Киелі жазбалар
Мосия 23


Нұх патшаның халқы шөл далаға айдап кеткен Алма және Жаратқан Иенің халқы туралы баяндама.

23 пен 24‑ші тараудан тұрады.

23‑ші тарау

Алма патша болудан бас тартады. Ол бас діни қызметкер қызметін атқарады. Жаратқан Ие өз халқын жазалайды және ламандықтар Хелам жерін жаулап алды. Амулон, Нұх патшаның зұлым діни қызметкерлерінің жетекшісі, ламандық монархқа бағынады. Шамамен 145–121 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Енді Алма, Нұх патшаның әскері оларға шабуыл жасайтыны туралы Жаратқан Иеден ескерту алып, бұл туралы өз халқына мәлім етті, сондықтан олар малдарын жинады және өздерінің кейбір астықтарын алып, Нұх патшаның әскерлерінен бұрын шөл далаға кетті.

2 Міне Нұх патшаның халқы оларды жойып жібере алмайтындай етіп, Жаратқан Ие оларды нығайтты.

3 Міне олар сегіз күндік жол жүріп, шөл далаға қашып кетті.

4 Міне олар жерге келді, иә, тіпті өте әдемі және жағымды жерге, суы таза жерге келді.

5 Міне олар шатырларын тікті және және жерді өңдеуге кірісті және ғимараттар сала бастады; иә, олар еңбекқор еді және ерекше еңбек етті.

6 Ал адамдар Алманың оларға патша болғанын қалады, өйткені ол халықтың сүйіктісі еді.

7 Бірақ ол оларға былай деді: Біліп қойыңдар, бізде патшаның болғаны орынды емес; өйткені Жаратқан Ие мынаны айтады: Бір тәнді екіншісінен жоғары қоймаңдар немесе бір адам өзін басқа біреуден жоғары санамасын; сондықтан менің сендерге айтарым, сендерде патшаның болғаны орынды емес.

8 Соған қарамастан, егер сендердің патшаларың әрқашан әділ адамдар болуы мүмкін болса, онда сендерде патша болғаны жақсы болар еді.

9 Бірақ Нұх патша мен оның діни қызметкерлерінің заңсыздықтарын естеріңе түсіріңдер; мен өзім де тұзаққа түсіп қалдым және Жаратқан Иенің көз алдында көптеген жиіркенішті істерді істедім, бұл менде қатты өкініш тудырды;

10 Соған қарамастан, көп қайғы‑қасіреттен кейін Жаратқан Ие менің зарымды естіді және дұғаларыма жауап берді және сендердің көпшілігіңді оның шындығын білуге көмектесу үшін мені өз қолында құрал етті.

11 Соған қарамастан, мен бұл үшін мұны мақтан тұтпаймын, өйткені мен өзімді мақтан тұтуға лайық емеспін.

12 Ал енді мен сендерге айтамын: сендерді Нұх патша қыспаққа алды, міне оған және оның діни қызметкерлеріне құл болдыңдар және олардың жетелеуімен заңсыздыққа ұшырадыңдар; сол себепті, сендер зұлымдықпен байлаулы болдыңдар.

13 Ал енді сендер Құдайдың құдіретімен осы байлаулардан құтылдыңдар; иә, яғни Нұх патша мен оның халқының қолынан да, сондай‑ақ зұлымдық байлауларынан да, сондықтан мен сендерге сол арқылы азат болған осы бостандықта берік тұруларыңды және ешкімнің сендерге патша болатынына сенбеулеріңді қалаймын.

14 Сонымен қатар, ол Құдайдың адамы болып, оның жолымен жүретін және оның өсиеттерін орындайтын адам болмаса, ешкім сенің ұстазың да, қызметшің де бола алмайды.

15 Осылайша Алма өз халқына: әр адам жақынын өзі сияқты жақсы көруге, олардың арасында дау‑дамайдың болмауына үйретті.

16 Міне енді, Алма олардың шіркеуінің негізін қалаушы болғандықтан, олардың бас діни қызметкері болды.

17 Міне дәл солай болды, Құдайдан болмаса, ешкім уағыздауға немесе тәлім беруге билік алмаған. Сондықтан ол олардың барлық діни қызметкерлері мен ұстаздарын бағыштады және тек ер адамдар болмаса, ешқайсысы бағышталмады.

