17‑ші тарау
Нефиге кеме тұрғызуға бұйрық берілді. Оның бауырлары оған қарсылық білдіреді. Ол оларға Құдайдың Исраилмен қарым‑қатынасының тарихын тарихын баяндау арқылы оларды насихаттайды. Нефи Құдайдың күшіне толады. Оның бауырлары кепкен қамыстай қурап қалмас үшін оған тиісуге тыйым салынады. Шамамен 592–591 ж. Иса Мәс. дейін.
1 Міне дәл солай болды, біз тағы да шөл далада сапарға шықтық және сол уақыттан бастап біз тура шығысқа жақын жол жүрдік. Міне, біз шөл далада жүріп көп қиындықты бастан өткердік және әйелдеріміз шөл далада бала туды.
2 Міне, Жаратқан Иенің бізге берген баталары соншалықты зор болды, біз шөл далада шикі етпен өмір сүргенімізге қарамастан, біздің әйелдердің сүті өз балаларына жеткілікті болды және олар күшейіп иә, тіпті ер адамдар сияқты болды; міне олар жолын күңкілдемей көтере бастады.
3 Міне осылайша біз Құдайдың өсиеттері орындалуы керек екеніне көзіміз жетті. Міне егер адам балалары Құдайдың өсиеттерін орындаса, ол оларды тамақтандырады және нығайтады және ол бұйырған нәрсені олар орындай алатын мүмкіндіктерді береді; сондықтан біз шөл далада мекендеп жүрген кезімізде, ол бізге қажетті нәрселерді берді.
4 Міне біз көп жылдар бойы иә, тіпті шөл далада сегіз жыл бойы мекендедік.
5 Міне біз «Молшылық» деп атаған жерге келдік, өйткені оның жемісі мен жабайы балы көп болды және осының барлығын Жаратқан Ие біз құрып кетпеуіміз үшін дайындады. Міне біз теңізді көрдік және оны Ирреантум деп атадық, бұл көптеген суларды білдіреді.
6 Міне дәл солай болды, біз теңіз жағасында шатырларымызды тіктік және қаншама қасірет пен көп қиындықты бастан өткерсек те, иә, тіпті соншалықты көп, біз олардың барлығын жазып жеткізе алмаймыз, біз теңіз жағасына келгенімізде соншалықты қуандық; жемісі көп болғандықтан, біз ол жерді «Молшылық» деп атадық.
7 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, көптеген күндер бойы Молшылық жерінде болғаннан кейін, маған Жаратқан Иенің дауысы естіліп, былай деді: Көтеріл де, тауға шық. Міне дәл солай болды, мен орнымнан тұрып, тауға шықтым да, Жаратқан Иеге жалбарындым.
8 Міне дәл солай болды, Жаратқан Ие маған тіл қатып, былай деді: Мен сенің халқыңды осы сулардан өткізу үшін мен саған көрсететін үлгі бойынша кеме жасап тұрғызасың.
9 Сонда мен былай дедім: Жаратқан Ие, сен маған көрсеткен әдіс бойынша кемені тұрғызатын құралдарды жасау үшін, мен балқытатын кенді қайда барып табамын?
10 Міне дәл солай болды, Жаратқан Ие маған құралдарды жасау үшін кенді қай жерге барып табу керектігін айтты.
11 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, аңдардың терілерінен отты үрлейтін ұста көріктерін жасадым; ал мен ұста көріктерін жасағаннан кейін, менде отты үрлейтін нәрсе болды, мен от жағу үшін екі тасты бір‑біріне ұрдым.
12 Өйткені Жаратқан Ие осы уақытқа дейін біз шөл далада жүрген кезімізде көп от жағуға рұқсат етпеген еді; өйткені ол былай деді: Мен сенің тамағыңды дәмді етемін, сонда сен оны пісірмейсің.
13 Міне мен шөл далада сенің нұрың да боламын; ал егер менің өсиеттерімді орындайтын болсаңдар, мен сендерге жол дайындаймын; сондықтан, сендер менің өсиеттерімді орындайтын болсаңдар, уәде етілген жерге жететін боласыңдар және сендерді мен жетелеп отырғанымды білетін боласыңдар.
14 Иә, міне Жаратқан Ие тағы мынаны айтты: Сендер уәде етілген жерге келген соң, Менің, Жаратқан Ие, Құдай екенімді және Мен, Жаратқан Ие, сендерді жойылудан құтқарғанымды білетін боласыңдар; иә, Мен сендерді Иерусалим жерінен алып шықтымды.
