Киелі жазбалар
1‑ші Нефи 14


14‑ші тарау

Періште Нефиге өзге ұлттарға түсетін баталар мен қарғыстар туралы айтады. Тек екі шіркеу бар: Құдай Тоқтысының шіркеуі және шайтанның шіркеуі. Барлық ұлттарда Құдайдың әулиелері ұлы және жиіркенішті шіркеудің қудалауына ұшырайды. Апостол Жохан ақырзаман туралы жазады. Шамамен 600–592 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, егер өзге ұлттар сол күні Құдайдың Тоқтысына құлақ асатын болса, онда ол өзін оларға сөзімен де, сондай‑ақ күшімен, шынында да, олардың сүрінетін тастарын жою үшін көрсетеді.

2 Міне егер олар Құдайдың Тоқтысына қарсы жүректерін қатайтпаса, олар сенің әкеңнің ұрпақтарының қатарына қосылады; иә, олар Исраил үйінің қатарына қосылады, міне олар уәде етілген жерде мәңгі бақи бақытты халық болады; олар енді тұтқынға түспейді және Исраил үйі бұдан былай масқара болмайды.

3 Міне сол ұлы да жиіркенішті шіркеу олар үшін қазған үлкен шұңқырды адамдардың жанын тозаққа сүйреп апаруы үшін шайтан мен оның балалары жаратқан болатын; сол үлкен шұңқыр, адамдардың жанын тозаққа түсіру үшін шайтан мен оның балалары жасаған сол ұлы және жексұрын шіркеумен қазылған; иә, адамдарды қыру үшін қазылған үлкен шұңқырды қазғандар толығымен жойып жіберетіндей толтырады, – дейді Құдай Тоқтысы – бірақ жанның жойылуына емес, тек оның соңы жоқ тозаққа айдалуынан басқа.

4 Міне енді, бұл шайтанның тұтқыны бойынша, сондай‑ақ Құдайдың әділдігіне сай, оның алдында зұлымдық пен жиіркенішті істер жасайтындардың барлығына.

5 Міне дәл солай болды, періште тіл қатып маған, Нефиге, былай деді: Өзің көргендей, егер өзге ұлттар өкінсе, олар үшін жақсы; сондай‑ақ сен Жаратқан Иенің Исраил үйімен жасасқан келісімдерін де білесің; сондай‑ақ өкінбеген адамның өлетінін де естідің.

6 Сондықтан, егер олар Құдайдың Тоқтысына қарсы жүректерін қатайтса, өзге ұлттар қасіретке ұшырайды.

7 Өйткені, – дейді Құдай Тоқтысы, – Мен адам баласының арасында ұлы әрі ғажайып жұмыс істейтін уақыт келеді; бір жағынан да, екінші жағынан да мәңгілік болатын жұмыс: оларды тыныштық пен мәңгілік өмірге сендіру үшін, немесе оларды тұтқынға түсіру үшін жүректерінің қаталдығынан және ақыл‑ойларының соқырлығынан құтқару үшін, сондай‑ақ мен айтқан шайтанның тұтқыны арқылы уақытша және рухани өлімге.

8 Міне дәл солай болды, періште осы сөздерді айтып болған соң, маған былай деді: Әкеңнің Исраил үйімен жасасқан келісімдері есіңде ме? Мен оған: Иә, дедім.

9 Міне дәл солай болды, ол маған былай деді: Мынау ұлы және жиіркенішті шіркеуді қара да көр, ол жиіркенішті істердің анасы болып табылады, оның негізін салушы шайтан.

10 Міне ол маған былай деді: мұнда тек екі шіркеу ғана бар; бірі – Құдай Тоқтысының шіркеуі мен екіншісі – шайтанның шіркеуі; сондықтан Құдай Тоқтысының шіркеуіне жатпайтындар, жексұрын істердің анасы болып табылатын ұлы шіркеуге жатады; міне ол бүкіл жер бетіндегі жезөкше.

11 Міне дәл солай болды, мен қарадым және бүкіл жер бетіндегі жезөкшені көрдім, ал жезөкше көптеген суларды басқарды; және міне ол бүкіл жер бетінде, барлық ұлттардың, тайпалардың, тілдердің және адамдардың арасында билік етті.

