Киелі жазбалар
Мосия 19


19‑шы тарау

Гедеон Нұх патшаны өлтіруді көздейді. Ламандықтар жерді басып алады. Нұх патша отқа оранып өледі. Лимхи алым төлейтін монарх ретінде билік етеді. Шамамен 145–121 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, Жаратқан Иенің халқын іздестіру сәтсіз аяқталғаннан кейін, патшаның әскері қайтып оралды.

2 Ал енді міне, патшаның әскерлері аз болды, өйткені олар қысқартылған болатын және халықтың қалдығы арасында бөліну басталды.

3 Ал кіші бөлігі патшаға қарсы қоқан‑лоққыларды шығара бастады және олардың арасында үлкен дау‑дамай басталды.

4 Ал енді олардың арасында Гедеон есімді бір адам бар еді, және ол күшті адам және патшаға жау болды, сондықтан ол қылышын суырып алып және ашуланып патшаны өлтіремін деп ант берді.

5 Міне дәл солай болды, ол патшамен соғысты; ал патша оны жеңуге шақ қалғанын көрген кезде, ол қашып жөнелді және жүгіріп барып, ғибадатхананың жанындағы мұнараның үстіне шығып алды.

6 Ал Гедеон оның соңынан қуып, патшаны өлтіру үшін мұнараға көтерілмекші болды, ал патша болса көзін Шемлон жеріне қадап қараса, міне, ламандықтардың әскері сол жердің шекарасында екен.

7 Ал енді патша жан азабымен айқайлап, былай деді: Гедеон мені аяшы, өйткені ламандықтар бізге қарсы келе жатыр және олар бізді жояды; иә, олар менің халқымды жояды.

8 Ал енді патша өз халқының қамы үшін онша алаңдамады, ол тек өз өмірін ойлады; соған қарамастан Гедеон оны аяды.

9 Міне патша халыққа ламандықтардың алдынан қашуды бұйырды, ал өзі олардың алдына шықты да, олар әйелдерімен және балаларымен шөл далаға қарай қашты.

10 Міне дәл солай болды, ламандықтар олардың соңынан түсті және оларды қуып жетіп, міне оларды өлтіре бастады.

11 Енді дәл солай болды, патша барлық еркектерге әйелдері мен балаларын тастап, оларға ламандықтардан қашуды бұйырды.

12 Енді оларды тастап кетпейтіндер көп болды, бірақ олармен бірге қалып, өлгенін жөн көрді. Ал қалғандары әйелдері мен балаларын тастап қашты.

13 Міне дәл солай болды, әйелдері мен балаларымен бірге қалғандар, олардың сұлу қыздарын алға шығарып, ламандықтардан оларды өлтірмеуін өтінді.

14 Міне дәл солай болды, ламандықтар оларға жанашырлық танытты, өйткені олар әйелдерінің сұлулығына тәнті болды.

15 Сондықтан ламандықтар олардың өмірлерін аяды, оларды тұтқынға алды және оларды Нефи еліне қайтып алып келді, міне егер олар Нұх патшаны ламандықтардың қолына тапсыратын болса және олардың дүние‑мүлкін, яғни олар иелік ететін барлық нәрселердің жартысын, алтын‑күмістің және барлық асыл заттарының жартысын және жыл сайын ламандықтардың патшасына алым‑салық төлеп тұруға тиіс шартымен, оларға жерді иемдену мүмкіндігі берілді.

16 Ал енді тұтқынға алынғандардың арасында патшаның бір ұлы бар еді, оның аты Лимхи болатын.

17 Ал енді Лимхи әкесінің жойылмауын тіледі; соған қарамастан, Лимхи әкесінің заңсыздықтарынан бейхабар емес еді, оның өзі әділ адам болатын.

18 Міне дәл солай болды, Гедеон патшаны және онымен бірге болғандарды іздеп табу үшін шөл далаға жасырын түрде сарбаздарын жіберді. Міне дәл солай болды, олар шөл далада патша мен оның діни қызметкерлерінен басқа барлық адамдарды кездестірді.

19 Енді олар Нефи еліне ораламыз, ал егер олардың әйелдері мен балалары, сондай‑ақ олармен бірге қалғандар өлтірілсе, олар кек алуды көздейтінін, сондай‑ақ олармен бірге өлетініне жүректерімен ант берді.

20 Міне патша оларға қайтып оралмауды бұйырды; ал олар патшаға ашуланып, әрі оны азапқа ұшыратты, тіпті отқа салып өлтірді.

21 Олар діни қызметкерлерді де ұстап алып, өлім жазасына кеспек болды, ал олар олардың алдынан қашып құтылды.

22 Міне дәл солай болды, олар Нефи еліне қайтып оралмақшы болды, міне олар Гедеонның адамдарымен кездесіп қалды. Міне Гедеонның адамдары оларға олардың әйелдері мен балаларының басынан өткенннің бәрін және ламандықтар өздеріне тиесілі барлық жерінің жартысын ламандықтарға алым төлеу арқылы оларға жерді иемденуге мүмкіндік бергенін айтты.

23 Міне халық Гедеонның адамдарына олар патшаны өлтіргендерін, ал оның діни қызметкерлері олардан әрі шөл далаға қашып кеткенін айтты.

24 Міне дәл солай болды, олар салтанатты рәсімді аяқтағаннан кейін, олар Нефидің жеріне қайтып оралды, өйткені олардың әйелдері мен балаларының өлтірілмегеніне қуанып; міне олар Гедеонға патшаға не істегендерін айтты.

25 Міне дәл солай болды, ламандықтардың патшасы оларға, оның халқы оларды өлтірмейді деп ант берді.

26 Сондай‑ақ Лимхи патшаның ұлы болғандықтан және халық өзіне сеніп тапсырған патшалығы болғандықтан, ламандықтардың патшасына оның халқы оған алым‑салық төлейтініне ант берді, яғни олар иелік ететін барлық нәрсенің жартысын.

27 Міне дәл солай болды, Лимхи патшалық құрып, өз халқының арасында тыныштық орната бастады.

28 Ламандықтардың патшасы Лимхи халқын елде ұстау үшін және олар шөл далаға кетпеуі үшін, сол жердің айналасына күзетшілер қойды; міне ол нефиліктерден алған алым‑салықтан сақшыларына қолдау көрсетті.

29 Ал енді патша Лимхи екі жыл бойы өз патшалығында үздіксіз тыныштықта болды, сондықтан ламандықтар оларды қорламады және оларды жоюға тырыспады.