Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 12


12‑ші тарау

Нефи көрісте уәде етілген жерді көреді; оның тұрғындарының әділдігін, зұлымдығы мен күйреуін; олардың арасына Құдай Тоқтысының келуін; он екі шәкірт пен он екі апостолдың Исраилге төрелік етуін; және имансыздыққа түскендердің жиіркенішті және лас күйі. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, періште маған былай деді: Қара, және өз тұқымыңды көр, сондай‑ақ өз бауырларыңның тұқымын да. Міне мен қарадым және уәде етілген жерді көрдім; сондай‑ақ мен қалың жұртты көрдім, иә, тіпті олардың саны теңіздің құмындай көп болды.

2 Міне дәл солай болды, сонда мен бір‑бірімен соғысу үшін жиналған қалың жұртты көрдім; мен өз халқымның арасында соғыстар мен соғыстар туралы қауесеттерді және семсермен қырылған қырғындарды көрдім.

3 Міне дәл солай болды, мен жер бетіндегі соғыстар мен алауыздықтардың салдарынан қаншама ұрпақтың өмірден өткенін көрдім және мен көптеген қалаларды көрдім, иә, тіпті оларды санамадым.

4 Міне, дәл солай болды, мен уәде етілген жердің бетінде қара түнекті көрдім; және мен найзағайларды көрдім және мен күннің күркірегені мен жер сілкіністерін және барлық түрдегі дүрбелең дыбысты естідім; міне мен жер мен тастардың жыртылып жатқанын көрдім; және мен жер мен тастардың бөлініп жатқанын көрдім; және мен таулардың құлап жатқанын көрдім; және мен жер бетіндегі жазықтарды да көрдім, олар жарылып кеткен; мен суға батқан көптеген қалаларды да көрдім; мен олардың көбі өртке оранғанын да көрдім; мен оның сілкіністен көбі жерге құлағанын да көрдім.

5 Міне дәл солай болды, мен бұл нәрселерді көргеннен кейін, мен қара түнек буды көрдім, ол жер үстінен тарады; сонда міне, мен Жаратқан Иенің ұлы және қорқынышты үкімдерінен құламаған қалың топты көрдім.

6 Міне мен көктің ашылғанын және Құдай Тоқтысының көктен түсіп келе жатқанын көрдім; ол төмен түсіп, оларға өзін танытты.

7 Міне мен Киелі Рухтың басқа он екіге түскенін де көрдім, мен оған куәлік етемін; және оларды Құдай тағайындады және таңдады.

8 Міне періште маған тіл қатып, былай деді: Сенің тұқымыңа қызмет ету үшін таңдалған Тоқтының он екі шәкіртіне қара.

9 Міне ол маған былай деді: Тоқтының он екі елшісі есіңде ме? Міне, бұлар Исраилдің он екі руына төрелік ететіндер; сондықтан сенің ұрпағыңнан шыққан он екі қызметшіге олар төрелік ететін болады, өйткені сендер Исраил үйіненсіңдер.

10 Міне өзің көріп тұрған осы он екі қызметші сенің ұрпағыңа төрелік етеін болады. Ал, міне, олар мәңгілік әділ болады; олардың сенімі Құдайдың Тоқтысына адал болғандықтан олардың киімдері оның қанымен ағартылған.

11 Міне періште маған былай деді: Қара! Міне, үш ұрпақ әділдікпен өмірден кетіп жатқанын көрдім және олардың киімдері Құдайдың Тоқтысындай аппақ болды. Міне періште маған былай деді: Бұлар Тоқтыға сенгендіктен, оның қанымен ағарылды.

12 Міне мен, Нефи, сондай‑ақ төртінші ұрпақтың көпшілігі әділдіктің жолында өмірден кеткенін көрдім.

13 Міне дәл солай болды, мен жер бетіндегі қалың жұрттың жиналып тұрғанын көрдім.

14 Міне дәл солай болды, періште маған былай деді: Міне, сенің тұқымың, сондай‑ақ бауырларыңның тұқымы.

15 Міне дәл солай болды, мен қарадым және менің тұқымым қалың жұрт болып жиналып, менің бауырларымның тұқымына қарсы шыққанын көрдім, міне олар шайқасу үшін жиналды.

16 Міне періште маған тіл қатып, былай деді: Міне, сенің әкең көрген арам судың қайнар көзін қара; иә, ол айтқан өзен мен оның тереңдігі тозақтың тереңдігі.

17 Міне қара түнек — ол шайтанның азғырулары, олар адам баласының көздерін соқыр етеді және жүректерін қатайтады, оларды кең жолдарға тартады, осылайша олар жойылады және құрып кетеді.

18 Міне сенің әкең көрген үлкен әрі кең ғимарат — бұл адам баласының бос қиялдары мен мақтанышы. Міне оларды қорқынышты және терең тұңғиық бөліп тұр; иә, яғни Мәңгілік Құдайдың және Құдайдың Тоқтысы Мәсіхтің әділдігінің сөзі, ол туралы Киелі Рух осы әлем басталғалы осы уақытқа дейін және осы уақыттан бастап және мәңгілікке куәлік етеді.

19 Міне періште осы сөздерді айтып жатқанда, мен қарадым және періштенің сөзіне сай, бауырларымның тұқымы менің тұқымыма қарсы шыққанын көрдім, сондай‑ақ мен өз тұқымымның мақтанышы мен шайтанның азғыруларына байланысты бауырларымның тұқымы менің тұқымымнан шыққан халыққа басым болғанын көрдім.

20 Міне дәл солай болды, мен қарадым және бауырларымның тұқымынан шыққан халық менің тұқымымнан басым түсті, сондай‑ақ олар қалың жұрт болып жер бетінде тарап кетті.

21 Міне мен олардың қалың жұрт болып жиналғанын көрдім; мен олардың арасында соғыстар мен соғыс туралы қауесеттердің басталғанын көрдім; сондай‑ақ мен сол соғыстарда және соғыс туралы қауесеттерде талай ұрпақтың өмірден өткенін көрдім.

22 Міне періште маған былай деді: Міне бұлар имансыздыққа түскендер.

23 Міне, дәл солай болды, олар имансыздыққа түскен соң, олар босқа және әр түрлі жиіркенішті істерге толы, қараңғы да зұлым және арам халыққа айналғанын көрдім.