18 Сондықтан олар өз халқына қамқорлық жасап, оларды әділдікпен қамтамасыз етті.

19 Міне дәл солай болды, олар ол жерде соншалықты өсіп‑өркендеді және ол жерді Хелам деп атады.

20 Міне дәл солай болды, олар Хелам жерінде соншалықты көбейіп, өсіп‑өркендеді; міне олар қала тұрғызды, олар оны Хелам қаласы деп атады.

21 Соған қарамастан Жаратқан Ие өз халқын жазалауды жөн көреді; иә, ол олардың шыдамдылығы мен сенімін сынайды.

22 Соған қарамастан, кім оған сенім артса, соңғы күні көтерілетін болады. Иә, бұл халықпен де солай болды.

23 Міне енді, мен сендерге олардың құлдыққа алынғанын көрсетемін және олардың Құдайы Жаратқан Иеден басқа ешкім оларды құтқара алмады, иә, яғни Ыбырайымның, Ысқақтың және Жақыптың Құдайы.

24 Міне дәл солай болды, ол оларды құтқарды және оларға өзінің құдіретті күшін көрсетті және олардың қуаныштары зор болды.

25 Міне енді, олар Хелам жерінде болған кезде, Иә, Хелам қаласында, маңайындағы жерді өңдеп жатқанда, ламандықтардың әскері сол жердің шекарасында пайда болды.

26 Енді дәл солай болды, Алманың бауырлары егістік орындарынан қашып және Хелам қаласына жиналды; міне олар ламандықтардың пайда болуына байланысты қатты қорқып кетті.

27 Бірақ Алма шығып, олардың арасында тұрды да, оларды қорықпауға, керісінше оларға өздерінің Құдайы Жаратқан Иені еске алуға шақырды, сонда ол оларды құтқарады.

28 Сондықтан олар қорқыныштарын басып және ламандықтардың жүректерін жұмсартып, олар олардың өздеріне және әйелдері мен балаларына рақым етуін сұрап, Жаратқан Иеге жалбарына бастады.

29 Міне дәл солай болды, Жаратқан Ие ламандықтардың жүректерін жұмсартты. Міне Алма мен оның бауырлары шықты да өздерін олардың қолына тапсырды; ал ламандықтар Хелам жерін иемденеді.

30 Енді Лимхи патшаның адамдарының соңынан ерген ламандықтардың әскерлері көп күн бойы шөл далада адасып жүрген болатын.

31 Міне, олар Нұх патшаның діни қызметкерлерін тауып алды, олар оны Амулон деп атаған жерде; міне олар Амулон жерін иемденіп және жер өңдеуге кіріскен.

32 Міне, сол діни қызметкерлердің көсемінің аты Амулон еді.

33 Міне дәл солай болды, Амулон ламандықтарға жалбарынды; сондай‑ақ ол олардың ламандықтардың қыздары болған әйелдерін де олардың бауырларына күйеулерін өлтірмеулерін өтіну үшін жіберді.

34 Міне ламандықтар Амулон мен оның бауырларына жанашырлық танытты және олардың әйелдерінің арқасында оларды жоймады.

35 Міне Амулон мен оның бауырлары ламандықтарға қосылды және олар Нефидің жерін іздеп шөл далада кезіп жүрген кезде, Алма мен оның бауырларының иелігіндегі Хелам жеріне тап болады.

36 Міне дәл солай болды, Ламандықтар Алмаға және оның бауырларына, егер олар ламандықтарға Нефи жеріне апаратын жолды көрсетсе, олар нефиліктерге өмір мен бостандық сыйлайтындықтарын уәде етті.

37 Бірақ Алма оларға Нефи жеріне апаратын жолды көрсеткеннен кейін, ламандықтар уәделерін орындамады; бірақ олар Хелам жерінің айналасында, Алма мен оның бауырларының үстінен күзетшілер қойды.

38 Ал қалғандары Нефидің жеріне кетті; міне олардың бір бөлігі Хелам жеріне қайтып оралды және сол жерде қалған күзетшілердің әйелдері мен балаларын да өздерімен бірге алып келді.

39 Ал ламандықтардың патшасы Амулонға оның Хелам жеріндегі халқына патша және билеуші болуға рұқсат берді; бірақ ламандықтардың патшасының еркіне қарсы бірдеңе істеуге оның құзыры болмады.