25‑ші тарау
Зараһемладағы Мулектің ұрпақтары нефиліктерге айналды. Олар Алма және Зениф халқы туралы танып біледі. Алма Лимхи мен оның бүкіл халқын су рәсімінен өткізеді. Мосия Алмаға Құдайдың шіркеуін ұйымдастыруды аманат етеді. Шамамен 120 ж. Иса Мәс. дейін.
1 Міне енді Мосия патша бүкіл халықты жинауды бұйырды.
2 Енді онда Мулектің ұрпағы болған Зараһемла халқы және онымен бірге шөл далаға келгендердің арасында Нефидің балалары сонша көп емес еді немесе сол Нефидің ұрпақтары болғандар соншалықты көп болмады.
3 Міне Нефидің халқы мен Зараһемла халқының саны ламандықтар сияқты соншалықты көп емес еді; Иә, олардың сансыз жартысына да жетпейді.
4 Міне Нефидің барлық халқы мен барлық Зараһемла халқы да бірге жиналды және олар екі топ болып жиналды.
5 Міне дәл солай болды, Мосия оқыды және Зенифтің жазбасын өз халқына оқуды бұйырды; иә, ол Зениф халқы Зараһемла жерінен шығып кеткеннен бастап қайтып оралғанға дейінгі жазбаларын оқыды.
6 Міне сондай‑ақ ол Алма мен оның бауырлары туралы және олардың Зараһемла жерінен кеткеннен бастап қайтып оралғанға дейінгі олардың барлық азаптары туралы баяндауды оқыды.
7 Ал енді, Мосия сол жазбаларды оқуды аяқтаған кезде, оның сол жерде қалып қойған халқы таңырқап және таң қалды.
8 Өйткені олар не ойларын білмеді; өйткені олар құлдықтан сол азат етілгендерді көргенде, соншалықты зор қуанышқа кенелді.
9 Міне тағы да, олар ламандықтар өлтірген бауырлары туралы ойлаған кезде, олар қайғыға толып, тіпті қайғыдан көп көз жасын да төкті.
10 Міне тағы да, олар Құдайдың дереу ізгілігі туралы және оның Алма мен оның бауырларын ламандықтардың қолынан және құлдықтан азат еткен құдіреті туралы ойлағанда, олар дауыстарын шығарып, Құдайға алғыстарын білдірді.
11 Міне тағы да, олар ламандықтар, олардың бауырлары, олардың күнәһар және арам күйі туралы ойлаған кезде, олар олардың жан амандығы үшін азап пен қайғыға толы болды.
12 Міне дәл солай болды, сол Амулон мен оның бауырларының балалары болған, сол ламандықтардың қыздарын әйелдікке алғандар, әкелерінің мінез‑құлқына наразы болғандар, және олар бұдан былай аталарының атымен аталғысы келмеді, сондықтан олар Нефидің балалары деп аталып, нефиліктер деп аталғандардың қатарына қосылуы үшін өздеріне Нефи атымен алды.
13 Міне енді Зараһемланың барлық халқы нефиліктердің қатарына қосылды, өйткені бұл патшалық тек Нефидің ұрпақтары болғандарға ғана берілгендіктен.
14 Енді дәл солай болды, Мосия халыққа сөйлеп, оқуды аяқтаған кезде, ол Алманың да халыққа сөйлегенін қалады.
15 Міне олар үлкен топтарға жиналып болған соң, Алма оларға тіл қатып, бір топтан екінші топқа өтіп, адамдарға тәубеге келуді және Жаратқан Иеге сенім артуды уағыздады.
16 Міне ол Лимхи халқына және оның бауырларына, сол құлдықтан азат етілгендердің барлығына, оларды құтқарған Жаратқан Ие екенін есте сақтауға шақырды.
17 Міне дәл солай болды, Алма адамдарға көп нәрсені үйретіп және оларға сөзін аяқтаған соң, Лимхи патша оны су рәсімінен өткізуді қалады; міне оның бүкіл халқы, оларды да су рәсімінен өткізгенін қалады.
18 Сондықтан Алма суға кіріп, оларды су рәсімінен өткізді; иә, ол Мормон суларында тура бауырларына жасағандай, оларды су рәсімінен өткізді; иә, міне ол су рәсімінен өткізгендердің барлығы Құдайдың шіркеуіне кірді; міне бұл олардың Алманың сөздеріне сенгендіктен.
19 Міне дәл солай болды, Мосия патша Алмаға бүкіл Зараһемла жерінде шіркеулер құруға рұқсат берді және оған әрбір шіркеуге діни қызметкерлер мен мұғалімдерді тағайындауға билік берді.
20 Енді бұл жасалды, өйткені адамдардың көптігі сонша, олардың барлығын бір мұғалім басқара алмайтындықтан жасалды; сондай‑ақ олардың барлығы бір шіркеуде Құдайдың сөзін ести алмады;
21 Сондықтан олар шіркеу деп аталатын әртүрлі топтарға жиналды; әрбір шіркеудің діни қызметкерлері мен мұғалімдері болды және әр діни қызметкер сөзді Алманың аузынан қалай жеткізілсе, соған сәйкес уағыздады.
22 Міне осылайша, шіркеулердің көптігіне карамастан, олардың барлығы бір шіркеу, иә, яғни Құдайдың шіркеуі болды; өйткені бұл шіркеулердің барлығында тек тәубеге келу мен Құдайға сенуден басқа ештеңе уағыздалмаған.
23 Ал енді Зараһемла жерінде жеті шіркеу орнады. Міне дәл солай болды, өздеріне Мәсіхтің немесе Құдайдың атын алғысы келетіндердің бәрі Құдайдың шіркеуіне қосылды;
24 Міне олар Құдайдың халқы деп аталды. Жаратқан Ие оларға өзінің Рухын төкті және олар батаға ие болып, әрі сол жерде өсіп‑өркендеді.