Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 33


33‑ші тарау

Нефидің сөздері рас. Олар Мәсіх туралы куәлік етеді. Мәсіхке сенетіндер сот алдында куәлік ретінде Нефидің сөздеріне сенеді. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Ал енді мен, Нефи, өз халқыма уағыздалғанның бәрін жаза алмаймын; ал мен жазуда сөйлеудегідей күшті емеспін; өйткені адам Қасиетті Рухтың күшімен сөйлегенде, Қасиетті Рухтың күші айтылған нәрсені адам баласының жүрегіне жеткізеді.

2 Бірақ міне, Киелі Рухқа қарсы жүректерін қатайтқандар көп, сондықтан оларда оған орын жоқ; сондықтан олар жазылғанның көбін жоққа шығарып, оны ештеңе деп санамайды.

3 Бірақ мен, Нефи, жазғандарымды жаздым және мен оны өте құнды деп санаймын, әсіресе өз халқым үшін. Өйткені мен күндіз олар үшін үздіксіз мінажат етемін, ал түнде олардың кесірінен көз жасымды төгемін; мен Құдайыма сеніммен жалбарынамын және оның зарымды еститінін білемін.

4 Міне мен Құдай Иенің халқымның игілігі үшін дұғаларымды қасиетті ететінін білемін. Ал әлсіздікпен жазған сөздерім оларды күшті етеді; өйткені жазылғандар оларды жақсылық жасауға сендіреді; бұл оларға әкелері туралы білім береді; және ол Иса туралы айтады сондай‑ақ оларды оған сенуге және мәңгілік өмірдің соңына дейін шыдауға шақырады.

5 Міне ол шындықтың анықтығына сәйкес күнәға қарсы қатал сөйлейді; сондықтан менің жазған сөздеріме ешкім ашуланбайды, егер ол шайтанның рухынан болмаса.

6 Мен айқындыққа таңданамын; мен шындыққа таңданамын; мен Исама таңданамын, өйткені ол менің жанымды тозақтан құтқарды.

7 Менің өз халқыма қайырымдылығым бар және Мәсіхке үлкен сенім артамын, оның сот орнында дақсыз көптеген жандарды кездестіремін.

8 Менің яһудилерге қайырымдылығым бар, мен яһудилерге деймін, өйткені менің келген жерімнен келгендерді айтамын.

9 Менің өзге ұлттарға да қайырымдылығым шексіз. Бірақ міне, егер олар Мәсіхпен татуласып, тар қақпаға кірмесе және өмірге апаратын түзу жолмен жүрмесе және сынақ күнінің соңына дейін осы жолда қалмаса, мен олардың ешқайсысына үміттене алмаймын.

10 Ал енді, менің сүйікті бауырларым, яһудилер және жердің түпкір‑түпкіріндегі барлықтарың, осы сөздерге құлақ асып, Мәсіхке сеніңдер. Ал егер бұл сөздерге сенбесеңдер, Мәсіхке сеніңдер. Ал егер Мәсіхке сенсеңдер, бұл сөздерге сенесіңдер, өйткені бұл Мәсіхтің сөздері және ол оларды маған берді; және олар барлық адамдарды жақсылыққа үйретеді.

11 Ал егер бұл Мәсіхтің сөздері емес болса, онда өздерің бағалаңдар, өйткені соңғы күні Мәсіх бұл оның сөздері екенін сендерге күшпен және ұлы даңқпен көрсетеді сондай‑ақ мен және сендер оның үкімінің алдында бетпе‑бет тұрамыз; менің әлсіздігіме қарамастан мұның бәрін жазуды маған бұйырғанын білесіңдер.

12 Міне мен Мәсіхтің атынан Әкеге дұға етемін, бәріміз болмаса да, сол ұлы және соңғы күні оның патшалығында құтқарылуымыз үшін.

13 Ал енді, сүйікті бауырларым, Исраил үйіне жататындардың бәрі және сендерге, жердің түпкір‑түпкірінен келгендер, мен сендерге топырақтан айқайлаған дауыс ретінде айтамын: Сол ұлы күн келгенше қош бол.

14 Ал сендер, Құдайдың жақсылығын татқылары келмейтін және яһудилердің сөздерін, сондай‑ақ менің сөздерімді және Құдай Тоқтысының аузынан шығатын сөздерді құрметтемейтіндер, міне, мен сендермен мәңгілік қоштасамын, өйткені бұл сөздер сендерді соңғы күні айыптайды.

15 Өйткені жер бетінде мөрмен бекіткенім сотта сендерге қарсы шығарылады; өйткені Жаратқан Ие маған осылай бұйырды және мен мойынсұнуым керек. Әумин.

басып шығару