20‑шы тарау
Жаратқан Ие өзінің мақсаттарын Исраилге ашады. Исраил азап отында таңдалды және Бабылдан шығады. Ишая 48‑бен салыстыр. Шамамен 588–570 ж. Иса Мәс. дейін.
1 Құлақ түріңдер және мынаны тыңдаңдар! Уа, Жақыптың үйі, Исраил атымен аталған және Яһуда суынан немесе рәсім суынан шыққандар, Жаратқан Иенің атымен ант етіп, Исраилдің Құдайын еске алады, бірақ олар шындыққа да, әділдікке де ант бермейді.
2 Соған қарамастан, олар өздерін киелі қаланың адамдарымыз деп атайды, бірақ олар Исраилдің Құдайына берік емес, ол Әскербасы Иесі. Иә, оның есімі — Әскербасы Иесі.
3 Міне, мен болатұғын жайттарды әуел бастан жария еттім; міне олар менің аузымнан шықты және мен оларға көрсеттім. Мен оларды кенеттен көрсеттім.
4 Міне мен сенің қыңыр екеніңді, ал сенің мойның — темір және сенің маңдайың мыс екенін білгендіктен солай еттім.
5 Міне мен саған тіпті әуел бастан жария еттім; бұл болмай тұрып мен оны саған көрсеттім және мен: Оны менің пұтым жасады және менің бейнеленген кескінім мен менің балқытылған мүсінім солай болуын бұйырды деп, – сен айтпасын деп қорықып, мен оны көрсеттім.
6 Сен мұның бәрін көрдің және естідің; ал неге оларды жария етпейсіңдер? Міне мен саған осы уақыттан бастап жаңа нәрселерді, тіпті жасырын нәрселерді көрсеттім, бірақ сен оларды білмедің.
7 Олар әуел бастан емес, қазір жаратылған, тіпті сен естімеген күніңнен бұрын олар саған жәрияланған болатын, сондықтан сен: Міне, мен оны білдім – деп айтпас үшін.
8 Иә, міне сен естімедің; иә, сен білмедің, иә, сол уақыттан бастап сенің құлағың ашылмаған еді; себебі мен сенің опасыздық жасайтыныңды білдім және ана құрсағынан бастап қылмыскер болып атандың.
9 Соған қарамастан, мен өз атымның құрметіне бола мен ашуымды кейінге қалдырамын және сенен бас тарпас үшін, даңқыма бола сенен аулақ боламын.
10 Өйткені, міне, мен сені тазарттым, мен сені азап пешінде таңдадым.
11 Өйткені өзім үшін, иә, мен мұны өзім үшін істеймін, өйткені мен өз атымның ластануына жол бермеймін және даңқымды басқаға бермеймін.
12 Уа, Жақып, мен шақырған Исраил, маған құлақ ас, өйткені мен Олмын және алғашқы да, соңғысы да Менмін.
13 Менің қолым жердің іргетасын қалады, ал менің оң қолым көкті жайды. Мен оларды шақырамын және олар бірігіп тұрады.
14 Барлығың жиналыңдар және тыңдаңдар; олардың ішінде кім оларға осы жайттарды жария етті? Жаратқан Ие оны жақсы көрді; иә, міне ол олар арқылы жария еткен сөзін орындайтын болады; міне ол өзінің еркін Бабылда орындайды, ал оның қолы халдейлерге жетеді.
15 Жаратқан Ие тағы былай дейді: Мен Жаратқан Ие, иә, мен айттым; иә, мен оны жариялау үшін шақырдым, мен оны әкелдім және ол өз жолын берекелі етеді.
16 Маған жақындаңдар; мен жасырын сөйлеген жоқпын; мен әуел бастан, жария етілген кезден айтып келемін; мені Құдай Жаратқан Ие және оның Рухы жіберді.
17 Міне Жаратқан Ие, сенің Өтемшің, Исраилдің Киелі Құдайы былай деді: Мен оны жібердім, саған пайдалыны үйрететін, сені жүруге болатын жолмен жетелейтін, сенің Құдайың Жаратқан Ие мұны істеді.
18 О, егер сен менің өсиеттеріме құлақ ассаң – сенің тыныштығың өзендей, ал сенің әділдігің теңіз толқынындай болар еді.
19 Сенің тұқымың да құм сияқты; ал ішегіңнің ұрпағың оның қиыршық тасындай; оның есімі менің алдымда өшпес те, жойылмас та еді.
20 Бабылдан шығыңдар, халдейлерден қашыңдар, ән салған дауыспен жариялаңдар, мұны жердің қиырына дейін жеткізіңдер; былай де: Жаратқан Ие Өзінің қызметшісі Жақыпты өтеп алды.
21 Міне олар шөлдеген жоқ; ол оларды шөлді жерлер арқылы жүргізді; ол олар үшін жартастан су ағызды; ол жартасты да жарып жіберді, ал су атқылап шықты.
22 Міне мұның бәрін және одан да көп нәрсені ол жасағанымен – зұлымдарға тыныштық жоқ, – дейді Жаратқан Ие.