Киелі жазбалар
Мосия 20


20‑шы тарау

Ламандықтардың кейбір қыздарын Нұхтың діни қызметкерлері ұрлап әкетеді. Ламандықтар Лимхи мен оның халқына қарсы соғысады. Ламандықтардың әскері кері қуылып, тынышталады. Шамамен 145–123 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Енді Шемлонда бір жер болды, онда ламандықтардың қыздары ән салып және би билеп және көңіл көтеру үшін жиналатын.

2 Міне дәл солай болды, бір күні олардың аздаған тобы ән айтып, би билеуге жиналды.

3 Ал енді Нұх патшаның діни қызметкерлері, Нефи қаласына қайтып келуге ұялды, иә, сондай‑ақ халық оларды өлтіреді деп қорқты, сондықтан олардың өздерінің әйелдері мен балаларына қайтып оралуға батылы жетпеді.

4 Міне олар шөл далада қалды және ламандықтардың қыздарын тауып алып, олар жатып қалды да, оларды бақылап отырды;

5 Ал олардың санаулысы билеуге жиналып қалған кезде, олар өздерінің жасырын орындарынан шығып, оларды ұстап алды да шөл далаға қарай алып кетті; иә, олар ламандықтардың жиырма төрт қызын шөл далаға алып кетті.

6 Міне дәл солай болды, ламандықтар қыздарының жоғалып кеткенін білген кезде, олар Лимхи халқына ашуланды, өйткені олар бұл Лимхидің халқы деп ойлады.

7 Сондықтан олар әскерлерін аттандырды; иә, яғни патшаның өзі де өз халқын басқарып шықты; міне олар Лимхи халқын жою үшін Нефи еліне көтерілді.

8 Ал енді Лимхи оларды мұнарадан байқады, тіпті олардың соғысқа барлық дайындықтарын да анықтады; сондықтан ол өз халқын жинап алды да оларды егістік пен ормандарда жасырын күтті.

9 Міне дәл солай болды, ламандықтар көтерілген кезде, Лимхи тұрғындары күткен жерлерінен оларға шабуыл жасады да оларды өлтіре бастады.

10 Міне дәл солай болды, шайқас өте ауыр болды, өйткені олар өз олжалары үшін арыстандай шайқасты.

11 Міне дәл солай болды, Лимхи халқы ламандықтардың соңынан түсіп қуа бастады; бірақ олардың саны ламандықтардың санына қарағанда жартысына да жетпейді. Бірақ олар өз өмірлері үшін және әйелдері мен балалары үшін шайқасты; сондықтан олар күш салып, айдаһарлар сияқты шайқасты.

12 Міне дәл солай болды, олар өлгендердің арасынан ламандықтардың патшасын тапты; бірақ ол өлмесе де, жараланып, жерде қалып қойғандықтан, оның адамдарының қашуы соншалықты тез болды.

13 Олар оны ұстап алып, жараларын байлап тастады да Лимхидің алдына әкеліп, былай деді: Міне, ламандықтардың патшасы мынау; ол жараланып өздерінің өлгендердің арасында құлап қалды, олар оны тастап кетті; міне, біз оны сенің алдыңа әкелдік; ал енді оны өлтірейік.

14 Бірақ Лимхи оларға былай деді: Сендер оны өлтірмеңдер, бірақ оны осында әкеліңдер, мен оны көрейін. Міне олар оны әкелді. Міне Лимхи оларға былай деді: Менің халқыма қарсы соғысуыңа не себеп болды? Біліп қой, менің халқым менің саған берген антымды бұзған емес; олай болса, сен менің халқыма берген антыңды неге бұзасың?

15 Міне енді патша былай деді: Мен берген антымды бұздым, өйткені сенің халқың менің халқымның қыздарын алып кетті; мен ашуланып, өз халқымды сенің халқыңа қарсы соғысуға алып келдім.

16 Ал енді Лимхи бұл мәселеге қатысты ештеңе естімеген еді; сондықтан ол былай деді: Мен өз халқымның арасынан іздеймін, кімде‑кім осыны істеген болса, өледі. Сондықтан ол өз халқының арасында іздеу жүргізуді бұйырды.

17 Гедеон мұны естіген кезде, ал ол патшаның қолбасшысы болған еді, ол шығып және патшаға былай деді: Мен сенен тыйылуыңды және бұл халықтың арасынан іздемеуіңді және бұны олардың мойнына жүктемеуіңді өтнемін.

18 Өйткені осы халық өлтірмек болған әкеңнің діни қызметкерлері есіңде жоқ па? Ал олар шөл далада емес пе? Міне ламандықтардың қыздарын ұрлап кеткендер де солар емес пе?

19 Ал енді, біліп қой да патшаға мынаны айт, өзінің адамдарына мынаны айта барсын, өз халқына бізге тыныштық танытсын деп айтсын; өйткені олар бізге қарсы шығуға дайындалып жатыр; ал оның үстіне, біз өте азбыз.

20 Ал міне, олар сансыз әскерлерімен келе жатыр; ал егер патша оларды біз үшін тыныштандырмаса, біздің өлуімізге тұра келеді.

21 Өйткені Абинадидың бізге қарсы пайғамбарлық еткен сөздері орындалды емес пе, мұның бәрі біз Жаратқан Иенің сөздеріне құлақ аспай, заңсыздықтарымыздан бас тартқымыз келмегендіктен емес пе?

22 Ал енді, патшаны тыныштандырайық және оған берген антымызды орындайық; өйткені өмірімізден айырылғаннан гөрі құлдықта болғанымыз жақсы; сондықтан көп қан төгісті тоқтатайық.

23 Ал енді Лимхи патшаға әкесі мен шөл далаға қашып кеткен діни қызметкерлер туралы бәрін айтып берді және олардың қыздарын алып кеткені үшін соларды кінәлады.

24 Міне дәл солай болды, патша өз халқына қатысты тынышталды және ол оларға былай деді: Қару‑жарақсыз халқымды қарсы алайық және менің халқым сенің халқыңды өлтірмейді деп саған ант етемін.

25 Міне дәл солай болды, олар патшаның соңынан еріп, ламандықтарды қарсы алуға қарусыз шықты. Міне дәл солай болды, олар ламанадықтарды қарсы алды; ал ламандықтардың патшасы олардың алдында тағзым етті және Лимхи халқы үшін араша болды.

26 Міне ламандықтар Лимхидің адамдары қарусыз екенін көргенде, оларға аяушылық білдірді және олармен бітімгершілікке келіп, әрі өздерінің патшасымен бірге өз еліне тыныштықта қайтып оралды.

басып шығару