18‑ші тарау
Кеме аяқталды. Жақып пен Жүсіптің дүниеге келгені туралы айтылады. Топ уәде етілген жерге аттанады. Ысмағұлдың ұлдары мен олардың әйелдері той‑думанға және бүлікке қосылады. Нефи байланған, ал қорқынышты дауыл кемені кері қуады. Нефи босатылады және оның мінажатымен дауыл тоқтайды. Адамдар уәде етілген жерге келіп жетеді. Шамамен 591–589 ж. Иса Мәс. дейін.
1 Міне дәл солай болды, олар Жаратқан Иеге ғибадат етіп, менімен бірге аттанды және біз ағашты керемет шеберлікпен өңдедік. Міне Жаратқан Ие маған кеменің ағаштарын қалай өңдеу керек екенін анда‑санда көрсетіп тұрды.
2 Енді мен, Нефи, ағаштарды адамдар үйреткен әдіс бойынша істемедім, кемені де адамдарға белгілі үлгі бойынша жасамадым; бірақ мен оны Жаратқан Ие маған көрсеткен әдіс бойынша тұрғыздым; сондықтан бұл адамдардың әдісіне сай емес еді.
3 Міне мен, Нефи, тауға жиі бардым және мен Жаратқан Иеге жиі мінажат еттім; сондықтан Жаратқан Ие маған ұлы істерді көрсетті.
4 Міне дәл солай болды, Жаратқан Иенің сөзі бойынша мен кемені аяқтаған соң, менің бауырларым оның жақсы екенін және оның соншалықты шеберлікте жасалғанын көрді; сондықтан олар Жаратқан Иенің алдында тағы да кішіпейілділік танытты.
5 Міне дәл солай болды, Жаратқан Иенің даусы әкеме тіл қатып, бізге тұрыңдар және кемеге кіріңдер деді.
6 Ал ертеңгі күні солай болды, Жаратқан Ие бізге бұйырғандай, біз шөл даладан көптеген жемістер мен ет, молынан бал мен азық‑түлік сияқты заттардың барлығын дайындап болғаннан кейін, кемеге түстік, жүктеріміз бен тұқымдарымызды және әрқайсысымыз өз жасымызға сай өзімізбен бірге алып келген нәрселермен; міне солай біз бәріміз әйелдеріміз бен балаларымызбен бірге кемеге түстік.
7 Ал енді менің әкем шөл далада дүниеге екі ұлды әкелді; үлкені Жақып, ал кішісі Жүсіп деп аталды.
8 Міне дәл солай болды, біз бәріміз кемеге түскен соң және бізбен бірге азық‑түлік пен бізге бұйырылған заттарды алып, біз теңізге шықтық және уәде етілген жерге қарай желмен айдалдық.
9 Міне бірнеше күн бойы жел бізді алға қарай қуғаннан кейін, міне менің бауырларым мен Ысмағұлдың ұлдары, сондай‑ақ олардың әйелдері көңілді бола бастады, сондықтан олар билеп, ән салып, дөрекі сөйлей бастады, иә, тіпті олар бұл жерге қандай күшпен әкелінгенін де ұмытып кетті; иә, олар тым дөрекілікке дейін көтерілді.
10 Ал мен, Нефи, Жаратқан Ие бізге ашуланып, міне біздің заңсыздықтарымыз үшін бізді соққыға жығып, терең теңіз бізді жұтып қояды ма деп соншалықты қорқа бастадым; сондықтан, мен, Нефи, олармен байсалдықпен сөйлей бастадым; бірақ олар маған ашуланып, былай деді: Біз кіші ініміздің бізге билік еткенін қаламаймыз.
11 Міне дәл солай болды, Ламан мен Лемуел мені бас салды да арқандармен байлап тастады және олар маған қатыгездік көрсетті; соған қарамастан, Жаратқан Ие зұлымдар туралы айтқан сөзінің орындалуында өзінің құдіретін көрсету үшін бұған жол берді.
12 Міне дәл солай болды, олар мен қозғала алмайтындай етіп байлап тастағаннан кейін, Жаратқан Ие дайындап қойған сол компас жұмысын тоқтатты.
