Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 5


5‑ші тарау

Сария Лехиді айыптайды. Екеуі де ұлдарының қайтып оралғанына қуанады. Олар құрбандық шалады. Мыс парақтарда Мұса мен пайғамбарлардың жазбалары бар. Парақтарда Лехи Жүсіптің ұрпағы деп көрсетілген. Лехи өзінің ұрпағы мен парақтардың сақталуы туралы пайғамбарлық етеді. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, біз әкемізге шөл далаға түскеннен кейін, міне, оның қуанышында шек болмады және менің анам Сария да, қатты қуанды, өйткені ол біз үшін шын қайғырды.

2 Өйткені ол бізді шөл далада өлді деп ойлаған еді; және ол әкемнің көріс көрген адам екенін де айтып, оны былай деп айыптады: «Міне, сен бізді мұрагерлік жерімізден алып шықтың, ал менің ұлдарым енді жоқ, және біз де шөл далада өлеміз».

3 Ал осы сөздермен анам әкемді айыптады.

4 Міне дәл солай болды, әкем оған: «Мен көріс көрген адам екенімді білемін; егер мен Құдайдың істерін көріс арқылы көрмесем, мен Құдайдың ізгілігін білмес едім, бірақ Иерусалимде қалып, бауырларыммен бірге өліп кетер едім.

5 Бірақ міне, мен уәде етілген жерге ие болдым, сол үшін мен қуанамын; иә, міне мен білемін, Жаратқан Ие менің ұлдарымды Лабанның қолынан босатты, және оларды бізге шөл далаға қайтадан түсіреді».

6 Ал біз яһудилердің жазбасын алу үшін шөл далада жүріп Иерусалим жеріне барғанымызда, осы сөздермен менің әкем Лехи анам Сарияны біз туралы осылайша жұбатты.

7 Ал біз әкемнің шатырына қайтып оралғанымызда, міне олар қуанышқа толды, ал анам жұбаныш тапты.

8 Ал ол сөйлеп, былай деді: «Енді мен Жаратқан Иенің күйеуіме шөл далаға қашуды бұйырғанына сенімдімін; иә, мен сондай‑ақ Жаратқан Ие менің ұлдарымды қорғап, және оларды Лабанның қолынан құтқарып, және оларға Жаратқан Ие бұйырған нәрсені орындай алатындай күш бергеніне сенімдімін». Ал ол осы сөздермен сөйледі.

9 Міне дәл солай болды, олар қатты қуанып, және Жаратқан Иеге құрбандықтар мен түгелдей өртелетін құрбандықтар әкелді; және олар Исраилдің Құдайына ризашылықтарын білдірді.

10 Ал олар Исраилдің Құдайына ризашылық білдіргеннен кейін, менің әкем Лехи мыс парақтарда ойылып жазылған жазбаларды алып, және ол оларды басынан бастап зерттеді.

11 Ал ол оларда дүниенің жаратылуы туралы, сондай‑ақ біздің алғашқы ата‑анамыз болған Адам мен Хауа туралы баяндау беретін Мұсаның бес кітабы бар екенін көрді;

12 Ал сондай‑ақ яһудилердің жазбасы басынан бастап, тіпті Яһуда патшасы Седекияхтың билігінің басына дейін де жазылған.

13 Ал сондай‑ақ қасиетті пайғамбарлардың пайғамбарлықтары, басынан бастап, тіпті Седекияхтың патшалығы басталғанға дейін; сонымен қатар Еремияның аузынан айтылған көптеген пайғамбарлықтар да.

14 Міне дәл солай болды, менің әкем Лехи мыс парақтарда өз ата‑бабаларының жазбасын да тапты; сондықтан ол Жүсіптің ұрпағы екенін білді; иә, сол әкесі Жақыпты және оның бүкіл үй‑ішін аштықтан қырылудан сақтап қалу үшін Мысырға сатылған және Жаратқан Иенің қолымен аман қалған Жақыптың ұлы Жүсіп.

15 Ал сондай‑ақ олар тағы тұтқыннан және Мысыр жерінен алып шығарылды, оларды сақтап қалған сол Құдай.

16 Ал осылайша менің әкем, Лехи, өз ата‑бабаларының жазбасын ашты. Ал Лабан да Жүсіптің ұрпағы еді, сондықтан ол және оның ата‑бабалары осы жазбаларды жүргізген болатын.

17 Ал енді әкем осының бәрін көргенде, әкем Рухқа толып, өз ұрпағы туралы пайғамбарлық айта бастады:

18 Бұл мыс парақтары оның ұрпағын құрайтын барлық ұлттарға, тайпаларға, тілдерге және халықтарға таралатын болады.

19 Сондықтан ол бұл мыс парақтар ешқашан жоғалмайтынын; және уақыт өте келе жойылмайтынын айтты. Ал ол өзінің ұрпағы туралы көп нәрсені пайғамбарлық етті.

20 Міне дәл солай болды, осы уақытқа дейін мен және менің әкем Жаратқан Иенің бізге бұйырған өсиеттерін орындадық.

21 Ал біз Жаратқан Иенің бізге бұйырған жазбаларына ие болдық, сондай‑ақ оларды тексердік және ұнамды деп таптық; иә, тіпті біз үшін өте құнды, сондықтан біз балаларымызға Жаратқан Иенің өсиеттерін сақтай аламыз.

22 Сондықтан Жаратқан Иенің даналығы бойынша, біз оларды шөл дала арқылы уәде етілген жерге өзімізбен бірге алып жүруіміз керек болды.