Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 16


16‑шы тарау

Зұлымдар шындықты қатал деп санайды. Лехидің ұлдары Ысмағұлдың қыздарына үйленеді. Лиахона шөл далада олардың бағытын басқарады. Лиахонаға анда‑санда Жаратқан Иенің хабарлары жазылады. Ысмағұл өледі; оның отбасы қиыншылықтан күңкілдейді. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, бауырларыммен сөйлесіп болғаннан кейін, міне, олар маған былай деді: Сен бізге шыдай алмайтын тым ауыр нәрселерді айттың.

2 Міне дәл солай болды, мен оларға шындыққа сай, зұлымдарға қарсы ауыр нәрселерді айтқанымды білемін деп айттым; міне мен әділдерді ақтадым және олар соңғы күні жоғары көтерілетініне куәлік етемін; сондықтан, кінәлілер шындықты қатыгез деп санайды, өйткені бұл олардың жүрегіне ауыр тиеді.

3 Ал енді бауырларым, егер сендер әділ болсаңдар және шындықты тыңдауға дайын болсаңдар және Құдайдың алдында мінсіз жүру үшін оған құлақ асқан болсаңдар, онда шындық үшін күңкілдеп, былай демес едіңдер: Сен бізге қарсы ауыр нәрселерді айтасың.

4 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, бауырларымды Жаратқан Иенің өсиеттерін орындауға бар ынта‑жігеріммен шақырдым.

5 Міне дәл солай болды, олар Жаратқан Иенің алдында кішіпейілділік танытқаны сонша; олар әділдік жолында жүреді деп, мен қуандым және оларға үлкен үміт арттым.

6 Енді осының бәрі менің әкем Лемуел деп атаған алқаптағы шатырда тұрған кезде айтылды және жасалды.

7 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, Ысмағұлдың қыздарының біреуін әйелдікке алдым, сондай‑ақ, менің бауырларым Ысмағұлдың қыздарын әйелдікке алды және Зорам да Ысмағұлдың үлкен қызын әйелдікке алды.

8 Міне осылайша менің әкем Жаратқан Иенің оған тапсырған барлық өсиеттерін орындады. Сондай‑ақ мен, Нефи, Жаратқан Иенің ерекше батасына бөлендім.

9 Міне дәл солай болды, Жаратқан Иенің даусы түнде әкеме тіл қатты және оған ертеңгі күні шөл далаға сапарға шығуды бұйырды.

10 Міне дәл солай болды, әкем таңертең тұрды да шатырдың кіреберісіне қарай бара жатқанда, қатты таң қалды, ол жерде әдеттен тыс шеберліктегі дөңгелек шарды көрді; ал ол таза жезден жасалған болатын. Ал шардың ішінде екі жебелер болды; ал біреуі біздің шөл далаға баратын жолды көрсетті.

11 Міне, дәл солай болды, шөл далаға апаруымыз керек нәрселерді және Жаратқан Иенің бізге берген ризық‑несібесінің барлығын жинадық; және біз шөл далаға әкету үшін, мүмкіндігінше барлық түрдің тұқымын да алдық.

12 Міне дәл солай болды, біз шатырларымызды алып, Ламан өзенінің арғы жағындағы шөл далаға жол тарттық.

13 Міне дәл солай болды, біз төрт күн бойы оңтүстік‑оңтүстік‑шығыс бағытында жүрдік және шатырымызды қайтадан тіктік; және біз бұл жердің атын Шазер деп атадық.

14 Міне дәл солай болды, біз садақтарымыз бен жебелерімізді алдық та отбасыларымызға ас өлтіру үшін шөл далаға аттандық; және отбасымызға асты өлтіргеннен кейін, шөл даладағы Шазер жеріндегі отбасыларымызға қайта оралдық. Міне дәл сол бағытта біз Қызыл теңізге жақын шекаралардағы шөл даланың ең құнарлы жерлерін ұстай отырып, сол бағытта жүріп, тағы да шөл далаға жол тарттық.

15 Міне дәл солай болды, біз көптеген күндер бойы жол жүрдік және жол бойы садақтарымыз бен жебелерімізбен, тастарымызбен және сақпанымызбен асты өлтірдік.

16 Міне біз шынымен де шардың нұсқауын орындадық, бұл бізді шөл даланың құнарлы жерлеріне жетеледі.

17 Ал біз көптеген күндер бойы жол жүргеннен кейін, қайтадан демалып және өз отбасымызды аспен қамтамасыз ету үшін, біраз уақытқа шатырларымызды тіктік.

18 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, ас өлтіру үшін шыққанымда, мен таза болаттан жасалған садағымды сындырып алдым және садағымды сындырып алған соң, менің бауырларым садағымның жоғалып кеткені үшін маған ашуланды, өйткені біз ас таппадық.

19 Міне дәл солай болды біз өз отбасыларымызға ассыз оралдық және жолдан қатты шаршаған олар астың тапшылығынан қатты қиналады.

20 Міне дәл солай болды, Ламан мен Лемуел және Ысмағұлдың ұлдары шөл далада көрген олардың азаптары мен қасіреттері үшін қатты күңкілдей бастады; менің әкем де өзінің Құдайы Жаратқан Иеге күңкілдей бастады; иә, міне олардың бәрі қатты қайғырды, тіпті олар Жаратқан Иеге қарсы күңкілдеді.