12 Міне дәл солай болды, мен Құдай Тоқтысының шіркеуін көрдім, және көп судың үстінде отырған жезөкшенің зұлымдығы мен жиіркенішті істеріне байланысты оның саны аз болды; соған қарамастан мен Құдайдың әулиелері болған Тоқтының шіркеулерін көрдім, сондай‑ақ олар бүкіл жер бетінде болды; міне, мен көрген сол ұлы жезөкшенің зұлымдығынан олардың жер бетіндегі иеліктері аз болды.

13 Міне дәл солай болды, мен жиіркенішті істердің ұлы анасының Құдайдың Тоқтысына қарсы күресу үшін, бүкіл жер бетінде өзге ұлттардан шыққан барлық халықтардың арасынан қалың жұртты жинағанын көрдім.

14 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, Құдай Тоқтысының күшін көрдім, ол бүкіл жер бетіне бытырап кеткен Тоқты шіркеуінің әулиелеріне және Жаратқан Иемен келісімге келген халыққа түсті; міне олар әділдікпен және ұлы даңққа толы Құдайдың күшімен қаруланған болатын.

15 Міне дәл солай болды, мен Құдайдың қаһары осы ұлы және жиіркенішті қауымға төгілгенін көрдім, осылайша жер бетіндегі барлық ұлттар мен тайпалар арасында соғыстар мен соғыстар туралы қауесеттер болды.

16 Ал жиіркенішті істердің анасына жататын барлық халықтар арасында соғыстар мен соғыстар туралы қауесеттер басталған кезде, періште маған тіл қатып, былай деді: Міне, Құдайдың қаһары жезөкшелердің анасына түсті, міне, сен осының бәрін көріп тұрсың;

17 Міне бүкіл жер бетіндегі үлкен әрі жиіркенішті шіркеудің негізін қалаушы шайтан болған жезөкшелердің анасына Құдайдың қаһары төгілетін күн келгенде, сонда, сол күні Әкенің жұмысы Исраил үйіне жататын Өз халқымен жасаған келісімдерінің орындалуына жол дайындауға кіріседі.

18 Міне, дәл солай болды, періште маған тіл қатып, былай деді: Қара!

19 Ал мен қарадым және бір адамды көрдім, оның киген қиімі ақ болатын.

20 Міне періште маған былай деді: Міне, Тоқтының он екі апостолдардың бірі.

21 Міне, ол осы нәрселердің қалғанын көреді және жазады; иә, сондай‑ақ болған көптеген нәрселерді де.

22 Міне ол ақырзаман туралы да жазады.

23 Сондықтан оның жазатын нәрселері әділ әрі шындық; ал міне, олар сен көрген кітапта яһудидің аузынан шыққаны жазылған; сондай‑ақ олар яһудидің аузынан шыққан уақытта немесе кітап яһудидің аузынан шыққан уақытта, жазылғаны анық әрі таза, әрі ең қымбат әрі барлық адамдарға түсінікті болды.

24 Ал міне, Тоқтының осы апостолы жазатын нәрселерді сен көрген көп нәрсе; ал қалғанын өзің көресің.

25 Бірақ одан әрі көретін нәрселеріңді жазба; өйткені Жаратқан Ие оларды жазу үшін елші, Құдайдың Тоқтысын тағайындады.

26 Сондай‑ақ болған басқаларға да барлығын көрсетті, олар да жазды, мұның бәрі Исраил үйіне өздерінің тазалығымен, Тоқтыдағы шындыққа сай, Жаратқан Иеге ұнамды уақытта көрінуі үшін мөрленген болатын.

27 Міне, мен, Нефи, естідім және куәлік етемін, періштенің сөзіне сай, Тоқтының апостолы Жохан есімді болатын.

28 Міне, мен, Нефи, мен көрген және естігендердің қалғанын жазуға тыйым салынды; сондықтан менің жазғандарым маған жеткілікті; мен өзімнің көрген нәрселерімнің аз ғана бөлігін жаздым.

29 Міне мен әкемнің көргенін көрдім және Жаратқан Иенің періштесі оны маған ашты деп куәлік етемін.

30 Ал енді мен Рухтың жетегінде кеткен кезде көрген нәрселерім туралы айтып біттім; ал көрген‑білгенімнің бәрі жазылмаса да, жазғандарымның бәрі рас. Міне бұл солай. Әумин.