Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 13


13‑ші тарау

Нефи көрісте өзге ұлттар арасында орнатылған шайтанның шіркеуін көреді, Американың ашылуы және отарлануы, Киелі кітаптың көптеген айқын және құнды бөліктерінің жоғалуы, өзге ұлттардың жолдан таюының нәтижесіндегі күй, інжілді қалпына келтіру, соңғы күндегі жазбалардың шығуы және Сионның құрылуы. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне, дәл солай болды, періште маған тіл қатып, былай деді: Қара! Міне мен қарадым және көптеген ұлттар мен патшалықтарды көрдім.

2 Міне періште маған былай деді: Сен не көріп тұрсың. Міне мен айттым: Мен көптеген ұлттар мен патшалықтарды көріп тұрмын.

3 Міне ол маған былай деді: Бұлар өзге ұлттардың ұлттары мен патшалықтары.

4 Міне, дәл солай болды, мен өзге ұлттардың арасында ұлы шіркеудің құрылғанын көрдім.

5 Міне періште маған былай деді: Мына шіркеудің қалыптасуына қара, ол басқа шіркеулерден гөрі жиіркенішті, ол Құдайдың әулиелерін өлтіреді, иә, міне оларды азаптайды және оларды байлап тастайды, міне оларды темір қамытқа салады және оларды тұтқынға түсіреді.

6 Міне, дәл солай болды, мен осы үлкен және жеккөрінішті шіркеуді көрдім; мен оның негізін салған шайтанды көрдім.

7 Міне, мен тағы алтын мен күмісті де, жібектерді де, сондай‑ақ қызыл түсті және жіңішке тоқылған зығыр маталар мен барлық бағалы киімдерді көрдім; және мен көп жезөкшелерді көрдім.

8 Міне періште маған тіл қатып, былай деді: Міне, осы алтын мен күміс те, жібек пен қызыл маталар да, жіңішке тоқылған зығыр мата және қымбат киімдер мен жезөкшелер осы ұлы және жиіркенішті шіркеудің қалауы болып табылады.

9 Міне дүниені мадақтау үшін олар тағы Құдайдың әулиелерін жойяды және оларды тұтқынға түсіреді.

10 Міне, дәл солай болды, мен қарадым және көптеген суларды көрдім, және олар өзге ұлттарды менің бауырларымның тұқымынан ажыратып алды.

11 Міне, дәл солай болды, періште маған былай деді: Міне, Құдайдың қаһары сенің бауырларыңның тұқымына түседі.

12 Міне мен қарадым және өзге ұлттардың арасынан бір адамды көрдім, ол менің бауырларымның тұқымынан көптеген сулар арқылы бөлінген; міне мен Құдай Рухының түсіп және сол адамға әсер еткенін көрдім; міне ол көптеген сулардың үстімен жүріп, тіпті уәде етілген жерде болған менің бауырларымның тұқымына дейін барды.

13 Міне дәл солай болды, мен Құдайдың Рухы өзге ұлттарға әсер еткенін және олар көп сулар арқылы тұтқыннан шыққанын көрдім.

14 Міне, дәл солай болды, мен уәде етілген жерде қаптаған өзге ұлттарды көрдім; мен Құдайдың қаһарын да көрдім, бұл менің бауырларымның ұрпағына төгілді және олар басқа ұлттардың алдына бытырап және соққыға жығылды.

15 Міне, мен Жаратқан Иенің Рухын көрдім, ол өзге ұлттарды мекен етті, міне олар өркендеп және мұралық жерлерге ие болды; міне жойылғанға дейінгі халқым сияқты олардың аппақ және өте әдемі де сұлу екенін көрдім.

16 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, тұтқыннан шыққан өзге ұлттардың Жаратқан Иенің алдында қалай кішірейгенін және Жаратқан Иенің күші олармен бірге болғанын көрдім.

17 Міне мен олармен туысқан өзге ұлттар суларда және жер бетінде де оларға қарсы шайқасу үшін бірге жиналғанын көрдім.

18 Міне мен Құдайдың күші оларда екенін және Құдайдың қаһары оларға қарсы шайқасқа жиналғандардың бәріне түскенін көрдім.

