Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 18


18‑ші тарау

Мәсіх сүріндіретін кедергі тас немесе құлататын жартас болады. Сыбырлаған сәуегейлерге жүгінбей, Жаратқан Иені іздеңдер. Нұсқаулық алу үшін заң мен куәлікке жүгініңдер. Ишая 8‑бен салыстыр. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Сонымен қатар Жаратқан Иенің сөзі маған былай деді: Аумақты орамды алып, оған адам қаламымен Махер‑шалал‑хаш‑баз туралы жаз.

2 Міне мен жазу үшін діни қызметкер Ұрияны және Барақиях ұлы Зәкәрияны сенімді куәгерлерлерім етіп алдым.

3 Міне мен пайғамбар әйелге бардым; және ол құрсақ көтеріп, ұл туды. Сонда Жаратқан Ие маған деді: Оның атын Махер‑шалал‑хаш‑баз деген ат қой.

4 Міне енді баланың тілі шығып, Әкем менің мен анам менің дегенше, Дамаск пен Самарияның бүкіл байлығын Ассур патшасы олжалап кетеді.

5 Жаратқан Ие маған тағы да тіл қатып былай деді:

6 Өйткені бұл халық Силоғам бұлағының тыныш ағып жатқан суын менсінбейді, ал Ресин мен Ремалияхтың ұлына қуанады.

7 Сондықтан, Жаратқан Ие өзеннің буырқана тасыған мол суларын, яғни Ассур патшасын, күллі оның ұлылығын; міне ол өзінің барлық арна‑салаларынан асып‑тасып және сулары барлық жағалауларынан көтеріледі.

8 Міне ол Яһуда арқылы шығып; ол бұлқан талқан болып ағып, мойнына дейін жетеді; және оның кең қанаттары сенің бүкіл жеріңе жайылатын болады, Уа, Имануил.

9 Уа, халықтар, бірігіңдер, бәрібір шайқалып қырыласыңдар; алыс елдердің бәріне құлақ салыңдар! Бел байлаңдар, міне сендер қырыласыңдар, белбеулеріңді байлап алыңдар, міне сендер қырыласыңдар.

10 Бір‑біріңмен кеңес алыңдар, бірақ бұларың іске аспайды; сөз сөйлеңдер, міне ол орындалмайды; себебі Құдай бізбен бірге!

11 Өйткені Жаратқан Ие маған құдіретті қолын қойып, міне мен осы халықтың жолымен жүрмеуге бұйырып, былай деді:

12 Бұл халықтың «бүлік» деп атағанның бәрін сендер «бүлік» деп айтпаңдар; және оның қорыққанынан сендер қорықпаңдар да үрейленбеңдер де.

13 Әскербасы Иесінің өзін мадақтаңдар және ол сендердің қорқыныштарың болсын және ол сендердің үрейлерің болсын.

14 Міне ол киелі орын іспетті сияқты; бірақ Исраилдің екі үйінің де сүріндіретін кедергі тасы және құлататын жартасы сияқты, әрі Иерусалимнің тұрғындары үшін тор мен тұзақ секілді болады.

15 Міне олардың көбі сүрініп және құлап және талқандалады, сондай‑ақ торға түсіп, ұсталады.

16 Шәкірттерімнің арасында куәлікті байлап, заңды мөрмен бекіт.

17 Міне мен Жақыптың үйінен өз бетін жасырған Жаратқан Иені күтемін және мен оған сенім арта беремін.

18 Міне, мен және Жаратқан Иенің маған берген балалары, ол Сион тауында тұратын Әскербасы Иесі Исраил елінде білдірген белгілері мен кереметтері болып табылады.

19 Міне олар сендерге: «Аруағы мен жынын шақырып, сыбырлап, міңгірлейтін сәуегейлерден сұрауды сұраңдар» деген кезде, – тірілер өлгендерден есту үшін, халық өз Құдайын ғана іздеуге тиіс емес пе?

20 Заңға және куәлікке сүйеніңдер; ал егер олар осы сөзге сай сөйлемесе, онда өйткені оларда нұр жоқ.

21 Олар зор қысымшылық көреді және аштықтан өтеді; және олар аштықтан қиналғанда, олар қатты ашуланып, өздерінің патшасы мен Құдайына тіл тигізеді және жоғарыға көз салады.

22 Міне олар жерге көз салады, ал онда қайғы‑қасірет пен қара түнек, үрейлі қараңғылықты көреді және қара түнекке қуылатын болады.