21 Енді солай болды, мен, Нефи, садағымнан айырылғандықтан және олардың садақтары серіппелерінен айырылғандықтан, бауырларыммен бірге азап шектім, міне бұл өте қиын болды, иә, соншалық, біз асқа ешнәрсе таппай қалдық.

22 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, бауырларыммен көп сөйлестім, өйткені олардың жүректері қайтадан қатайып, тіпті олардың Құдайы Жаратқан Иеге қарсы күңкілдей бастады.

23 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, ағаштан садақ және түзу таяқтан жебе жасадым; сондықтан мен садақ пен жебемен, сақпан және тастармен қаруландым. Міне мен әкеме былай дедім: Асты табу үшін қайда барайын?

24 Міне дәл солай болды, ол Жаратқан Иеден сұрады, өйткені олар менің сөздерім үшін кішіпейілділік танытты; өйткені мен оларға жан‑тәнімнің күшімен көп нәрсені айттым.

25 Міне дәл солай болды, менің әкеме Жаратқан Иенің дауысы жетті; ол шынымен де Жаратқан Иеге қарсы күңкілдегені үшін жазаланды, сөйтіп ол қайғының түбіне түсті.

26 Міне, дәл солай болды, Жаратқан Иенің даусы оған былай деді: Шарға қара және не жазылғанын көр.

27 Міне дәл солай болды, әкем шарда не жазылғанын көрген кезде, ол қатты қорқып, қалтырап кетті, сондай‑ақ менің бауырларым мен Ысмағұлдың ұлдары мен біздің әйелдеріміз.

28 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, шардағы көрсеткіштерді көрдім, олар біз оларға берген сенім мен ыждағаттылықа және назарға сай әрекет етті.

29 Міне сондай‑ақ олардың үстіне оқуға болатын жаңа жазба да жазылған, бұл бізге Жаратқан Иенің жолдары жайлы түсінік берді және біз оған берген сеніміміз бен ыждағатымызға сай анда‑санда жазылды және өзгертілді. Міне осылайша, біз Жаратқан Иенің аз ғана құралдармен үлкен нәрселерді жасай алатынын көреміз.

30 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, шарда берілген нұсқауларға сәйкес таудың басына шықтым.

31 Міне, дәл солай болды, мен жабайы аңдарды өлтірдім, осылайша мен отбасымызға жеткілікті ас таптым.

32 Міне дәл солай болды, мен өлтірген аңдарды көтеріп, шатырларымызға қайтып оралдым; ал енді мен ас тапқанымды көргенде, олардың қуанышы ішіне симады! Міне дәл солай болды, олар Жаратқан Иенің алдында кішіпейілділік танытып, оған ризашылық білдірді.

33 Міне дәл солай болды, біз қайтадан жолға шықтық, басындағыдай дерлік жолмен жүріп отырдық және біз көп күн бойы жол жүргеннен кейін, біраз уақыт кідіріп алу үшін шатырларымызды қайта тіктік.

34 Міне дәл солай болды, Ысмағұл қайтыс болды және Наһом деген жерде жерленеді.

35 Міне дәл солай болды, Ысмағұлдың қыздары әкесінен айырылып, шөл далада көрген азаптары үшін қатты қайғырды; сондай‑ақ олар менің әкеме қарсы күңкілдеді, өйткені ол оларды Иерусалим жерінен алып шыққаны үшін, былай деді: әкеміз өлді; иә, біз шөл далада талай кезіп жүрдік, көптеген азапты, аштықты, шөлді бастан өткердік және қажыдық; міне осыншама азаптан кейін біз шөл далада аштықтан өлуге мәжбүрміз.

36 Міне олар менің әкеме және маған қарсы күңкілдеді және олар Иерусалимге қайта оралғысы келді.

37 Міне Ламан Лемуелге және Ысмағұлдың ұлдарына былай деді: Енді әкемізді және біз оның үлкен ағалары болғанымызға қарамастан біздің билеушісі және біздің ұстазымыз болуды өзіне міндеттеген, бауырымыз Нефиді де өлтірейік.

38 Енді ол Жаратқан Иенің онымен сөйлескенін және періштелердің оған қызмет еткенін айтады. Бірақ міне, біз оның бізге өтірік айтқандығын білеміз және ол бізді алдау үшін бұл өтіріктерді айтады және өзінің айлакерлік амалдарымен көптеген айла‑шарғылар жасайды; бәлкім, ол бізді белгісіз жаққа апаруды ойлайды, ал ол бізді алып кеткеннен кейін, ол бізге өз еркімен және қалауымен әрекет ету үшін өзін бізге патша және билеуші етуді ойлады. Міне осылайша Ламан бауырым олардың жүректерінде ашу‑ыза тудырды.

39 Міне дәл солай болды, Жаратқан Ие бізбен бірге болды; иә, тіпті оларға Жаратқан Иенің даусы келіп, оларға көп нәрсені айтты және оларды қатты жазалады; және олар Жаратқан Иенің даусымен жазаланған соң, олар ашуларын қайтарып, күнәлары үшін қатты өкінді, Жаратқан Ие бізге тағы да ризық‑несібесін берді, сонда біз қырылып қалмадық.