Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 22


22‑ші тарау

Мыңжылдық күні барлық адамдар Жаратқан Иені мадақтайтын болады. Ол олардың арасында өмір сүретін болады. Ишая 12‑мен салыстыр. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне сол күні мынаны айтатын боласың: Уа, Жаратқан Ие, Сені мадақтаймын! Маған ашуланған едің, ал сосын қаһарыңды басып, мені жұбатасың.

2 Міне, Құдай менің құтқарушым; мен оған сенемін және қорықпаймын; өйткені Жаратқан Ие Иеһова — күш‑қуатымның көзі және айтатын жырым; сондай‑ақ ол құтқарушым болып келеді.

3 Сондықтан, құтқарылудың қайнар көздерінен су ала бересіңдер қуанышпен.

4 Ал сол күні былай дейтін боласыңдар: Жаратқан Иені мадақтаңдар, оның есімін атаңдар, оның істерін халықтарға білдіріңдер, оны есімінің ұлылығын хабарлаңдар!

5 Жаратқан Иеге арнап ән шырқаңдар; өйткені ол ұлы кереметтерді істеді; бұл бүкіл жер жүзіне белгілі.

6 Ән айтып, айғайла, Сион тұрғыны! Өйткені ұлы Киелі Исраил Құдайы өздеріңнің араларыңда.