13 Сондықтан олар кемені қайда бағыттау керек екенін білмеді, сондай қатты дауыл, иә, үлкен және қорқынышты дауыл көтерілді және біз үш күн бойы суда кері қуылдық; міне олар теңізге батып кетеміз бе деп соншалықты қорқа бастады; соған қарамастан олар мені босатпады.
14 Міне төртінші күні су бізді кері қуған кезде, дауыл соншалықты күшейе бастады.
15 Міне дәл солай болды, біз теңіз түбіне жұтылып кетуге жақын қалдық. Міне біз төрт күн бойы суда кері қуылғаннан кейін, менің бауырларым Құдайдың үкімдері өздеріне жүктелгенін және егер олар өздерінің заңсыздықтары үшін тәубеге келмесе олар өлетінін түсіне бастады; сондықтан олар маған келді де менің білектерімдегі байлауларды шешіп тастады, міне, олар соншалықты ісініп кеткен және менің тобықтарым да қатты ісіп кетті және олар қатты ауырды.
16 Соған қарамастан мен Құдайыма қарап, күні бойы оны мадақтадым және мен өзімнің азаптарым үшін Жаратқан Иеге қарсы наразылық білдірмедім.
17 Енді менің әкем Лехи оларға, сондай‑ақ Ысмағұлдың ұлдарына да көп нәрсені айтты; бірақ міне, олар маған араша болған кез келген адамға қорқынышты қоқан‑лоққы жасады; ал менің ата‑анамның жасы ұлғайған және балаларының кесірінен көп қайғы‑қасірет көрді, олар ауырып қалды, иә, тіпті төсек тартып жатып қалды.
18 Олардың қайғысы мен терең уайымдары және менің бауырларымның заңсыздығы үшін, олар тіпті бұл дүниені тастап, өз Құдайымен кездесуге аз қалды; иә, олардың ақ шаштары қара түнекке түскелі тұр; иә, олар тіпті қайғы‑қасіретте су моласына тасталуға жақын қалды.
19 Міне Жақып пен Жүсіп те жас болғандықтан, тамақты көп қажет етіп, аналарының қайғы‑қасіреті үшін қайғырды; сондай‑ақ әйелімнің төккен көз жасы мен мінажаты, сондай‑ақ менің балаларым мені бостандыққа шығару үшін бауырларымның жүректерін жұмсарта алмады.
20 Міне оларды жойып жіберемін деп қорқытқан Құдайдың құдіретінен басқа ештеңе олардың жүрегін жұмсарта алмады; сондықтан олар теңіз түбіне жұтылып кететінін көрген кезде, олар істеген істеріне қатты өкінді, сондықтан мені босатты.
21 Міне дәл солай болды, олар мені босатқаннан кейін, міне, мен компасты алдым, ол менің қалауым бойынша жұмыс жасады. Міне дәл солай болды, мен Жаратқан Иеге мінажат еттім және мен мінажат еткеннен кейін жел басылды және дауыл да басылды және үлкен тыныштық орнады.
22 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, кемені басқарып, біз уәде етілген жерге қайта жүздік.
23 Міне дәл солай болды, біз суда талай күндер бойы жүзген соң уәде етілген жерге келіп жеттік және біз жерге түстік те шатырларымызды тіктік; міне біз оны уәде етілген жер деп атадық.
24 Міне дәл солай болды, біз жерді өңдей бастадық және тұқым себуге кірістік; иә, біз Иерусалим жерінен әкелген барлық тұқымдарымызды жерге септік. Міне дәл солай болды, олар соншалықты жақсы көтерілді; сондықтан біз мол батаға ие болдық.
25 Міне дәл солай болды, уәде етілген жерде біз шөлді жерлерде жүріп, орманда жануарлардың барлық түрлері бар екенін білдік: сиыр да, өгіз де, есек пен жылқы да, ешкі мен жабайы ешкі де, адамдарға пайдалы жабайы жануарлардың барлық түрлері. Міне біз кеннің барлық түрін таптық: алтынды да, күмісті де, мысты да.