Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 8


8‑ші тарау

Лехи өмір ағашының көрінісін көреді. Ол ағаштың жемісін жейді және өзінің отбасынан да солай етуді қалайды. Ол темір ұстаманы, тығыз әрі тар жолды, және адамдарды қоршап тұрған қара түнекті көреді. Сария, Нефи және Сам жемістен дәм татады, бірақ Ламан мен Лемуел жеуден бас тартады. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, біз әр түрдің тұқымдарының барлық түрлерін, дәнді – дақылдарының әр түрінен және де әр түрлі жеміс тұқымдарын жинадық.

2 Міне дәл солай болды, менің әкем шөл далада жүрген кезде бізге тіл қатып, былай деді: Міне мен түс көрдім, басқаша айтқанда, мен көрініс көрдім.

3 Ал міне, мен көрген нәрсеге байланысты мен Нефи үшін, сондай‑ақ Сам үшін Иемізге қуануға себебім бар; өйткені олар, сондай‑ақ олардың көптеген ұрпақтары да құтқарылады деп ойлауыма негіз бар.

4 Бірақ міне, Ламан мен Лемуел, мен сендер үшін қатты қорқамын; өйткені, мен түсімде қараңғы да мұңға толы шөл даланы көргендей болдым.

5 Міне дәл солай болды, мен бір адамды көрдім, ал ол ақ шапан киген; және ол менің алдыма келіп тұрды.

6 Міне дәл солай болды, ол маған сөйлеп, оның соңынан еруді бұйырды.

7 Міне дәл солай болды, мен оның соңынан ергенімде, қараңғы және мұңға толы шөл далада екенімді көрдім.

8 Міне мен көп сағат бойы қараңғыда кезіп жүргеннен кейін, мен Жаратқан Иенің кең мейірімінің көптігіне сай маған рақым етуін сұрай бастадым.

9 Міне дәл солай болды, мен Жаратқан Иеге мінажат еткеннен кейін мен үлкен және кең өрісті көрдім.

10 Міне дәл солай болды, мен бір ағашты көрдім, оның жемісі көз тартарлық болғандықтан адамды бақытты етті.

11 Міне дәл солай болды, мен шықтым да, оның жемісінен дәм таттым; және мен бұрын‑соңды дәмін татып көрген барлық нәрселерден де тәтті екенін білдім. Иә, мен оның жемісінің ақ екенін көрдім, оның ақтығы мен бұрын‑соңды көрген ақтықтың барлығын асып түсті.

12 Міне мен оның жемісінен дәм таттым, бұл менің жанымды зор қуанышқа толтырды; сондықтан менің отбасымның да осыдан дәм татқанын қаладым; өйткені мен оның басқа жемістерден бәрінен де неғұрлым көз тартарлық екенін білдім.

13 Міне мен өз отбасымды да тауып қаламын ба деп жан‑жаққа қадағалай қарадым, мен су өзенін көрдім; және ол ағып жатты, және ол мен жемісін жеген ағаштың жанында орналасқан болатын.

14 Ал мен оның қайдан шығып жатқанын білу үшін қарадым; және мен оның көзі алыс емес екенін көрдім; оның басында мен сенің анаң Сария мен Самды және Нефиді көрдім; және олар қайда бару керектігін білмегендей тұрды.

15 Міне дәл солай болды, мен оларға қол сілтедім; сондай‑ақ мен оларға қатты дауыспен: олар маған келіп, басқа жемістердің бәрінен де неғұрлым көз тартарлық жемістен дәм тартыңдар дедім.

16 Міне дәл солай болды, олар менің қасыма келді және олар да жемістен дәм татты.

17 Міне дәл солай болды, мен Ламан мен Лемуелдің де келіп жемістен дәм татқанын қаладым; сондықтан, мен оларды көрсем деп, өзеннің бастауына қарай көз тастадым.

18 Міне дәл солай болды, мен оларды көрдім, бірақ олар маған келіп жемістен дәм татудан бас тартты.

19 Міне мен темір ұстаманы көрдім, ал бұл ұстама өзеннің жағасын бойлай созылды және мен тұрған ағашқа қарай жетеледі.

