Киелі жазбалар
Мосия 24


24‑ші тарау

Амулон Алма мен оның халқын қудалайды. Егер олар мінажат ететін болса, өлім жазасына кесілетін болады. Жаратқан Ие олардың ауыртпалықтарын жеңіл етеді. Ол оларды құлдықтан азат етеді және олар Зараһемлаға қайтып оралады. Шамамен 145–120 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, Амулон ламандықтар патшасының көз алдында ықыласына ие болды; сондықтан ламандықтар патшасы оны және оның бауырларын өз халқының үстінен, иә, тіпті Шемлон жеріндегі және Шилом жеріндегі әрі Амулон жеріндегі халықтардың үстінен ұстаз етіп тағайындауға рұқсат етті.

2 Өйткені ламандықтар бұл жерлердің барлығын иемденіп алған болатын; сондықтан ламандықтар патшасы осы елдердің бәріне патшалар тағайындады.

3 Міне енді ламандықтар патшасының есімі Ламан болды, ол әкесінің атымен аталған; сондықтан ол Ламан патша деп аталды. Міне ол көптеген халықтың патшасы болды.

4 Міне ол өз халқының иелігіндегі әрбір жерде Амулонның соңынан кеткен діни қызметкерлердің арасынан мұғалімдерді тағайындады және осылайша ламандықтардың барлық халқы арасында Нефийдің тілі оқытыла бастады.

5 Міне олар бір‑бірімен тату халық еді; соған қарамастан олар Құдайды танымады; Амулонның діни қызметкерлері де оларға олардың Құдайы Жаратқан Ие туралы да Мұсаның заңы туралы да ештеңе үйретпеді; сондай‑ақ олар Абинадидің сөздерін де үйретпеді.

6 Бірақ олар өздерінің жазбаларын жүргізу керектігін және бір‑біріне жазу мүмкіндігін үйретті.

7 Осылайша ламандықтардың байлығы артып және өзара сауда жасап және күш‑қуаты арта бастады, әрі дүниенің даналығына қатысты айлакер және дана, иә, өте айлакер халық, өз бауырларының арасында болмаса, барлық зұлымдық пен тонаушылықты ұнататын халыққа айнала бастады.

8 Міне енді дәл солай болды, Амулон Алма мен оның бауырларына билік жүргізе бастады, міне оны қудалай бастады және оның балалары өз балаларын қудалауға себепші болды.

9 Өйткені Амулон Алманың патшаның діни қызметкерлерінің бірі болғанын және Абинадидің сөздеріне сеніп және патшаның алдынан қуылғанын білетін, сондықтан ол оған ашуланды; өйткені оның өзі Ламан патшаға бағынды, бірақ ол олардың үстінен билік жүргізді, оларға міндеттер қойды және олардың үстіне бақылаушыларды қойды.

10 Міне дәл солай болды, олардың қайғы‑қасіретінің зор болғаны сонша, олар Құдайға қатты жалбарына бастады.

11 Міне Амулон оларға жалбарынуды тоқтатуды бұйырды және Құдайды шақырып жатқан біреу табылса, өлім жазасына кесілсін деп, оларға күзетші қойды.

12 Міне Алма мен оның адамдары өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге дауыстарын шығармады, бірақ оған өз жүректерін үнсіз төгіп жатты; міне ол олардың жүректеріндегі ойларды білді.

13 Міне дәл солай болды, Жаратқан Иенің даусы олардың қасіретінде пайда болып, былай деді: Бастарыңды көтеріңдер және жұбаныш алыңдар, өйткені мен сендердің менімен жасасқан келісімді білемін; міне мен өз халқыммен келісім жасап, оларды құлдықтан азат етемін.

14 Міне мен сендердің арқалаған ауыртпалықтарыңды жеңілдетемін, сонда сендер тіпті сен құлдықта болсаң да, сол жүкті иықтарыңда сезбей де қаласыңдар және мен мұны болашақта сендер маған куә болуларың үшін және мен, Құдай Жаратушы Ие, өз халқымды азап шегіп жатқанда, шынымен де баратынымды анық білулерің үшін істеймін.

15 Міне енді дәл солай болды Алма мен оның бауырларына жүктелген ауыртпалық жарық жолы болды, олар емін‑еркін өздерінің ауыртпашылығын жеңіл алып жүре алатындай, Құдай оларды бекем қылып күш берді, солай, олар Жаратқан Иенің барлық еркіне шыдамдылық танытып, қуанышта бағынды.

16 Міне дәл солай болды, олардың сенімдері мен шыдамдылығының зор болғаны сонша, Жаратқан Иенің даусы тағы да пайда болып, былай деді: Жұбаныш алыңдар, өйткені ертең мен сендерді құлдығыңнан азат етемін.

17 Міне ол Алмаға былай деді: Сен осы халықтың алдына шығасың және мен сенімен бірге барамын және бұл халықты құлдықтан азат етемін.

18 Енді дәл солай болды, Алма мен оның халқы түнде малдарын, сондай‑ақ астықтарын жинады; иә, тіпті түні бойы олар малдарын жинаумен болды.

19 Міне таң ата Жаратқан Ие ламандықтарды терең ұйқыға батырды, иә, олардың барлық бақылаушылары да терең ұйқыға батты.

20 Міне Алма мен оның адамдары шөл далаға кетті; ал олар күні бойы жүрген соң, алқапқа шатырларын тікті және алқапты Алма деп атады, өйткені ол оларды шөл далада алып жүрді.

21 Иә, Алма алқабында олар Құдайға алғыстарын жаудырды, өйткені ол оларға мейірімділік танытты және ауыртпалықтарын жеңілдетті және оларды құлдықтан азат етті; өйткені олар құлдықта болды және олардың Құдайы Жаратқан Ие болмаса, оларды ешкім азат етіп алмас еді.

22 Міне олар Құдайға алғыстарын білдірді, иә, олардың барлық еркектері, барлық әйелдері және барлық сөйлей алатын барлық балалары дауыстарын шығарып өздерінің Құдайын мадақтады.

23 Ал енді Жаратқан Ие Алмаға былай деді: Тезірек өзіңді де, мына халықты да осы елден алып кет, өйткені ламандықтар оянып, сені қуып келеді; сондықтан бұл жерден шық, ал мен ламандықтарды осы алқапта тоқтатамын, сондықтан олар осы халықты қуып, ары қарай жылжымайтын болады.

24 Міне дәл солай болды, олар аңғардан шығып, шөл далаға қарай жол тартты.

25 Міне олар шөл далада он екі күн өткізгеннен кейін Зараһемла жеріне келіп жетті және Мосия патша да оларды қуанышпен қарсы алды.