғамбар жазған өзге ұлттар бақытты; өйткені міне, егер олар тәубеге келіп, Сионға қарсы күресіп және сол ұлы және жексұрын шіркеуге бірігіп кетпесе, олар құтқарылатын болады; Құдай Жаратқан Ие өзінің балаларымен жасаған келісімін орындайды; және осы себепті пайғамбар осының барлығын жазды.

13 Сондықтан, Сионмен және Жаратқан Иеміздің келісім халқына қарсы күресетіндер олардың аяғындағы шаңды жалайтын болады; және Иеміздің халқы ұятқа қалмайды. Себебі Жаратқан Иеміздің халқы – оны күткендер; өйткені олар әлі де Мәсіхтің келуін күтуде.

14 Ал міне, пайғамбардың айтқан сөзі бойынша, Мәсіх оларды қайтадан екінші рет қалпына келтіруге тырысады; сондықтан олар оған сенетін күн келген кезде, жауларының көзін құрту үшін, оларға ол құдіретімен және ұлы даңқымен көрінетін болады; және ол оған сенетін ешкімді жоймайды.

15 Міне оған сенбейтіндер оттан және дауылдан және жер сілкінісі мен қантөгістерден, індеттен және аштықтан жойылатын болады. Міне, олар Жаратқан Иенің, Исраилдің Киелі Құдайы екенін білетін болады.

16 Себебі күшті жаудың тұтқыны тартып алынып, жеңімпаздың олжасы қайтып алынады ма?

17 Бірақ Ие мынаны айтады: Тіпті күшті жаудың тұтқыны тартылып алынып, ал жеңімпаздың олжасы қайтып алынады; өйткені Құдіретті күшті Құдай өзінің келісімдегі халқын құтқарады. Міне Ие мынаны айтады: Сенімен арпалысып келгенмен өзім алысамын.

18 Міне сені езіп‑жаншығандар сол кезде өз тәндерін жейтін болады; және олар төгілген өз қандарына тәтті шарап ішкендей мас болады; осылай бар адамзат Мен, Жаратқан Ие екенімді және сенің Құтқарушың және сенің Өтемшің, Құдіреті күшті Жақып екенімді білетін болады.