Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 6


6‑шы тарау

Нефи Құдайдың істері туралы жазады. Нефидің мақсаты – адамдарды Ыбырайымның Құдайына келуге және құтқарылуға көндіру. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Ал енді мен, Нефи, менің жазбамның осы бөлігінде ата‑бабаларымның жазбасын келтірмеймін; және оны мен жазып отырған мына парақтардан кейін ешқашан келтірмеймін; себебі бұл менің әкемнің жазбасында берілген; сондықтан мен бұл жұмыста оны жазбадым.

2 Өйткені Жүсіптің ұрпағы екенімізді айтсам да жеткілікті.

3 Ал мен үшін әкемнің барлық істері туралы толық баяндауды келтіру маңызды емес, өйткені оларды бұл парақтарда жазу мүмкін емес, өйткені мен Құдайдың істері туралы жаза алатын орын болғанын қалаймын.

4 Өйткені менің барлық ниетім ол – адамдарды мен мүмкіндігінше Ыбырайымның Құдайына, және Ысқақтың Құдайына, және Жақыптың Құдайына келуге және құтқарылуға көндіру.

5 Сондықтан, мен дүниеге ұнайтын нәрселер туралы емес, бірақ Құдайға және осы дүниелік еместерге ұнайтын нәрселерді жазып отырмын.

6 Сондықтан, мен өз ұрпағыма өсиет етемін: олар бұл парақтарды адам баласы үшін жарамсыз нәрселермен толтырмасын.