Киелі жазбалар
Мосия 6


6‑шы тарау

Патша Бунямин адамдардың есімдерін жазып, оларға тәлім беру үшін діни қызметкерлерді тағайындайды. Мосия әділ патша ретінде билік етеді. Шамамен 124–121 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Ал енді Бунямин патша халыққа сөйлеп болған соң, Құдайдың өсиеттерін орындау үшін онымен келісім жасасқандардың барлығының есімдерін жазып алуды жөн деп санады.

2 Міне дәл солай болды, кішкентай балалардан басқа, келісімге кірмеген және өздеріне Мәсіхтің атын қабылдаған бірде‑бір жан жоқ болып шықты.

3 Міне тағы, дәл солай болды, Бунямин патша осының бәрін аяқтап, ұлы Мосияны өз халқының билеушісі және патшасы етіп тағайындап, оған патшалыққа қатысты барлық айыптарды жүктеген соң, сондай‑ақ адамдарға тәлім беру үшін діни қызметкерлерді тағайындады, сол арқылы олар Құдайдың өсиеттерін тыңдап және білулері үшін әрі олардың берген антын естеріне түсіру үшін, ол көпшілікті таратып жіберді және олардың әрқайсысы өз әулетіне қарай өз үйлеріне қайтты.

4 Міне Мосия әкесінің орнына патшалық ете бастады. Міне ол Лехидің Иерусалимнен кеткеніне шамамен төрт жүз жетпіс алты жыл толғанда, жасының отызыншы жылы патшалық ете бастады.

5 Ал Бунямин патша үш жыл өмір сүріп, дүниеден өтті.

6 Міне дәл солай болды, Мосия патша Жаратқан Иенің жолымен жүрді және оның үкімдері мен жарлықтарын орындады, әрі ол өзіне бұйырғанның бәрінде Оның өсиеттерін орындады.

7 Міне Мосия патша өз халқына жерді өңдеуді бұйырды. Міне ол өзі де жерді өңдеді, осылайша ол өз халқына ауыртпалық түсірмес үшін, ол барлық істе әкесі істегендей істеу үшін әрекет етті. Міне оның бүкіл халқының арасында үш жыл бойы ешқандай дау‑дамай болмады.