Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 32


32‑ші тарау

Періштелер Қасиетті Рухтың күшімен сөйлейді. Адамдар дұға етіп, Қасиетті Рухтан өздері үшін білім алулары керек. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Ал енді, міне, менің сүйікті бауырларым, осы дұрыс жолға кіргеннен кейін не істеу керектігі туралы жүректеріңізде қандай да бір дәрежеде ойланып жатқаныңызға сенемін. Бірақ, міне, неге осы нәрселерді жүректеріңде ойлайсыңдар?

2 Қасиетті Рухты қабылдағаннан кейін, періштелердің тілінде сөйлей алатындарыңды айтқаным естеріңде жоқ па? Ал енді, Қасиетті Рух арқылы болмаса, періштелердің тілінде қалай сөйлей алар едіңдер?

3 Періштелер Қасиетті Рухтың күшімен сөйлейді – сондықтан олар Мәсіхтің сөздерін айтады. Сондықтан, мен сендерге былай дедім: Мәсіхтің сөздеріне қанағат етіңдер; өйткені міне, Мәсіхтің сөздері сендерге нені істеу керек екенін айтып береді.

4 Сондықтан, енді, мен бұл сөздерді айтқаннан кейін, егер сендер оларды түсіне алмасаңдар, сұрамағандарың және тықылдамағандарың үшін болады; сондықтан сендер жарыққа шығарылмайсыңдар, бірақ қараңғылықта жойылуларың керек.

5 Міне енді, мен тағы да айтамын, егер сендер осы дұрыс жолмен келіп, Қасиетті Рухты қабылдасаңдар, ол сендерге не істеу керек екенін көрсетеді.

6 Міне бұл Мәсіхтің ілімі және ол сендерге тәндік жолмен өзін танытпайынша, басқа ешбір ілім берілмейді. Ал сендерге тәнінде көрінген кезде, оның айтқанын орындауларың керек.

7 Ал енді мен, Нефи, бұдан былай айта алмаймын; Рух менің сөзімді тоқтатады, мен тек адамдардың сенімсіздігі, зұлымдығы, надандығы және қатыгездігі үшін қайғырамын; өйткені олар білімге ұмтылғысы келмейді және үлкен білім оларға түсінікті түрде берілгенде, иә, сөздің мүмкіндігінше анық берілгенде де түсінгісі келмейді.

8 Ал енді, менің сүйікті бауырларым, сендердің әлі де жүректеріңде ойланып жатқандарыңды көріп тұрмын; және бұл туралы айту керек екені мені қынжылтады. Өйткені сендер адамға дұға етуге үйрететін Рухты тыңдасаңдар, дұға етулерің керек екенін білесіңдер; өйткені зұлым рух адамды дұға етуге үйретпейді, бірақ оған дұға етпеу керектігін үйретеді.

9 Бірақ міне, мен сендерге айтамын: сендер әрқашан дұға етулерің керек және есінен танып қалмауларың керек; Мәсіхтің атымен Әкеге дұға етпей, Иемізге ештеңе істемеулерің керек, сонда ол сен үшін істеріңді жаныңның игілігі үшін болсын деп қасиетті етеді.