Киелі жазбалар
Мосия 28


28‑ші тарау

Мосияның ұлдары ламандықтарға уағыздау үшін барады. Екі көріпкел тасты пайдаланып, Мосия Иәреттер парақтарын аударады. Шамамен 92 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Енді дәл солай болды, Мосияның ұлдары осының бәрін орындап болғаннан кейін, олар өздерімен бірге азғантай топты алып, өздерінің әкесіне, патшаға қайтып оралды, міне олар естігендерін уағыздау үшін және олар өздерінің бауырлары, ламандықтарға Құдай сөзін жеткізу үшін, сол өздері таңдаған адамдарымен бірге Нефи жеріне көтерілуге рұқсат беруін одан сұрады.

2 Бәлкім, олар өздерінің Құдайы Жаратқан Иені танып‑білуге және олар олардың ата‑бабаларының істеген заңсыздықтарына көздерін жеткізе алар; міне бәлкім олар олардың нефиліктерге деген өшпенділігінен сауықтыра алар, осылайша олар да өздерінің Құдайлары Жаратқан Иенің жолында қуанышқа бөленіп, бір‑бірімен дос болып, әрі Құдайлары Жаратқан Ие оларға берген барлық жерде бұдан былай дау‑дамай болмайды.

3 Енді олар құтқарылу туралы әрбір адамға жария етілуін қалады, өйткені олар бірде‑бір адамның жаны өліп кетуіне жол бере алмады; иә, тіпті кез келген жан шексіз азапқа ұшырауы керек деген ойдың өзі олардың дірілдеп және қалшылдауына себеп болды.

4 Осылайша Жаратқан Иенің Рухы оларға әсер етті, өйткені олар күнәкарлардың ең зұлымдары еді. Міне Жаратқан Ие өзінің шексіз мейірімділігімен оларды аяуды жөн көрді; соған қарамастан олар өздерінің зұлымдықтары үшін жан азабын көп көрді, көп азап шегіп және олардан мәңгілікке бас тартылама деп қорықты.

5 Міне дәл солай болды, олар Нефи жеріне көтерілу үшін өздерінің әкесіне көптеген күндер бойы өтініп жалынды.

6 Міне Мосия патша барып, Жаратқан Иеден ұлдарына ламандықтардың арасына көтеріліп, сөзді уағыздауға ол өз рұқсатын беруі керек пе, деп сұрады.

7 Міне Жаратқан Ие Мосияға былай деді: Олар көтерілсін, өйткені олардың сөздеріне сенетіндер көп және олар мәңгілік өмірге ие болады; мен сенің ұлдарыңды ламандықтардың қолынан құтқарамын.

8 Міне дәл солай болды, Мосия оларға баруға және олардың өтініші бойынша істеуге рұқсат берді.

9 Міне олар ламандықтардың арасына көтеріліп сөзді уағыздау үшін шөл далаға қарай жол тартты; ал мен олардың істері туралы баяндауды кейін беремін.

10 Енді Мосия патшаның патшалықты тапсыратын ешкімі болмады, өйткені оның ұлдарының арасында патшалықты қабылдайтын ешкім болмады.

11 Сондықтан ол мыс парақтарға ойылып жазылған жазбаларды алды және сондай‑ақ Лимхидің адамдары тауып алған және оған Лимхидің қолымен тапсырылған алтын парақтардағы жазбаларды аударып және жазуды бұйырғаннан кейінгі Нефидің парақтары мен Құдайдың өсиеттері бойынша ол ұстап және сақтаған барлық нәрселерді де;

12 Міне ол мұны оның халқы қатты алаңдаушылық білдірген соң жасады; өйткені олар сол жойылып кеткен адамдар туралы соншалықты білгісі келді.

13 Міне енді ол оларды садақтың екі жиегіне бекітілген сол екі тас арқылы аударды.

14 Енді бұл нәрселер басынан бастап дайындалды және тілдерді түсіндіру мақсатында ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды;

15 Міне осы жерді иемденетін әрбір адамға өз халқының зұлымдықтары мен жиіркенішті істерін ашу үшін, олар Жаратқан Иенің қолымен қорғалып және сақталды.

16 Ал бұл заттарға ие болғандар бұрынғы заман бойынша көріпкел деп аталады.

17 Енді Мосия осы жазбаларды аударып болғаннан кейін, міне, олар жойылған кезден бастап, сол үлкен мұнараның құрылысына дейін жойылған адамдар туралы әңгімені баяндады. Жаратқан Ие халықтың тілін шатастырып және ол бүкіл жер бетіне тарап кеткен кез еді, иә, міне тіпті сол кезден бастап Адам атаның жаратылысына дейін.

18 Ал енді, бұл баяндау Мосия халқын қатты қайғыға мәжбүрледі, иә, олар қайғыға батты; соған қарамастан, бұл оларға көп білім берді, олар бұған қуанды.

19 Міне бұл баяндау кейінірек жазылатын болады, өйткені бұл жазбада жазылған нәрсені барлық адамдардың білгені абзал.

20 Ал енді, менің сендерге айтқанымдай, Мосия патша мұны істегеннен кейін, ол мыс парақтарын және өзі сақтаған барлық заттарды алды да оларды Алманың ұлы болған Алмаға табыс етті; иә, барлық жазбаларды, сондай‑ақ тілмаш заттарын оған тапсырып, оларға қамқорлық жасауды және сақтауды әрі халық жазбасын жүргізіп, оларды дәл сол Лехи Иерусалимнен шыққан кезден бері мұрағатқа берілгендей, оларды ұрпақтан‑ұрпаққа жеткізіп отыруды бұйырды.