Киелі жазбалар
Мосия 21


21‑ші тарау

Лимхи халқы ламандықтардан соққыға жығылып, жеңіліске ұшырады. Лимхидің адамдары Аммонмен кездеседі және дінге бет бұрады. Олар Аммонға иәреттердің жиырма төрт парақтары туралы айтады. Шамамен 122–121 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, Лимхи мен оның халқы Нефи қаласына қайтып оралды және қайтадан жер бетінде тыныш өмір сүре бастады.

2 Міне дәл солай болды, көп күндерден кейін ламандықтар қайтадан Нефиліктерге қарсы ашуланып қайтадан көтеріле бастады және төңірегіндегі жерлерге басып кіре бастады.

3 Енді олардың патшалары Лимхиге берген антына байланысты олар оларды өлтіруге батылы жетпеді; бірақ олар олардың беттерінен ұрып, оларға билік жүргізді; және олардың арқаларына ауыр жүк салып, оларды айдай бастады, мылқау есекті айдаған секілді.

4 Иә, мұның бәрі Жаратқан Иенің сөзі орындалу үшін істелді.

5 Ал енді нефиліктердің азаптары зор болды және олардың қолдарынан олар үшін құтылудың жолы болмады, өйткені ламандықтар оларды жан‑жақтан қоршап алған болатын.

6 Міне дәл солай болды, халық өздерінің қасіреттеріне байланысты патшаға күңкілдей бастады; міне оларға қарсы соғысуға ниет білдіре бастады. Міне олар өздерінің шағымдарымен патшаны қатты азаптады; сондықтан ол оларға өз қалаулары бойынша істеуге рұқсат берді.

7 Міне олар қайтадан жиналды және қару‑жарақтарын киді де ламандықтарды өз жерінен қуып шығу үшін оларға қарсы аттанды.

8 Міне дәл солай болды, ламандықтар оларды соққыға алды, міне оларды кері қуды және олардың көбін қырып салды.

9 Ал енді Лимхи халқының арасында үлкен аза тұтылып және жоқтау болды, күйеуін жоқтап жатқан жесір әйел, ұлы мен қызы әкесін жоқтап және ағайындар өз бауырларын жоқтап жатты.

10 Енді сол жерде жесірлер көп болды, олар ламандықтардан қатты қорқатындықтан, олар күннен күнге қатты жылады.

11 Міне дәл солай болды, олардың үздіксіз айқайлары Лимхи халқының қалған бөлігін ламандықтарға қарсы ашуларын оятты; міне олар қайтадан шайқасқа аттанды, бірақ олар көп шығынға ұшырап, қайтадан кері қуылды.

12 Иә, олар тағы да, яғни, үшінші рет барды және дәл солай зардап шекті; ал тірі қалғандар Нефи қаласына қайтып оралды.

13 Олар өздерін құлдық қамытына бағындырып, топыраққа дейін кішіпейілділік танытты, жауларының қалауы бойынша өздерін соққыға жығуға және ары‑бері айдауға және ауыртпалыққа бағынды.

14 Міне олар терең қастерлейтін кішіпейілділікпен кішіпейілділік танытты және олар Құдайға қатты жалбарынды; иә, яғни олар күні бойы өздерінің Құдайына жалбарынып, одан оларды қайғы‑қасіретінен құтқаруын сұрады.

15 Ал енді Жаратқан Ие олардың зұлымдықтары үшін олардың зарын естуге асықпады; соған қарамастан, Жаратқан Ие олардың зарын естіп, ламандықтардың жүректерін жұмсарта бастады, сондықтан олар олардың ауыртпалықтарын жеңілдете бастады; алайда Жаратқан Ие оларды құлдықтан босатуды жөн көрмеді.

16 Міне дәл солай болды, олар жер бетінде бірте‑бірте өркендей бастады және олар жүгері мен ұсақ және ірі малды молынан өсіре бастады, осылайша олар аштықтан зардап шеккен жоқ.

17 Енді онда әйелдердің саны еркектерге қарағанда көп болды; сондықтан Лимхи патша, жесірлер мен олардың балалары аштықтан өліп қалмауы үшін, әр ер адам оларға қолдау көрсетсін деп бұйырды; міне бұны олар өлтірілгендердің санының көптігі үшін істеді.

18 Лимхидің адамдары мүмкіндігінше бірігіп біртұтас тұрды және өздерінің астығы мен малдарын күзетіп отырды;

19 Ал патшаның өзі ламандықтардың қолына түсіп қалуынан қорқып, күзетшілерін өзімен бірге алып кетпей, патшаның өзі қала қабырғасынан тыс жерде өзіне сенім артпады.