15 Сондықтан, мен, Нефи, Жаратқан Иенің өсиеттерін орындауға тырыстым және бауырларымды адалдық пен еңбекқорлыққа шақырдым.
16 Міне дәл солай болды, мен тасты балқытып кеннен құралдарды жасадым.
17 Міне менің бауырларым менің кеме жасағалы жатқанымды көргенде, олар маған қарсы күңкілдей бастады, былай деп: Біздің бауырымыз – ақылсыз, өйткені ол кеме жасай аламын деп ойлайды; иә, міне ол сондай‑ақ бұл ұлы суларды кесіп өте аламын деп ойлайды.
18 Міне осылайша менің бауырларым маған қарсы наразылық білдірді және олар еңбек еткісі келмеді, өйткені олар менің кеме жасай алатыныма сенбеді; сондай‑ақ олар менің Жаратқан Иеден нұсқау алғаныма да сенбеді.
19 Міне енді дәл солай болды, мен, Нефи, олардың жүрегінің қаталдығынан соншалықты қайғырдым; ал енді олар менің қайғыға батқанымды көрген кезде, олар жүректерінде соншалықты қуанып, мені күлкі астына алып, олар маған былай деді: Біз сенің кеме жасай алмайтыныңды білдік, өйткені біз сенің ақымақ екеніңді білдік; сондықтан сен мұндай үлкен жұмысты жасай алмайсың.
20 Ал сен біздің әкемізге ұқсайсың, оның жүрегінің ақымақ қиялына еріп; иә, ол бізді Иерусалим жерінен шығарды, ал біз көптеген жылдар бойы шөл далада қаңғып жүрдік және біздің әйелдер жүкті кезінде еңбек етті, олар шөл далада бала туды әрі өлімнен басқа барлық қиындықтарға ұшырады; ал осы азапты көргенше, олардың Иерусалимнен шықпай тұрып өлгендері жақсы болар еді.
21 Міне, біз сол көптеген жылдар бойы шөл далада азап шектік, сол кезде біз өз иелігіміз бен мұрагерлік жерімізден ләззат алатын едік; иә, міне мүмкін біз бақытты болар едік.
22 Міне біз Иерусалим жеріндегі адамдардың әділ халық болғанын білеміз; өйткені олар Мұсаның заңы бойынша Жаратқан Иенің заңдары мен үкімдерін және оның барлық өсиеттерін орындады; сондықтан біз олардың әділ халық екенін білеміз; ал әкеміз оларды айыптап, бізді алып кетті, өйткені біз оның сөзіне құлақ астық; иә, біздің бауырымыз да соған ұқсайды. Міне осы сөздермен менің бауырларым күңкілдеді және бізге қарсы наразылық білдірді.
23 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, оларға былай дедім: Исраил балалары болған біздің ата‑бабамыз, егер олар Жаратқан Иенің сөзіне құлақ аспағанда, мысырлықтардың қолынан шығарылатын еді деп сенесіңдер ме?
24 Иә, егер Жаратқан Ие Мұсаға оларды құлдықтан шығаруды бұйырмаса, олар құлдықтан шығар еді деп ойлайсың ба?
25 Енді Исраил балалары құлдықта болғанын білдіңдер және сендер оларға көтеру қиын болатын ауыр жұмыс жүктелгенін білесіңдер; сондықтан оларды құлдықтан шығару олардың игілігі үшін қажет болғанын сендер білесіңдер.
26 Енді сендер Мұсаға Жаратқан Ие сол ұлы істі орындауды бұйырғанын білесіңдер және оның сөзі бойынша Қызыл теңіздің сулары екі жаққа бөлінгенін және олар құрғақ жерді басып өткенін білесіңдер.
27 Бірақ сендер Перғауынның әскері болған мысырлықтар Қызыл теңізде батып кеткенін білесіңдер.
28 Міне олардың шөл далада маннамен тамақтандырылғанын да білесіңдер.
29 Иә, сондай‑ақ Мұса өз сөзімен, бойындағы Құдайдың құдіретіне сай жартасты ұрғанын және Исраил балалары шөлдерін қандыру үшін су ағып шыққанын да білесіңдер.
