Киелі жазбалар
Мосия 10


10‑шы тарау

Ламан патша қайтыс болады. Оның халқы жабайы және жауыз және жалған дәстүрлерге сенеді. Зениф пен оның халқы оларға қарсы жеңіске жетті. Шамамен 187–160 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, біз қайтадан патшалықты құруға кірістік және бейбітшілікте біз сол жерге қайтадан иелік ете бастадық. Міне ламандықтар менің халқыма қарсы соғысуға қайта аттанған кезде, менде өз халқым үшін қару‑жарақ болуы мүмкіндігі үшін, мен соғыс қаруының барлық түрлерінің болуын қамтамасыз еттім.

2 Мен ламандықтар қайтадан бізге кездейсоқ қайта шабуыл жасап, бізді жойып жібермеуі үшін мен жерді айнала күзетшілер қойдым; міне осылайша мен өз халқым мен отарларымды қорғадым, оларды жауларымыздың қолына түсуден сақтадым.

3 Міне дәл солай болды, біз ата‑бабаларымыздың жерін ұзақ жылдар бойы мұра етіп қалдық, иә, жиырма екі жыл бойы.

4 Мен ер адамдарға жерді өңдеп және астықтың барлық түрі мен барлық жемістерді өсіруді бұйырдым.

5 Міне мен әйелдерге жіп иіріп және еңбек етіп және жұмыс істеп және жұқа зығыр матаның барлық түрлерін, иә, сондай‑ақ кез келген матаны өңдеуге бұйырдым, сонда біз жалаңаштығымызды жасырамыз; осылайша біз сол елде өркендедік, осылайша сол жерде жиырма екі жыл бойы бізде үздіксіз бейбітшілік орнады.

6 Міне дәл солай болды, Ламан патша қайтыс болды және оның орнына оның ұлы патшалық ете бастады. Міне ол өз халқын менің халқыма қарсы көтеріліске шығара бастады; сондықтан олар соғысқа дайындалды және менің халқыма қарсы шайқасқа шықты.

7 Бірақ мен тың шыларымды Шемлон жерінің айналасына жібердім, осылайша олардың дайындығын анықтау үшін, мен олардан сақ болу үшін, олар менің халқыма шабуыл жасап, оларды жойып жібермес үшін.

8 Міне дәл солай болды, олар Шилом жерінің солтүстігіне көтерілді, өздерінің сансыз әскерімен, жауынгерлері садақтармен және жебелермен және семсерлермен және қанжарлармен және сойылдармен және соқпандармен қаруланған; олар бастарын тақыр қылып қырып тастаған; әрі олардың белдері былғары белбеумен байланған болатын.

9 Міне дәл солай болды, мен халқымның әйелдері мен балаларын шөл далада жасыруды бұйырдым; сондай‑ақ мен қару‑жарақ көтере алатын барлық егде жастағы адамдарыма, сондай‑ақ қару көтере алатын барлық жас ұландарыма ламандықтарға қарсы шайқасқа жиналуын бұйырдым; солай әрқайсысын өз жасына қарай оларды өз қатарына қойдым.

10 Міне дәл солай болды, біз ламандықтарға қарсы шайқасқа көтерілдік; мен де, тіпті мен, менің қартайған жасымда, ламандықтарға қарсы шайқасқа көтерілдім. Міне дәл солай болды, біз Жаратқан Иенің құдіретімен шайқасқа көтерілдік.

11 Енді ламандықтар Жаратқан Ие туралы да, Жаратқан Иенің құдіреті туралы да ештеңе білмеді, сондықтан олар өз күштеріне сенім артты. Дегенмен, олар ерлердің күші жағынан мықты халық болатын.

12 Бұл ата‑бабаларының дәстүріне сенген жабайы, жауыз және қанішер адамдар еді, атап айтқанда: олардың ата‑бабаларының заңсыздықтары үшін Иерусалим жерінен қуылғанына және шөл далада олардың бауырлары оларға зұлымдық жасағанына және теңізден өтіп бара жатқанда оларға әділетсіздік жасалды деп сенді.

13 Міне тағы да, олар теңізден өткеннен кейін бірінші мұралық жерінде болған кезде, оларға әділетсіздік жасалғанын және мұның бәрі Нефидің Жаратқан Иенің өсиеттерін орындауға барынша адал болғаны үшін, сондықтан ол Жаратқан Иенің ықыласына бөленді, өйткені Жаратқан Ие оның мінажатын естіп, оларға жауап берді және шөл далада Нефи олардың сапарын басқарды.

14 Міне оның бауырлары оған ашуланды, өйткені олар Жаратқан Иенің істерін түсінбеді; олар тағы су үстінде оған ашуланды, өйткені олар Жаратқан Иеге қарсы жүректерін қасарыстырып қойды.

15 Міне уәде етілген жерге жеткен кезде, олар тағы да оған ашуланды, өйткені ол олардың қолдарынан халық билігін тартып алды деп айтты; міне олар оны өлтірмек болды.

16 Міне Жаратқан Ие бұйырғандай шөл далаға кетіп, мыс парақтарға ойылып жазылған жазбаларды алып кеткені үшін олар оған тағы да ашуланды, өйткені ол оларды тонап кеткенін айтты.

17 Міне осылайша олар өз балаларына оларды жек көруді және оларды өлтіруді және оларды тонауды және оларды талан‑таражға салуды, әрі оларды жою үшін қолдан келгеннің бәрін істеуді үйретті; сондықтан олар Нефидің балаларына мәңгілік өшпенділікпен қарайды.

18 Өйткені дәл осы себепті Ламан патша өзінің айлакерлігі мен өтірік қулығымен және тартымды уәделерімен мені алдады, сондықтан мен өз халқымды осы жерге алып келдім, осылайша олар оларды жойып жіберуі үшін; иә, біз осы жерде осынау жылдар бойы азап шегудеміз.

19 Ал енді мен, Зениф, осының бәрін өз халқыма ламандықтар туралы айтқаннан кейін, мен оларды Жаратқан Иеге сенім артып, бар күштерімен шайқасқа шығуға ынталандырдым; сондықтан біз олармен бетпе‑бет соғыстық.

20 Міне дәл солай болды, біз оларды өз жерімізден тағы да қуып шықтық; міне ұлы қырғында олардың көбін біз қырып салдық, тіпті көп болғандықтан, біз оларды санамадық.

21 Міне дәл солай болды, біз өз жерімізге қайта оралдық, ал менің халқым қайтадан мал бағып және жер өңдеуге кірісті.

22 Ал енді мен қартайдым, патшалықты ұлдарымның біріне жүктедім; сондықтан мен бұдан артық ештеңе айтпаймын. Ал Жаратқан Ие халқымды жарылқасын. Әумин.