20 Сондай‑ақ ол ламандықтардың қыздарын ұрлап кеткен және олардың бастарына үлкен қырғын әкелген шөл далаға қашып кеткен діни қызметкерлерді қандай да бір жолмен ұстап алу үшін өз халқын айналадағы жерді бақылап отыруды бұйырды.

21 Өйткені оларды жазаға тарту үшін олар оларды ұстап алғылары келді; өйткені олар түнде Нефи еліне келіп, астығы мен көптеген асыл заттарын алып кеткен болатын; сондықтан олар оларды жасырын күтті.

22 Міне дәл солай болды, ламандықтар мен Лимхи адамдарының арасында бұдан былай дүрбелең болған жоқ, яғни Аммон мен оның бауырлары сол жерге келген уақытқа дейін.

23 Міне патша өзінің күзетшілерімен бірге қала қақпасының сыртында жүрген кезде Аммон мен оның бауырларын тапты және ол оларды Нұхтың діни қызметкерлері деп ойлағандықтан, ол оларды ұстап алып және байлап әрі түрмеге тастауды бұйырды. Ал егер олар Нұхтың діни қызметкерлері болғанда, ол оларды өлім жазасына кесетін еді.

24 Бірақ олар емес екенін, бірақ олар оның бауырлары екенін және Зараһемла жерінен келгенін білген кезде, ол зор қуанышқа кенелді.

25 Енді Лимхи патша Аммондықтардың келуіне дейін Зараһемла жерін іздеуге аздаған адам жіберген болатын; бірақ олар оны таба алмай, шөл далада адасып кетті.

26 Соған қарамастан олар бір кездері қоныстанған жерді тапты; иә, қурап қалған сүйектің күлімен жабылған жерді; иә, қоныстанған және жойылған жер; міне олар бұл жерді Зараһемла жері деп ойлап, Нефи еліне қайтып оралды, олар Аммонның келуінен бірнеше күн бұрын сол жердің шекарасына келіп жетті.

27 Міне олар өздерімен бірге, яғни сол сүйектері табылған адамдардың жазбасын да әкелді және ол кен парақтарына ойылып жазылған.

28 Енді міне Аммонның аузынан Мосия патша Құдайдың сыйына ие екенін, сол арқылы ол осындай жазуларды түсіндіре алатынын білген кезде, Лимхи тағы да қуанышқа бөленді; иә, Аммон да қуанды.

29 Бірақ аммондар мен оның бауырлары қатты қайғыға батты, өйткені олардың көптеген бауырлары өлтірілді;

30 Сондай‑ақ Нұх патша мен оның діни қызметкерлері бұл халықты Құдайға қарсы көптеген күнәлар мен заңсыздықтар жасауға мәжбүр еткеніне; сондай‑ақ олар Абинадидің өліміне және Абинади айтқан сөздерге сенім артып және Құдайдың күші мен құдіреті арқылы Құдайдың шіркеуін құрған Алма мен онымен бірге жүрген адамдардың кетуіне де қайғырды.

31 Иә, олардың кеткеніне қайғырды, өйткені олардың қайда қашып кеткендерін білмеді. Енді олар оларға қуана қосылатын еді, өйткені олар Құдайға қызмет ету үшін және Оның өсиеттерін орындау үшін Құдаймен келісім жасасты.

32 Енді міне Аммон келгеннен бері, Лимхи патша да Құдаймен келісім жасасты, сонымен қатар оның халқының көбі, оған қызмет етуге және өсиеттерін орындауға келісім жасасты.

33 Міне енді дәл солай болды, Лимхи патша мен оның көптеген адамдары су рәсімінен өткісі келді; бірақ сол жерде Құдайдың билігін алған ешкім болмады. Ал Аммон өзін лайықсыз қызметші деп санап, мұны істеуден бас тартты.

34 Сондықтан олар сол кезде олар шіркеу болып құрылмады, Жаратқан Иенің Рухын күтті. Енді олар сол шөл далаға қашқан Алма мен оның бауырлары сияқты болғысы келді.

35 Олар Құдайға шын жүректен қызмет етуге дайын екендігінің куәлігі және дәлелі ретінде су рәсімінен өткісі келді; соған қарамастан олар мұны біраз уақыт өтіп істеді; міне олардың су рәсімінен өткені туралы баяндама кейін берілетін болады.

36 Ал енді Аммон мен оның адамдарының, Лимхи патша мен оның адамдарының барлық жоспары, өздерін Ламандықтардың қолынан және құлдықтан құтылу болды.