30 Міне оларға жол көрсетіліп, Жаратқан Ие олардың Құдайы, олардың Өтемшісі, олардың алдына түсіп, оларды күндіз жетеледі және түнде оларға нұр берді және адам қабылдауы үшін қажет нәрсенің бәрін жасағанына қарамастан, олар жүректерін қатайтты және олар өз санасын соқыр етіп, міне олар Мұса мен шынайы да тірі Құдайға қарсы тіл тигізді.
31 Міне дәл солай болды, ол оларды өз сөзі бойынша жойды және оның сөзі бойынша ол оларды жетеледі; міне оның сөзі бойынша ол олар үшін бәрін жасады және оның сөзінен басқа ештеңе жасалмады.
32 Міне олар Иордан өзенінен өтіп шыққан соң, ол оларды сол жер бетіндегі балаларды қуып шығу үшін, иә, оларды бытыратып, жойып жіберу үшін күшті етті.
33 Ал енді, сендердің ойыңша, сол біздің ата‑бабаларымыз қуып шыққан, сол уәде етілген жерде болған осы жердің балаларын, сендер оларды әділ болған деп ойлайсыңдар ма? Міне, мен сендерге айтамын, жоқ.
34 Егер де біздің ата‑бабаларымыз олардан гөрі әділ болғанында таңдаулы болар ма еді деп ойласыңдар ма? Мен сендерге айтамын, жоқ.
35 Міне, Жаратқан Ие барлық тәнді біртұтас етіп құрметтейді; кім әділ болса Құдайдың ықыласына бөленеді. Бірақ міне, бұл халық Құдайдың әрбір сөзінен бас тартты; міне олар заңсыздықпен пісіп жетілді және Құдайдың қаһарының толықтығы олардың үстіне болды және Жаратқан Ие оларға қарсы елді қарғысқа ұшыратты, ал ата‑бабамыз үшін оған батасын берді; иә, ол оларды жою үшін оны қарғады, ал біздің ата‑бабамыз оның үстінен билік алуы үшін оған батасын берді.
36 Міне, Жаратқан Ие жерді адам өмір сүру үшін жаратты; міне ол өз балаларын оған иелік ету үшін жаратты.
37 Міне ол әділ ұлтты өсіреді және зұлым ұлттарды құртады.
38 Міне ол әділдерді асыл жерлерге жетелейді, ал зұлымдарды жояды және солардың кесірінен жерді қарғысқа ұшыратады.
39 Ол көкте жоғары билік жүргізеді, өйткені бұл — оның тағысы, ал бұл жер — оның табаны.
40 Міне кім олардың Құдайы болғанын қалайтындарды ол жақсы көреді. Міне, ол біздің ата‑бабамызды жақсы көрді және ол олармен, иә, тіпті Ыбырайым, Ысқақ және Жақыппен келісім жасады және ол жасаған келісімдерді есіне алды; сондықтан ол оларды Мысыр жерінен шығарды.
41 Міне Жаратқан Ие таяғымен оларды шөл далада қыспаққа алды; өйткені, олар сендер сияқты жүректерін қатыгез еткендіктен, міне Жаратқан Ие оларды заңсыздықтары үшін қыспаққа алды. Ол олардың арасына отты ұшатын жыландар жіберді және олар тістелгеннен кейін, ол олардың сауығуына жол дайындады және олар орындауға тиіс еңбек — қарау болды; міне бұл жолдың қарапайымдылығынан немесе оның жеңілдігінен өлгендер көп болды.
42 Міне олар анда‑санда жүректерін қатайтты және олар Мұсаға да, сондай‑ақ Құдайға да тіл тигізді; соған қарамастан, оның теңдесі жоқ құдіреті арқылы олар уәде етілетін жерге жеткізілгенін білесіңдер.
43 Ал енді, осының бәрінен кейін, олардың зұлымдық жасайтын уақыты келді, иә, зұлымдықта пісіп‑жетілді; міне мен білмеймін, бірақ олар осы күні жойылғалы тұр; өйткені мен тұтқынға әкетілетін аз ғана адамдардан басқа олардың жойылатын күні міндетті түрде келетінін білемін.
44 Сондықтан Жаратқан Ие әкеме шөл далаға кетуді бұйырды және яһудилер де оның өмірін алуға тырысты; иә, міне сендер де оның өмірін алуға тырыстыңдар; сондықтан сендер жүректеріңде қанішерсіңдер және сендер де соларға ұқсайсыңдар.