20 Міне мен сондай‑ақ темір ұстаманың бойымен, тіпті мен тұрған ағашқа дейін өтетін тығыз әрі тар жолды көрдім; және ол да бұлақ басынан өтіп, бір дүние болғандай үлкен де кең өріске алып барды.

21 Міне мен адамдардың сансыз жиынын көрдім; олардың көбі мен тұрған ағашқа апаратын жолға жету үшін алға ұмтылды.

22 Міне дәл солай болды, олар жолға шықты да, ағашқа апаратын жолға түсті.

23 Міне дәл солай болды, онда қара түнек пайда болды, иә, тіпті қалың қара түнек, сонша, тіпті осы жолға түскендер одан адасып, осылайша олар шатасып әрі жоғалып кетті.

24 Міне дәл солай болды, басқалардың алға ұмтылғанын көрдім және олар келіп темір ұстаманың шетінен ұстап алды; және олар ағаштың жемісінен дәм татқанша, темір ұстамаға жабысып алып, қара түнек арқылы алға қарай жылжый берді.

25 Міне ағаштың жемісінен дәм татқан соң, олар ұялғандай айналасын көздерімен сүзіп қарады.

26 Мен сондай‑ақ айналаға көз жүгіртіп қарадым, және су өзенінің арғы жағында үлкен және кең ғимаратты көрдім; және ол ауада тұрғандай, жоғары жердің үстінде тұрды.

27 Міне ол адамдарға толы болды, кәрі де, жас та, еркек те, әйел де; және олардың киім үлгісі сондай тамаша болды; міне сонда келіп және жемістен дәм татқандарды олар келекелеп, саусақтарын нұсқағандай болды.

28 Міне жемістің дәмін татқаннан кейін, олар өздерін келеке еткендерден ұялды; және олар тыйым салынған жолдарға түсіп, жоғалып кетті.

29 Ал енді мен Нефи, әкемнің сөздерін түгелдей айта бермеймін.

30 Бірақ қысқаша жаза кетсем, міне, ол алға ұмтылған басқа тобырды көрді; олар келіп, темір ұстамның шетіне жармасып жатты; және олар құлап, ағаштың жемісінен дәм татқанша, үнемі темір ұстаманы жармаса ұстай отырып, алға қарай өз жолымен жылжый берді.

31 Міне, ол сондай‑ақ сол үлкен және кең ғимаратқа қарай жолын сипап жылжыған басқа да тобырды көрді.

32 Міне дәл солай болды, талайы бұлақтың түбінде батып кетті, ал талайы белгісіз жолдарда адасып жүріп, оның көз алдында ғайып болып жатты.

33 Міне, бұл оғаш ғимаратқа кірген адамдардың көптігі керемет болды. Міне, олар сол ғимаратқа кіргеннен кейін, олар маған және жемістен дәм татқандарды менсінбей саусақтарын нұсқады, бірақ біз оларға құлақ аспадық.

34 Бұл менің әкемнің сөздері: міне оларға құлақ асқандардың барлығы жолдан тайды.

35 Ал Ламан мен Лемуел жемістен дәм татқан жоқ, – деді әкем.

36 Міне дәл солай болды, әкем өзінің түсі немесе көрісі туралы барлық сөздерін айтып болған соң, олар көп еді, ол бізге былай деді, ол көрісінде көрген осы нәрселер үшін Ламан мен Лемуел үшін қатты қорықтым; иә, ол олар Жаратқан Иенің назарынан кесіле ма деп қорықты.

37 Міне ол мейірімді ата‑ананың сезімін білдіріп, оның сөздеріне құлақ түріңдер деп шақырды, бәлкім, сонда Жаратқан Ие оларға мейірімділік танытып, олардан бас тарпас үшін, иә, әкем оларға уағыз айтты.

38 Міне ол оларға уағыздап, сондай‑ақ оларға көптеген нәрселер туралы пайғамбарлық еткеннен кейін, ол Жаратқан Иенің өсиеттерін орындауды бұйырды; және ол оларға сөйлеуді тоқтатты.