Киелі жазбалар
Мосия 11


11‑ші тарау

Нұх патша заңсыздықпен билік етуде. Ол әйелдерімен және күңдерімен бейберекет өмірді тамашалауда. Абинади халықтың құлдыққа түсетінін пайғамбарлық етеді. Нұх патша оның өмірін алуға ұмтылады. Шамамен 160–150 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Енді, міне дәл солай болды, Зениф патшалық билікті ұлдарының бірі Нұхқа берді; сондықтан Нұх оның орнына патшалық ете бастады және ол әкесінің жолымен жүрмеді.

2 Өйткені, ол Құдайдың өсиеттерін орындамады, бірақ ол өз жүрегінің қалаулары бойынша жүрді. Міне оның көптеген әйелдері мен күңдері болды. Міне ол өз халқын күнәға батырды және Жаратқан Иенің көз алдында жиіркенішті істерді істеуге итермеледі. Иә, олар азғындық пен кез келген зұлымдық жасады.

3 Міне ол олардың барлық иеліктерінің бестен бір бөлігіне салық салды, олардың алтыны мен күмісінің бестен бір бөлігіне және олардың зыфы мен мысының әрі жезі мен темірінің бестен бір бөлігіне; сондай‑ақ олардың бордақыларының бестен бір бөлігіне; әрі олардың барлық астығының бестен бір бөлігіне.

4 Міне мұның бәрін ол өзін және әйелдері мен күңдерін қамтамасыз ету үшін алды; сондай‑ақ өзінің діни қызметкерлерін және олардың әйелдері мен күңдерін; осылайша ол патшалықтың істерін өзгертті.

5 Өйткені ол әкесі бағыштаған барлық діни қызметкерлерді құлатты және олардың орнына жаңа адамдарды бағыштады, олар жүректерінің мақтанышында көтерілді.

6 Иә, осылайша олардың жалқаулығы мен олардың пұтқа табынушылығы және олардың азғындықтары Нұх патша өз халқына салған салықтары арқылы қолдау тапты; осылайша халық зұлымдықты қолдау үшін тым көп еңбек етті.

7 Иә, олар да пұтқа табынушы болды, өйткені олар патша мен діни қызметкерлердің бос және жалпақ сөздеріне алданып қалды; өйткені олар оларға ұнамды сөздер айтты.

8 Міне дәл солай болды, Нұх патша көптеген әсем де кең ғимараттар салды; міне ол оларды шеберлі ағаштан және әр түрлі асыл заттармен, алтын мен күмістен және темір мен жезден және зыфф пен мыстан жасалған әдемі бұйымдармен безендірді;

9 Міне тағы да ол өзіне кең сарай мен оның ортасына тақ тұрғызды, оның барлығы жақсы ағаштан жасалған және алтын мен күмістен сондай‑ақ асыл заттармен безендірілген.

10 Міне тағы да ол өз жұмысшыларын ғибадатхананың қабырғаларында шебер бұйымдардың барлық түрлерін жақсы ағаш пен мыстан және жезден жасауды бұйырды.

11 Міне бас діни қызметкерлерге бөлінген орындар, ал олар барлық басқа орындардан жоғары болған, ол саф алтынмен безендірді; міне олар оның халқына өтірік және бос сөз сөйлеген кезде, олар денелері мен қолдарын сүйеп тұру үшін, ол олардың алдына төс жабын салуды бұйырды.

12 Міне дәл солай болды, ол ғибадатхананың қасына мұнара тұрғызды; иә, өте биік мұнара, тіпті оның төбесінде тұрып және Шилом жерін көре алатындай биік, сондай‑ақ ламандықтар иеленген Шемлон жерін де және ол тіпті айналадағы бүкіл жерді көре алды.

13 Міне дәл солай болды, ол Шилом жерінде көптеген ғимараттарды тұрғызуды бұйырды және ол Шилом жерінің солтүстігіндегі төбеде үлкен мұнараны тұрғызуды бұйырды, бұл Нефидің балалары жерден қашқан кезде олар үшін пана болған еді; міне осылайша ол өз халқына алым‑салық салу арқылы жинаған байлығымен айналысты.

14 Міне дәл солай болды, ол байлығына көңіл бөліп және әйелдері мен күңдерімен уақытын сауық‑сайранмен өткізетін; әрі оның діни қызметкерлері де жезөкшелермен уақыт өткізетін.