45 Сендер заңсыздыққа жылдамсыңдар, бірақ Құдайың Жаратқан Иені еске алуға асықпайсыңдар. Сендер періштені көрдіңдер және ол сендерге сөйледі; иә, сендер анда‑санда оның даусын естідіңдер және ол сендермен баяу, жұмсақ дауыспен сөйледі, бірақ сендер оның сөзін сезбейтін дәрежеге жеттіңдер; сондықтан ол сенімен найзағайдың дауысына ұқсас дауыспен сөйлесті, бұл жерді бөлшектеп тастағандай шайқауға әкелді.
46 Міне, ол өзінің құдіреті шексіз сөзінің күшімен жердің болмысын тоқтата алатынын да сендер білесіңдер; иә, міне ол өзінің сөзі арқылы өрескел жерлерді тегістеп, ал тегіс жерлерді бөліп жібере алатынын сендер білесіңдер. О, онда сендер қалай жүректеріңде соншалықты қатыгезсіңдер?
47 Міне, сендердің кесіріңнен менің жаным қиналып жатыр және менің жүрегім тарылды; сендерден мәңгілікке бас тартама деп қорқамын. Міне, мен Құдайдың Рухына толымын, соншалықты денемде ешқандай күш қалмады.
48 Міне енді дәл солай болды, мен бұл сөздерді айтқаннан кейін олар маған ашуланды және мені теңіздің түбіне тастағысы келді; міне олар маған қолын жұмсау үшін шыққанда, мен оларға былай дедім: Құдіретті Құдайдың атымен, сендер маған тиіспеңдер деп бұйырамын, өйткені мен Құдайдың құдіретіне толымын, тіпті денем күйіп кетуі мүмкін; ал кім маған қолын көтерген, құрғақ қамыс тәрізді қурап қалады да, Құдайдың құдіреті алдында құнсыз болып қалады, себебі Құдай оны жазалайды.
49 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, оларға бұдан былай әкесіне қарсы күңкілдемеу керектігін; сондай‑ақ олар менімен бірге еңбек етуін аямауы керектігін айттым, өйткені Құдай маған кеме жасауды бұйырды.
50 Міне мен оларға былай дедім: Егер Құдай маған барлық нәрсені істеуді бұйырған болса, мен оларды орындайтын едім. Егер ол маған осы суға: жер бол деп, айтуды бұйырса, ол жерге айналады; ал егер мен оны айтсам, онда ол орындалады.
51 Ал енді, егер Жаратқан Ие осындай зор күшке ие болса және адам балалары арасында көптеген кереметтер жасаған болса, онда ол маған кеме жасауды қалайша үйрете алмайды?
52 Міне дәл солай болды, мен, Нефи, бауырларыма соншалықты көп нәрсені айттым, олар ұятқа қалып, маған қарсы тұра алмады; тіпті көптеген күндер бойы олардың маған қолдарын көтеруге де және саусақтарын маған тигізуге де батылы жетпеді. Енді олар менің көз алдымда солып қалмас үшін мұны істеуге батылдық танытпады, міне Құдай Рухының күшті болғаны соншалық; міне бұл оларға осылайша әсер етті.
53 Міне дәл солай болды, Жаратқан Ие маған былай деді: Қолыңды бауырларыңа соз және олар сенің алдыңда сөнбейді, бірақ мен оларды дүр сілкіндіремін, – деді Жаратқан Ие, – мен олардың Құдайы Жаратқан Ие екенімді білуі үшін осылай істеймін.
54 Міне дәл солай болды мен бауырларыма қолымды создым, бірақ олар менің алдымда сөнбеді; бірақ Жаратқан Ие оларды тіпті өзінің айтқан сөзіне сай дүр сілкіндірді.
55 Ал енді олар былай деді: Біз Жаратқан Иенің сенімен бірге екенін біз анық білеміз, өйткені Жаратқан Иенің құдіреті бізді шайқап салғанын білеміз. Міне олар менің алдымда жығылып, маған табынуға дайын болды, бірақ мен оларға рұқсат бермей былай дедім: Мен сендердің бауырыңмын, иә, тіпті сендердің кіші ініңмін; сондықтан Құдай‑Жаратқан Иеге ғибадат етіңдер және әкең мен анаңды құрметтеңдер, сонда сендердің Құдайың Жаратқан Ие сендерге беретін жерде өмірлерің ұзақ болады.