Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 20


20‑шы тарау

Ассурдың жойылуы — Екінші Келудегі зұлымдардың жойылуының белгісі. Жаратқан Ие қайта келгеннен кейін аман қалатындар аз. Жақыптың қалдығы сол күні қайтып келеді. Ишая 10‑мен салыстыр. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Әділетсіз заңдар шығаратындар және өздері жариялаған қатыгез жарлықтарды жазатындар қасіретке қалады!

2 Жәбір көргендердің әділет жолын жауып және халқымның кедей‑кепшіктерін құқықтарынан айыру үшін, жесірлерді олардың олжасына айналдыру үшін және жетімдерді тонауы үшін!

3 Міне алыстан келетін апат күні мен қаңырап бос қалғанда не істемексіңдер? Көмек сұрап кімге жүгінбексіңдер? Ал сендер өз даңқыңды қайда қалдырасыңдар?

4 Менсіз олар тұтқындардың қатарында тағзым етеді және өлгендердің астында қалады. Өйткені осының бәріне оның ашуы басылған жоқ, бірақ оның қолы әлі де созылып тұр.

5 Уа, Ассур, менің қаһарымның таяғы мен олардың қолындағы сойыл — олардың қаһары.

6 Мен оны арсыз халқыма қарсы аттандырамын және менің қаһарымды жаулаған адамдарға қарсы мен оны тонап және олжалауға және оларды даладағы саз балшықтай таптауға бұйырамын.

7 Алайда оның ой‑ниеті ондай емес, оның жүрегінің ойы да басқаша; бірақ ол жүрегінде көптеген халықтарды жойып және мүлдем жоқ қылуды көздейді.

8 Өйткені ол былай деді: Менің барлық әміршілерім патшадай емес пе?

9 Қална Қарқемишпен бірдей емес пе? Хамат Арпад сияқты емес пе? Самария Дамаскпен бірдей емес пе?

10 Менің қолым пұттардың патшалықтарының негізін құрғандықтан және олардың мүсіндері Иерусалим мен Самариядан асып түсті.

11 Самария мен оның тәңірлеріне істегенімді Иерусалим мен оның тәңірлеріне де істемеймін бе?

12 Сондықтан Жаратқан Ие өзінің бүкіл жұмысын Сион тауы мен Иерусалимде орындап болған кезде былай дейтін болады: Мен Ассур патшасын өркөкірек жүрегінің жемісін және паңдана қарап жүргені үшін жауапқа тартамын.

13 Сонда ол былай дейді: Мен сол істерді өз қолымның күшімен және даналығыммен жүзеге асырдым; өйткені мен парасаттымын; және мен халықтың шекарасын жылжытып және олардың қазынасын тонадым және тұрғындарды мен алып сияқты құлаттым.

14 Ал менің қолым халықтың байлығын ұясындай тапты; міне бір адам қалдырған жұмыртқаларды жинағандай, мен де бүкіл жерді қолыма түсірдім; және ешкім де қанат қағып, аузын ашып немесе шиқ деп үн де қатқан емес.

15 Балта шапқан иесінен гөрі кереметпін деп мақтана ма? Ара өзін шайқағанға қарсы көкіректене ала ма? Таяқ өзін оны көтергендердің алдында шайқайтындай немесе сойыл ағаштан жасалмағандай өзі көтерілетіндей!

16 Сондықтан Жаратқан Ие, Әскербасы Иесі оның денелілерді ауыртып жүдетеді; ал оның даңқы астына от жалынындай лаулаған өрт жағады.

17 Міне Исраилдің нұры отқа ұқсап, оның Киелісі жалынға ұқсап, бір‑ақ күнде оның ошағандары мен тікендерін өртеп жібереді.

18 Ол оның әйгілі орманының даңқын, оның құнарлы бау‑бақшаларын да, жаны мен тәнін де жалмап жояды; және олар ту ұстаушы есінен танып қалғандай болады.

19 Ал оның орманындағы қалған ағаштардың саны соншалықты аз болғандықтан, оны жас баланың өзі‑ақ санап шыға алады.

20 Міне бұл орындалды, сол күні Исраилдің қалдығы және Жақып әулетінен қашып құтылғандар енді оларды соққыға жыққанға арқа сүйенбей, керісінше, сенімдерін шын жүректен Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайына, артатын болады.

21 Тірі қалғандар, иә, яғни Жақыптың қалдығы Құдіретті Құдайға қайтадан бет бұрады.

22 Өйткені сенің халқың, Исраил, теңіздің құм қиыршықтарындай сансыз көп болса да, олардың қалдығы ғана қайтып оралады; белгіленген қырылуға әділдікпен үкімін шығарылады.

23 Өйткені Әскербасы Құдайы Жаратқан Ие, тіпті қырып – жою үкімін бүкіл жерде іске асырады.

24 Сондықтан Әскербасы Құдайы Жаратқан Ие былай дейді: Уа, Сионда тұратын халқым, Ассурлықтардан қорықпаңдар; ол сендерге Мысырдағыдай таяқ, сойылмен ұрып‑соғып, зәбір көрсететін болады.

25 Өйткені аз уақыттан кейін, міне ашу‑ыза тоқтайды және менің қаһарым оларды қырып‑жоюмен болады.

26 Міне Әскербасы Иесі оған қарсы Ориб құзының маңайында Мадиянды күйрете соққандай; оның таяғы теңіздің үстінен көтеріліп, алға созылғандай, Мысыр еліне қарсы көтергендей көтеретін болады.

27 Міне бұл орындалады, сол күні мойындарыңа артқан ауыр жүктеріңнен арыласыңдар, ал мойыннан оның қамыты алынып және майланғандықтан қамыт кесіледі.

28 Ол Аятты басып кірді, ол Мигроннан өтіп; Миқмаста ол арбаларын қалдырды.

29 Олар өткелден асып; олар Гебада түнемек; Рамақ қаласының үрейі ұшады; Саулдың Гибея тұрғындары қашып кетті.

30 Дауысыңды көтер, Уа Ғалимның қызы! Құлақ салыңдар, Лайша, Уа, шарасыз Анатот!

31 Мадмена жойылады; Гебим тұрғындары қашуға жиналды.

32 Сол күні ол әлі де Нобта қалады; ол Сион қызының тауына, Иерусалим төбесіне қарай жұдырығын сілтейді.

33 Біліп қойыңдар, Жаратқан Ие, Әскербасы Иесі, бұтақтарды қорқынышты құдіретпен шауып құлатады; ал зәулім тұғырлары кесіліп түсіп; ал менменсіген қор болады.

34 Міне ол қалың ормандары балтамен шауып тастайды, ал Ливан мықтыдан құлайды.