Киелі жазбалар
Мосия 5


5‑ші тарау

Әулиелер сенім арқылы Мәсіхтің ұлдары мен қыздары болды. Содан олар Мәсіхтің атымен аталады. Бунямин патша оларды игі істерде берік әрі қайсар болуға шақырады. Шамамен 124 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне енді, дәл солай болды, Буниямин патша өз халқына осылайша сөз сөйлегенде, оның айтқан сөздеріне халықтың сенетін‑сенбегенін білу үшін оларды олардың арасына жіберді.

2 Сонда бәрі бір ауыздан айқайлап, былай деді: Иә, сенің бізге айтқан сөздеріңнің бәріне сенеміз; сондай‑ақ біз олардың кепілдігі мен шындығын Құдіреті шексіз Жаратқан Иенің Рухының арқасында білеміз, бұл бізді немесе біздің жүрегімізді күшті өзгерістерге әкелді, біз енді жамандық жасауға бейім емеспіз, бірақ үнемі жақсылық жасаймыз.

3 Ал біз өзіміз де Құдайдың шексіз ізгілігі мен Оның Рухының көріністері арқылы болашақта не болатыны туралы толық түсінікке иеміз; ал егер бұл орынды болса, біз бәрін пайғамбарлық ете алар едік.

4 Міне патшамыздың бізге айтқан сөздеріне деген сеніміміз бізді осынау зор білімге жеткізді, сол арқылы біз соншалықты зор қуанышқа бөленеміз.

5 Міне біз Құдайымыздың еркін орындау үшін онымен келісім жасасуға дайынбыз, және ол бізге бұйыратын нәрселердің бәрінде, қалған күндерімізде оның өсиеттеріне мойынсұну үшін, періште айтқанындай, өз басымызға шексіз азап әкелмеуі үшін, Құдайдың қаһарының тостағанынан ішпеуі үшін.

6 Ал енді Бунямин патша олардан қалайтын сөздер осы болды. Сондықтан ол оларға былай деді: Сендер мен тілеген сөздерді айттыңдар; Ал сендер жасаған келісім — әділ келісім.

7 Міне енді өздерің жасаған келісімге байланысты сендер Мәсіхтің балалары, оның ұлдары мен қыздары деп аталасыңдар; міне енді, ол осы күні сендерді рухани дүниеге әкелді; өйткені сендер оның есіміне сену арқылы жүректерің өзгерді дейсіңдер.

8 Міне осы есімнің астында сендер азат болдыңдар, ал сендерді азат ететін басқа есім жоқ. Міне құтқарылу келетін басқа атау жоқ; сондықтан мен сендерге Мәсіхтің есімін алуларыңды тілеймін, сендердің барлығың, өмірлеріңнің соңына дейін мойынсұну үшін Құдаймен келісім жасасқандар.

9 Міне дәл солай болды, кімде‑кім мұны істесе, Құдайдың оң жағында жайғасады, өйткені ол өзінің қалай аталғанын біледі; өйткені ол Мәсіхтің есімімен аталады.

10 Міне енді дәл солай болды, ал кімде‑кім өзіне Мәсіхтің есімін қабылдамаса, басқа есіммен аталғаны жөн; сондықтан ол өзін Құдайдың сол жағынан табады.

11 Міне мен бұл есімді сендерге беремін деп айтқан болатынмын, ол тек күнә арқылы жойылмаса, ешқашан жойылмайды; сондықтан күнә жасаудан сақ болыңдар, бұл есім жүректеріңнен жойылып кетпесін.

12 Мен сендерге айтамын: Құдайдың сол жағында болмас үшін жүректеріңде мәңгі жазылған есімді есте сақтауларыңды қалаймын, керісінше сендер шақырылатын дауысты естіп және білулерің үшін, сондай‑ақ ол сендерді шақыратын есімді.

13 Өйткені адам өзі қызмет етпеген, өзіне бейтаныс, жүрегінің ойы мен ниетінен алыс қожайынды қайдан білсін?

14 Тағы бір айтарым, адам көршісінің есегін алып, әрі оны сақтайды ма? Мен сендерге айтамын: Жоқ; ол тіпті оған отарларының арасында бағуға да жол бермейді, бірақ оны шығарып, қуып жібереді. Мен сендерге айтамын, егер өздеріңнің қалай аталған есімді білмесеңдер, араларыңда дәл солай болады.

15 Сондықтан, Мәсіх, Құдіреті шексіз Құдай Ие, көкке көтерілулерің үшін, сендерді өзіндік етіп бекітіп алуы үшін мен мен сендердің табанды да мызғымас, игі істерде үнемі мол болғандарыңды қалаймын, сонда көктегі және жердегі барлық нәрсені Жаратқан, бәрінен де жоғары сол Құдайдың даналығы мен құдіреті және әділдігі мен мейірімділігі арқылы мәңгілік құтқарылуға және мәңгілік өмірге ие бола аласыңдар. Әумин.