4‑ші тарау
Лехи өз ұрпағына кеңес беріп, бата береді. Ол қайтыс болып жерленеді. Нефи Құдайдың жақсылығын мадақтайды. Нефи Құдайға мәңгілікке сенім артады. Шамамен 588–570 ж. Иса Мәс. дейін.
1 Міне мен Нефи Мысырға әкетілген Жүсіпке қатысты әкем айтқан пайғамбарлықтар туралы айтып отырмын.
2 Міне енді, ол өзінің барлық ұрпағы туралы шынымен пайғамбарлық етті. Міне ол жазған пайғамбарлықтан асатын ұлы жазба көп емес. Содан, ол біз және болашақ ұрпақтарымыз туралы пайғамбарлық етті; және бұл жазбалар мыс парақтарында жазылған.
3 Сонымен, әкем Жүсіптің пайғамбарлықтары туралы айтуды аяқтағаннан кейін, Ламанның балаларын, оның ұлдарын және оның қыздарын шақырып алып, оларға былай деді: Міне, менің ұлдарым және менің қыздарым, яғни менің тұңғышымның ұлдары мен қыздары, менің сөздеріме құлақ асуларыңды қалаймын.
4 Сонымен, Құдай Иеміз былай деді: Менің өсиеттерімді ұстанатын болсаңдар, осы жер бетінде өркендеп дамисыңдар, ал егер өсиеттерімді ұстанбайтын болсаңдар, менің қасымнан табылмайсыңдар.
5 Бірақ міне ескертейін, менің ұлдарым мен қыздарым, мен сендерге бата бермей қабіріме бара алмаймын; міне сендер осы дұрыс жолда тәрбие алып өссеңдер, сол жолдан тайынбайтындарыңды білемін.
6 Сондықтан, егер сендер қарғысқа ұшырасаңдар, сол қарғыс сендерден алынып, сендердің ата аналарыңның бастарына бұйырса екен деп, батамды сендерге қалдырамын.
7 Сонымен, менің батамның арқасында Құдай Иеміз сендердің құрып кетулеріңе жол бермейді; сондықтан ол сендерге және сендердің ұрпақтарыңа мәңгілік мейірімді болады.
8 Міне, дәл солай болды, әкем Ламанның ұлдары мен қыздарына сөйлеуді аяқтағаннан кейін, Лемуилдың ұлдары мен қыздарын алдына алып келуді талап етті.
9 Міне ол оларға былай деді: Міне, мына, менің ұлдарым және менің қыздарым, олар менің екінші ұлымның ұлдары мен қыздары; міне, мен Ламанның ұлдары мен қыздарына берген батамды сендерге де қалдырамын: сондықтан сен мүлдем жойылмайсың: бірақ соңында сенің ұрпағың батасын алады.
10 Міне, дәл солай болды, менің әкем оларға сөзін аяқтаған соң, міне, ол Ысмағұлдың ұлдарына, иә тіпті бүкіл үйіне сөз сөйледі.
11 Міне оларға сөзін аяқтаған соң, ол Самге сөз сөйледі: Сен және сенің ұрпағың батаға бөленесіңдер! Өйткені сен бұл жерді өзіңнің бауырың Нефи сияқты иемденесің. Міне сенің ұрпағың оның ұрпағымен бірге сынақтан өтеді; сен тіпті өз бауырыңа ұқсайтын боласың; және сенің ұрпағың оның ұрпағына ұқсас; және сен барлық күндеріңде бата аласың.
12 Міне, дәл солай болды, менің әкем Лехи өзінің жүрегіндегі сезімдер мен оның бойындағы Иеміздің Рухына сәйкес бүкіл отбасына сөз сөйлеген соң, ол қартайды. Міне, дәл солай болды, ол қайтыс болып жерленеді.
13 Міне, дәл солай болды, оның қайтыс болғаннан көп ұзамай, Ламан мен Лемуил және Ысмағұлдың ұлдары Иеміздің ескертулері үшін маған ашуланды.
14 Мен, Нефи, оның сөзіне сәйкес, оларға сөз сөйлеуге мәжбүр болдым; өйткені мен оларға көп нәрсені айтқан болатынмын және менің әкем де өлер алдында айтқан еді; осы айтылған сөздің көбі менің басқа парақтарымда жазылған; және тарихтың негізгі бөлігі менің басқа парақтарымда жазылған.
15 Міне, мен өзімнің жан дүниемдегі нәрселерді және сол мыс парақтарына ойып жазылған көптеген жазбаларды жазамын. Өйткені менің жаным киелі жазбаларға қуанады, ал жүрегім оларды ой елегінен өткізіп, балаларымның білімі мен пайдасы үшін жазады.