15 Міне дәл солай болды, ол жердің айналасына жүзімдік отырғызды және ол шарап сығушыларын салды және көп шарап жасады, міне ол маскүнем болды, әрі оның халқы да.

16 Міне дәл солай болды, ламандықтар оның халқына аз ғана топпен басып кіре бастады және олар өз өрістерінде, сондай‑ақ олар өз малдарын бағып жүргенде оларды өлтірді.

17 Міне Нұх патша оларға жол бермеу үшін жерге күзетшілер жіберді; бірақ ол жеткілікті мөлшерде жібермеді, ал ламандықтар оларға шабуыл жасады да оларды өлтірді және көптеген малдарын сол жерден айдап әкетті; осылайша ламандықтар оларды қырып салды және оларға өшпенділік көрсете бастады.

18 Міне дәл солай болды, Нұх патша оларға қарсы әскерлерін жіберді де олар кері қуылды немесе олар оларды біраз уақытқа дейін кері қайтарды; сондықтан олар олжаларына қуанып қайтты.

19 Енді, міне, осы ұлы жеңістің арқасында олар жүректерінің мақтанышына бөленді; олар өздерінің күштерімен мақтана отырып, олардың елуі мыңдаған ламандықтарға төтеп бере алатынын айтты; міне осылайша олар мақтанып, қанға және бауырларының қанын төгуге мәз болды және бұл олардың патшалары мен діни қызметкерлердің зұлымдығынан болды.

20 Міне дәл солай болды, олардың арасында Абинади есімді бір адам болды; міне ол олардың арасына шығып, пайғамбарлық ете бастады, былай деп; Міне, Жаратқан Ие былай дейді: Ол маған былай деп бұйырды: Бар да мына халыққа айт, Жаратқан Ие осылай дейді: Бұл халық қасіретке ұшырайды, өйткені мен олардың жиіркенішті істерін және олардың зұлымдықтары мен азғындықтарын көрдім; Егер олар тәубе етпесе, мен оларға ашуыммен барамын.

21 Міне егер олар тәубе етіп және олардың Құдайы Жаратқан Иеге бет бұрмаса, біліп қойыңдар, мен оларды жауларының қолына тапсырамын; иә, міне олар құлдыққа алынатын болады және олар жауларының қолынан зардап шегетін болады.

22 Міне сонда олар мені өздерінің Құдайы Жаратқан Ие екенімді және мен халқымды зұлымдығы үшін жазалайтын қызғаншақ Құдай екенімді білетін болады.

23 Міне сонда бұл халық өкініп және Құдайлары Жаратқан Иеге бет бұрмаса, олар құлдыққа алынатын болады; міне оларды Құдіреті шексіз Жаратқан Иеден басқа ешкім құтқара алмайды.

24 Иә, міне олар маған жалбарынған кезде, мен олардың зарын естуге асықпаймын; иә, мен оларды жауларының соққысына ұшыратамын.

25 Міне олар азалы мен күлге жамылып және өкініп, олардың Құдайы Жаратқан Иеге қатты жалбарынатын болса, мен олардың мінажатын естімеймін, сондай‑ақ мен оларды азаптарынан құтқармаймын; міне Жаратқан Ие былай дейді және ол маған осылай бұйырды.

26 Енді дәл солай болды, Абинади оларға осы сөздерді айтқан кезде, олар оған ашуланды және оның өмірін алмақ болды; бірақ Жаратқан Ие оны олардың қолынан құтқарды.

27 Енді Нұх патша Абинадидің халыққа айтқан сөздерін естіген кезде, ол да ашуланды; міне ол былай деді: Мені және менің халқымды соттайтындай Абинади деген кім немесе менің халқыма осындай ауыр азап әкелетін Жаратқан Ие кім?

28 Мен саған Абинадиді осында әкелуді бұйырамын, мен оны өлтіремін, өйткені ол мұның бәрін менің халқымды бір‑біріне ашуландыру үшін және халқымның арасында дау тудыру үшін айтты; сондықтан мен оны өлтіремін.

29 Енді міне, бұл адамдардың көздері соқыр болды; сондықтан олар Абинадидің сөздеріне жүректерін қасарыстырды және сол кезден бастап оны ұстауға тырысты. Ал Нұх патша өзінің жүрегін Жаратқан Иенің сөзіне қарсы қасарыстырып, міне ол зұлым істері үшін өкінбеді.