Киелі жазбалар
Мосия 26


26‑шы тарау

Шіркеудің көптеген мүшелерін имансыздар күнәға итермелейді. Алмаға мәңгілік өмір уәде етілді. Күнәларына тәубе еткендер мен су рәсімінен өткендер кешірім алады. Алманың және Жаратқан Иенің алдында өкініп, әрі күнәсін мойындаған шіркеу мүшелері кешіріледі; әйтпесе олар Шіркеу халқының қатарына қосылмайды. Шамамен 120–100 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Енді дәл солай болды, Бунямин патшаның сөздерін түсіне алмайтын өскелең ұрпақ көп болды, өйткені ол өз халқына сөйлеген кезде олар кішкентай еді; міне олар әкелерінің дәстүріне сенбеді.

2 Олар өлгендердің қайта тірілуіне қатысты айтылғандарға сенбеді, сондай‑ақ Мәсіхтің келуіне де сенбеді.

3 Міне енді сенбегендіктен олар Құдайдың сөзін түсіне алмады және олар жүректерінде жақсылық атаулыға қарсы қасарысты.

4 Міне олар су рәсімінен өткісі келмеді; сондай‑ақ шіркеуге де қосылғысы келмеді. Міне олар өздерінің сенімдері жағынан бөлек халық еді және мәңгі сол қалпында қалды, яғни оның тәндік және күнәһар күйінде; өйткені олар өздерінің Құдайлары Жаратқан Иеге сиынғысы келмеді.

5 Ал енді Мосия патшалығы кезінде, Құдай халқы ретінде, олардың саны жартысына тең емес еді; бірақ бауырлар арасындағы келіспеушіліктердің кесірінен олар көбейіп кетті.

6 Өйткені дәл солай болды, олар шіркеуде болған көпшілікті өздерінің мақтау сөздерімен алдады және оларды көптеген күнәлар жасауға итермеледі; сондықтан сол күнә жасаған шіркеуліктер шіркеуден ескерту алуы қажет болды.

7 Міне дәл солай болды, олар діни қызметкерлердің алдына әкелінді және ұстаздар діни қызметкерлерге тапсырды; ал діни қызметкерлер оларды бас діни қызметкер болған Алманың алдына әкелді.

8 Енді Мосия патша Алмаға шіркеудің билігін берді.

9 Міне дәл солай болды, олар туралы Алма білмеді; бірақ оларға қарсы куәгерлер көп болды; иә, адамдар орнынан тұрып және олардың көп заңсыздықтары туралы куәлік етті.

10 Енді шіркеуде бұрын мұндай еш нәрсе болмаған еді; сондықтан Алманың жаны қиналып, міне ол оларды патшаның алдына әкелуді бұйырды.

11 Міне ол патшаға былай деді: Міне, біз сенің алдыңа әкелген мына көпшілік өздерінің бауырларымен айыпталып жатыр; иә, олар әртүрлі заңсыздықтарымен айқындалды. Міне олар жасаған заңсыздықтары үшін тәубеге келмейді; сондықтан олардың жасаған қылмыстары бойынша оларға үкіміңді шығару үшін сенің алдыңа алып келдік.

12 Бірақ Мосия патша Алмаға былай деді: Міне, мен оларды айыптамаймын; сондықтан олардың үкімін шығару үшін мен оларды сенің қолыңа тапсырамын.

13 Міне енді Алманың рухы қайтадан мазасызданды; ол барып, Жаратқан Иеден осы мәселе бойынша қалай әрекет ету керектігін сұрады, өйткені ол Құдайдың алдында қателік жасаудан қорықты.

14 Міне дәл солай болды, ол бүкіл жан дүниесін Құдайға төгіп болғаннан кейін, оған Жаратқан Иенің даусы оған жетіп, былай деді;

15 Сен бақыттысың, Алма, және Мормон суларында су рәсімінен өткендер бақытты. Сен менің қызметшім Абинадидің сөздеріне асқан сеніміңнің арқасында бақыттысың.

16 Міне сенің оларға айтқан сөздеріңе ғана асқан сенімдері үшін олар бақытты.

17 Сен бақыттысың, өйткені сен осы халықтың арасында шіркеу құрдың; міне олар бекітіледі және олар менің халқым болады.

18 Иә, менің атымды алып жүруге дайын халық бақытты; өйткені олар менің атыммен аталатын болады; міне олар менікі.

19 Міне менен шектен шыққандарға қатысты сұрағаның үшін сен бақыттысың.