19 Міне мен, Нефи, тұтқыннан шыққан өзге ұлттардың Құдайдың күші арқылы барлық басқа ұлттардың қолынан босатылғанын көрдім.

20 Міне, дәл солай болды, мен, Нефи, олардың осы елде өркендеп жатқанын көрдім; және мен кітапты көрдім, және оны олардың арасында алып жүрді.

21 Міне періште маған былай деді: Сен кітаптың мағынасын білесің бе?

22 Міне мен оған айттым: Білмеймін.

23 Міне ол былай деді: Міне бұл яһудидің ауызынан шыққан. Міне мен, Нефи, мұны көрдім және ол маған былай деді: сен көріп тұрған кітап — яһудилердің жазбасы, онда Жаратқан Иенің Исраил үйіне жасаған келісімдері жазылған; сондай‑ақ онда қасиетті пайғамбарлардың көптеген пайғамбарлықтары кіреді және бұл мыс парақтардағы ойылып жазылғанға ұқсас жазба, тек олардың саны онша көп емес; соған қарамастан, олар Жаратқан Иенің Исраил үйіне жасаған келісімдерін қамтиды; сондықтан олар өзге ұлттар үшін өте құнды.

24 Міне Жаратқан Иенің періштесі маған былай деді: сен бұл кітаптың яһудидің аузынан шыққанын көрдің және ол яһудидің аузынан шыққанда, он екі апостолды куәландыратын Жаратқан Иенің Інжілінің толық мазмұнын қамтыды; міне олар Құдайдың Тоқтысындағы шындыққа сәйкес куәлік етеді.

25 Сондықтан Құдайдағы шындыққа сәйкес, бұл нәрселер яһудилерден өзге ұлттарға таза түрде өтеді.

26 Міне оларды Тоқтының он екі апостолдың қолымен яһудилерден өзге ұлттарға өткеннен кейін, сен сол ұлы да жиіркенішті шіркеудің құрылуын көресің, ол барлық басқа шіркеулерден ең жиіркеніштісі; өйткені міне, олар Тоқтының Інжілінен талай айқынды да ең құнды бөліктерін, сондай‑ақ Жаратқан Иенің көптеген келісімдерін де алып тастады.

27 Міне олар мұның бәрін Жаратқан Иенің тура жолдарын бұрмалау үшін, адам баласының көздерін соқыр етіп және олардың жүректерін қатайту үшін істеді.

28 Сондықтан, сен кітап үлкен және жиіркенішті шіркеудің қолынан өткеннен кейін, кітаптан көптеген айқын және құнды нәрселердің алынып тасталғанын көресің, ол Құдай Тоқтысының кітабы.

29 Міне осы айқын және құнды заттар алынып тасталғаннан кейін, бұл өзге ұлттардың барлық халықтарына тарай бастады, міне бұл өзге ұлттардың барлық халықтарына тарағаннан кейін, иә, тіпті тұтқыннан шыққан өзге ұлттармен бірге көрген көптеген сулардың арғы бетінен де, көріп отырсың – кітаптан алынған көптеген айқын және құнды нәрселердің арқасында, Құдайдың Тоқтысындағы айқындыққа сәйкес, олар адам балаларының түсіну үшін түсінікті болды – Тоқтының інжілінен алынып тасталған осы нәрселердің кесірінен өте көп адамдар сүрінуде, иә, сондықтан Шайтан олардың үстінен зор билікке ие.

30 Соған қарамастан, сен тұтқыннан шыққан өзге ұлттар жер бетіндегі барлық басқа жерлердің үстінен таңдалған Құдайдың күшімен барлық халықтардың үстінен көтерілгенін көріп отырсың, міне бұл — Құдай Жаратқан Ие сенің әкеңмен оның ұрпақтарына мұралық жер ретінде иелік ету туралы келісім жасасқан жер; сондықтан Құдай Жаратқан Ие өзге ұлттарға сенің бауырларыңның арасындағы аралас тұқымыңды мүлдем жоюына жол бермейтінін көріп тұрсың.

31 Ол сондай‑ақ өзге ұлттарға сенің бауырларыңның тұқымын жоюға жол бермейді.

