Киелі жазбалар
Мосия 8


8‑ші тарау

Аммон Лимхи тұрғындарына тәлім береді. Ол жиырма төрт иәреттер парақтары туралы танып біледі. Көне жазбаларды көріпкелдер аударуы мүмкін. Көріпкелдің сыйынан асқан сый жоқ. Шамамен 121 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, Лимхи патша өз халқына сөзін аяқтап болған соң, өйткені ол оларға көп нәрсені айтты, ал мен бұл кітапта олардың аз ғана бөлігін жаздым, ол өз халқына Зараһемла жеріндегі олардың бауырларына қатысты нәрселердің бәрін айтты.

2 Міне ол Аммонға көпшіліктің алдына тұрып және Зениф сол жерден шыққан кезден бері бауырларының басынан өткеннің бәрін, әрі оның өзі сол жерден келгенге дейінгі кезді қайталап айтып беруін бұйырды.

3 Міне ол оларға Бунямин патшаның үйреткен соңғы сөздерін қайталап айтты және оның айтқан барлық сөздерін олар түсінулері үшін, Лимхи патшаның халқына оларды түсіндірді.

4 Міне дәл солай болды, осының бәрін істегеннен кейін, Лимхи патша халықты таратты және әркімге өздерінің үйіне қайтып оралуды бұйырды.

5 Міне дәл солай болды, ол өз халқының Зараһемла жерінен кеткен кездегі жазбалар жазылған парақтарды оқып шығуы үшін Аммонның алдына әкелуді бұйырды.

6 Енді, Аммон жазбаны оқи салысымен, одан тілдерді түсіндіре аласың ба деп сұрады, бірақ Аммон оған бұл мүмкін емес екенін айтты.

7 Міне патша оған былай деді: Халқымның азабына қайғырып, мен өзімнің халқымнан қырық үш адамына шөл далаға сапарға шығуын бұйырдым, осылайша олар Зараһемла жерін тауып, бауырларымызға жүгіну үшін, солай олар бізді құлдықтан босату үшін.

8 Міне олар көп күн бойы шөл далада адасып жүрді, бірақ олар ынталы болғанымен, міне Зараһемла жерін таппады, бірақ осы жерге қайтып оралды, көптеген сулардың арасындағы жерде саяхаттап, адамдар мен жануарлардың сүйектері басқан және әр түрлі ғимараттардың қирандыларымен көмкерілген жерді тауып, бір кездері Исраил әскерлері сияқты көп халық мекендеген жерді ашты.

9 Міне олардың айтқандарының растығына куәлік ретінде олар ойып жазылған жиырма төрт парақ әкелді және олар таза алтыннан жасалған.

10 Міне, олар кеуде қалқанын да әкелді, олар үлкен және олар жезден және мыстан жасалған және өте жақсы күйде.

11 Тағы да, олар саптары жойылған және жүздерін тот басқан семсерлерді әкелді; міне бұл жерде бұл парақтардағы тілді немесе жазылған ою‑өрнектерді түсіндіре алатын ешкім жоқ. Сондықтан мен саған айттым: Аударма жасай аласың ба?

12 Міне мен саған тағы айтамын: Сен аударма жасай алатын кез келген біреуді білесің бе? Өйткені мен бұл жазбалардың біздің тілімізге аударылуын қалаймын; өйткені, бәлкім, осы жазбалар келген жерден жойылып кеткен халықтың қалдығы туралы білуге мүмкіндік берер; немесе, мүмкін, олар бізге жойылған осы халық туралы білім берер; міне мен олардың жойылу себебін білгім келеді.

13 Енді Аммон оған былай деді: Уа, патша, мен саған жазбаларды аудара алатын адам туралы мен сізге сенімді түрде айта аламын; өйткені оның ежелгі дәуірге қатысты барлық жазбаларды зерттеп және аудара алатын нәрсеге ие; міне бұл Құдайдың берген сыйы. Міне ол нәрселер аудармашылар деп аталады, ал оған бұйырық берілмегенше ешкім оларға қарай алмайды, ол өзіне керек емес нәрсені іздеп және өліп қалмас үшін. Ал кімге оларға қарау бұйырық берілген болса, көріпкел деп аталады.

14 Міне, Зараһемла жеріндегі халықтың патшасы осы нәрселерді орындауға бұйрық берілген және ол Құдайдың осындай жоғары сыйына ие.

15 Міне патша көріпкелдің пайғамбардан да жоғары екенін айтты.

16 Ал Аммон көріпкелдің аян беруші сондай‑ақ пайғамбар екенін айтты; міне Құдайдың құдіретіне ие болмаса, адам одан да үлкен сыйға ие бола алмайды, бұны ешбір адам істей алмайды; дегенмен адам Құдай берген үлкен күшке ие болуы мүмкін.

17 Бірақ көріпкел өткен нәрселерді де, болашақты да біле алады және олар арқылы бәрі ашылады, немесе, дәлірек, құпия нәрселер ашылады және жасырын нәрселер жарыққа шығатын болады және белгісіз нәрселер олар арқылы белгілі болады, сондай‑ақ басқаша білуге ​​болмайтын нәрселер де олар арқылы ашылатын болады.

18 Осылайша Құдай адамның сенімі арқылы ұлы ғажайыптар жасай алатын құралдарды қамтамасыз етті; сондықтан ол өз жақындарына үлкен пайда әкеледі.

19 Енді міне, Аммон осы сөздерді айтып болған кезде, патша қатты қуанды және Құдайға алғысын айтып, былай деді: бұл парақтардың ішінде үлкен құпия бар екені сөзсіз және бұл аудармашылар адамзат баласына осындай құпиялардың бәрін ашу үшін дайындалғаны сөзсіз.

20 Уа, Жаратқан Иенің істері қандай керемет және ол өз халқымен ұзақ уақыт азап шегуде; иә, адам баласының ақыл‑парасаты қандай соқыр және қиын; өйткені олар даналыққа ұмтылмайды және оның оларға билік етуін де қаламайды!

21 Иә, олар бақташыдан қашқан және бытырап және айдалған және жабайы аңдар жалмаған жабайы отар сияқты.