20 Сен менің қызметшімсің; Мен саған мәңгілік өмірге ие боласың деп сенімен келісім жасаймын; міне маған қызмет етесің және менің атымнан барасың да менің қойларымды жинайсың.

21 Міне менің дауысымды естіген менің қойым болады және сен оны шіркеуге қабылдайсың және мен де оны қабыл аламын.

22 Міне енді, бұл менің шіркеуім; су рәсімінен өткен әр адам, су рәсімінен тәубеге келу үшін өтеді. Міне сен қабылдаған әр адам, менің атыма сенетін болады және мен оны еш шектеусіз кешірім етемін.

23 Өйткені міне мен дүниенің күнәларын өзім мойныма аламын; өйткені оларды жаратқан менмін; міне соңына дейін сенгенге оң жағымнан орын беретін менмін.

24 Міне, олар менің атыммен аталатын болады; ал егер олар мені танитын болса, олар алға шығып, менің оң жағымнан мәңгілікке орын алатын болады.

25 Міне сонда бұл орындалады, екінші керней тартылған кезде, мені сол ешқашан танымағандар алға шығып, менің алдымда тұратын болады.

26 Міне сонда олар мені өздерінің Құдайы Жаратқан Ие екенімді, мен олардың Өтемшісі екенімді білетін болады; бірақ олар өтеуден бас тартқан болатын.

27 Міне содан кейін мен оларға мен оларды ешқашан білмегенімді мойындаймын және олар шайтан мен оның періштелері үшін әзірленген мәңгілік отқа кетеді.

28 Сондықтан менің сендерге айтарым, сол менің дауысымды тыңдаудан бас тартқанды, сендер менің шіркеуіме қабылдамайсыңдар, өйткені мен оны соңғы күні қабылдамаймын.

29 Сондықтан менің сендерге айтарым, бар; ал кімде‑кім маған қарсы әділетсіз істер жасайтын болса, оны істеген күнәлары бойынша соттаңдар; ал егер ол сенің де, менің де алдымда күнәсін мойындайтын болса және шын жүректен өкінсе, сен де оны кешіресің, мен де оны кешіремін.

30 Иә, халқым тәубе еткен сайын мен олардың маған қарсы жасаған күнәларын кешіремін.

31 Міне сендер бір‑бірлеріңнің күнәларыңды да кешіріңдер; өйткені сендерге шындығын айтамын, сол тәубе етемін деген, көршісінің күнәсін кешірмеген болса, ол өзіне үкім шығарды.

32 Енді менің сендерге айтарым, бар; ал кімде‑кім өздерінің күнәларына тәубе етпеген, менің халқымның арасында есептелмейді; міне бұл осы уақыттан бастап сақталуы керек.

33 Міне дәл солай болды, Алма бұл сөздерді естіген соң, оларға ие болуы үшін және Құдайдың өсиеттері бойынша сол шіркеудің халқына үкім шығару үшін оларды жазып алды.

34 Міне дәл солай болды, Алма барды да Жаратқан Иенің сөзі бойынша сол зұлымдыққа ұшырады деп танылғандарға үкім шығарды.

35 Ал кімде‑кім өздерінің күнәларына тәубе етіп және оны мойындаса, ол оларды шіркеу халқының қатарына қосты

36 Ал сол күнәларын мойындамайтындар және өздерінің заңсыздықтары үшін тәубе еткісі келмейтіндер шіркеу халқының арасында саналмады және олардың есімдері өшірілді.

37 Міне дәл солай болды, Алма шіркеудің барлық істерін реттеп отырды; міне оларда қайтадан тыныштық орнай бастады және шіркеу істерінде соншалықты өркендеп дами бастады, Құдайдың алдында мұқият жүріп, талайды қабылдап, талайды су рәсімінен өткізді.

38 Ал енді мұның барлығын бар ынта‑жігермен жүріп, Құдай сөзін барлық жағынан үйретіп, әр түрлі азапты бастан кешіріп, Құдайдың шіркеуіне жатпайтындардың бәрі қудалаған Алма мен оның шіркеуге жетекшілік ететін әріптестері істеді.

39 Міне олар өз бауырларына ескерту жасады; сонымен қатар олар Құдай сөзі арқылы әркім өз күнәларына немесе жасаған күнәлары бойынша ескертілді, Құдай оларға үздіксіз мінажат етуді және кез келген жағдайда шүкіршілік етуді бұйырды.