32 Сондай‑ақ Құдай Ие өзге ұлттардың сен көріп тұрғандай соқыр күйде мәңгі қалуына жол бермейді, себебі көрген сол қалыптасқан жиіркенішті шіркеу Тоқтының інжілінен айқын және ең құнды бөліктерін жасырып қойған.

33 Сондықтан Құдайдың Тоқтысы былай дейді: Мен Исраил үйінің тамтығына зор үкім шығарған кезде, өзге ұлттарға мейірімділік танытамын.

34 Міне, Құдайдың Тоқтысы былай дейді: Мен Исраил үйінің тамтығына барғаннан кейін – ал мен айтып отырған бұл тамтық — сенің әкеңнің тұқымы – сондықтан мен оларға үкім шығарамын және оларды өзге ұлттардың қолымен өлтірген соң, міне Тоқтының Інжілінен ең айқын да құнды бөліктерді жезөкшелердің анасы болып табылатын сол жиіркенішті шіркеу жасырғандықтан, басқа ұлттар қатты сүрінуде, – дейді Тоқты – Мен сол күні өзге ұлттарға мейірімді боламын, осылайша мен оларға өз күшіммен өз інжілімнің көп бөлігін жеткіземін, ол ашық және құнды болады, – деді Тоқты.

35 Өйткені, міне, Тоқты былай дейді: Мен сенің тұқымыңа өзімді көрсетемін, сонда; олар мен көрсеткен көптеген құнды да айқын нәрселерді жазады; міне сенің тұқымың жойылып және имансыздыққа түскен соң, сондай‑ақ бауырларыңның тұқымы да, міне, Тоқтының сыйы мен күші арқылы өзге ұлттарға келу үшін, бұл нәрселер жасырылады.

36 Міне оларда менің інжілім жазылады, – дейді Тоқты – менің жартасым және құтқаруым.

37 Міне сол күні Сионды шығаруға ұмтылатындар бақытты, өйткені олар Киелі Рухтың сыйы мен күшіне ие болады; және егер олар соңына дейін шыдаса, олар соңғы күні көтерілетін болады және Тоқтының Мәңгілік Патшалығында құтқарылатын болады; ал не бейбітшілікті иә, үлкен қуаныш туралы хабарды жария еткендер, қаншалықты әдемі болар еді олар тауда.

38 Міне, дәл солай болды, мен өз бауырларымның тұқымының қалдығын, сондай‑ақ яһудидің аузынан шыққан Құдай Тоқтысының кітабын көрдім, оның өзге ұлттардан менің бауырларымның тұқымының тамтығына дейін жеткенін көрдім.

39 Міне бұл оларға жеткеннен кейін, мен Тоқтының күшімен өзге ұлттарды және менің бауырларымның тұқымының тамтығын, сондай‑ақ жер бетінде бытырап кеткен яһудилерді, сол пайғамбарлар мен Тоқтының он екі апостолдың жазбалары шынайы екеніне сендіру үшін, өзге ұлттардан шыққан басқа да кітаптарды көрдім.

40 Міне періште маған тіл қатып, былай деді: Сен өзге ұлттардың арасында көрген осы соңғы жазбалар Тоқтының он екі апостолынан шыққан алғашқылардың ақиқатын растайды және олардан алынған анық әрі құнды нәрсені ашады; сондай‑ақ, Құдайдың Тоқтысы Мәңгілік Әкенің Ұлы және әлемнің Құтқарушысы екенін барлық тектерге, тілдерге және халықтарға мәлім етеді және барлық адамдар Оған келуі керек, әйтпесе құтқарыла алмайды.

41 Міне олар Тоқтының аузымен бекітілген сөздерге сәйкес келуі керек; Тоқтының сөздері сенің тұқымыңның жазбаларында, сондай‑ақ Тоқтының он екі апостолының жазбаларында белгілі болады; сондықтан екеуі де бірлікте бекітіледі, өйткені бүкіл жер бетінде бір Құдай және бір Бағушы бар.

42 Міне ол өзін барлық ұлттарға, яһудилерге де, өзге ұлттарға да танытатын уақыт келеді; ол өзін яһудилерге де, өзге ұлттарға да танытқаннан кейін, ол өзін өзге ұлттарға да, яһудилерге де өзін танытатын болады, осылайша соңғысы алдыңғы, ал алдыңғысы соңғы болады.