16 Міне, менің жаным Иеміздің істеріне қуанады; және менің жүрегім үнемі өзім көрген және естіген нәрселер туралы ойланады.
17 Дегенмен, Иеміздің ұлы жақсылықтарына қарамастан, маған оның ұлы және ғажайып жұмысын көрсете отырып, менің жүрегім: Ей, мен сорлы адаммын! – деп айқай салады. Иә, менің жүрегім тәнім үшін қайғыға батады; менің жаным менің заңсыздықтарым үшін қайғырады.
18 Мені оңай иемденіп алатын азғырулар мен күнәлардың қоршауындамын.
19 Міне мен қуанғым келген кезде, күнәларым үшін жүрегім ыңылдайды; дегенмен, мен кімге сенетінімді білемін.
20 Менің Құдайым менің тірегім болды; ол мені шөл даладағы менің азаптарымнан өткізді; ол мені ұлы судың тереңдігінде сақтап қалды.
21 Ол мені өзінің сүйіспеншілігімен толтырды, тіпті тәнім оттай жанып кете жаздады.
22 Ол менің дұшпандарымды масқара етті, менің алдымда оларды сілкіп алды.
23 Міне, ол менің зарымды күндіз естіп, түнде маған аяндар арқылы білім берді.
24 Міне мен күні бойы оның алдында бар күшімді салып, мінажат ету арқылы жігерлендім; иә, мен дауысымды көкке көтердім, сонда періштелер төмен түсті және маған қызмет етті.
25 Міне менің денем оның Рухының қанатымен соншалықты биік тауларға көтерілді. Міне менің көзім көптеген керемет нәрселерді көрді, иә, тіпті адам үшін тым керемет; сондықтан маған оларды жазбауды бұйырды.
26 О, егер мен осындай ұлы нәрселерді көрген болсам, егер Жаратқан Иеміз адам баласына мейірімін төгіп, адамдарға осындай үлкен мейірімділікпен барған болса, неге менің азаптарым үшін менің жүрегім жылап, менің жаным қайғы алқабында жатыр және тәнім солып, күшім әлсіреп бара жатыр?
27 Міне неге тәнім үшін өзімді күнәға бой алдыруым керек? Иә, неге мен зұлымдыққа жүрегімде орын алып, менің тыныштығымды бұзып жанымды азапқа салатын азғыруларға көнуім керек? Неге жауымның кесірінен мен ашуланамын?
28 Оян, жаным! Күнәнің кесірінен көңіліңді түсірме. Қуан, уа жүрегім, осыдан менің жанымның дұшпанына орын берме.
29 Жауларымның кесірінен қайтып ашуға салынба. Қиындықтарымның кесірінен күш‑қуатымның әлсіреуіне жол берме!
30 Қуан, уа, жүрегім, Иеге жалбарын: Уа, Ием, мен сені мәңгілікке мадақтаймын, иә, жаным сенімен бірге қуанады, Құдайым және менің құтқарылуымның қорғаны!
31 Уа, Ием, сен менің жанымды құтқарасың ба? Мені дұшпандарымның қолынан құтқарасың ба? Мен күнәні көрген бойда зәрем ұшатындай жасайсың ба?
32 Менің көз алдымда тозақтың қақпалары үнемі жабық тұрсын; өйткені менің жүрегім жараланып, жаным өкінішке толы! Уа, Ием, мен алқаптық төмен жолында жүруім үшін, сондай ақ мен тура жолдан таймай жүре алатындай, менің алдымда өз әділдігіңнің қақпаларын жаппашы!
33 Уа, Ием, мені өзіңнің әділділдігіңнің киімімен қоршап ала гөр! Уа, Ием, жолдарыңды маған нұсқай гөр, сонда мен жауларымнан қашып құтыламын. Маған ақ жолыңды көрсете гөр! Менің жолыма сүріндіретін кедергі тасты қойма, бірақ алдымнан жолды тазартып берші, менің жолымды емес, бірақ менің жауымның жолын бөге.
34 Уа, Жаратқан Ием, мен саған сенім арттым және мәңгілікке сенім артамын. Мен тәннің қолына сенім артпаймын; өйткені мен тәннің қолына кім сенім артса қарғысқа ұшырайды деп білемін. Иә, адамға сенім артатын немесе тәнді тірек ететін адамға қарғыс!
35 Иә, Құдай сұрағанға жомарттықпен беретінін білемін. Иә, егер мен жаман нәрсе сұрамасам, Құдайым маған береді; сондықтан мен саған дауысымды көтеріп; уа, Құдайым, саған сиынамын, жартастай әділдік қорғанымсың. Міне, мен саған мәңгі дауысымды көтеріп жалбарынамын, менің жартасым және менің мәңгілік Құдайым. Әумин.