Киелі жазбалар
Мосия 2


2‑ші тарау

Бунямин патша өз халқына сөйлейді. Ол өз билігінің бейтараптығы, әділдігі мен руханилығы туралы айтады. Ол оларға өздерінің Көктегі Патшасына қызмет етуге кеңес береді. Құдайға қарсы шыққандар өшпес оттай азап шегеді. Шамамен 124 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне дәл солай болды, Мосия әкесі бұйырғандай істеді және бүкіл жерге жария еткен соң, сол елдің барлық жерінен халық жиналды, осылайша олар Бунямин патшаның оларға айтатын сөздерін тыңдау үшін ғибадатханаға көтерілді.

2 Міне олардың өте көп болғаны сонша, тіпті оларды санамады; өйткені олар жер бетінде орасан зор көбейіп, сол жерде қаптап кетті.

3 Мұсаның заңы бойынша құрбандық пен түгел өртелетін құрбандықтарды шалу үшін олар малдарының тұңғыш төлдерін де алды.

4 Сондай‑ақ оларды Иерусалим жерінен алып шыққан және оларды жауларының қолынан құтқарған және оларға ұстаз етіп әділ адамдарды тағайындаған өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге алғыс айту үшін, сондай‑ақ әділ адамды — олардың патшасы еткен, Зараһемла жерінде тыныштық орнатқан және Құдайға және барлық адамдарға қуаныш пен сүйіспеншілікке толы болу үшін оларды Құдайдың өсиеттерін орындауға үйреткен.

5 Міне дәл солай болды, олар ғибадатханаға келгенде олар, әркім өз әулетіне қарай, оның әйелі мен оның ұлдары және оның қыздары мен олардың ұлдары және олардың қыздарынан тұратын ең үлкенінен кішіге дейін, әрбір әулет бір‑бірінен бөлек айнала шатырларын тікті.

6 Міне олар шатырларын ғибадатхананың айналасына тікті, әр адам өз шатырын ғибадатхананың есігіне қаратып орнатты, осылайша олар өз шатырларында қалу мүмкіндігі болуы үшін және Бунямин патшаның оларға айтатын сөздерін есту үшін;

7 Өйткені көпшілік соншалықты көп болғандықтан, Бунямин патша ғибадатхананың қабырғасында олардың бәріне тәлім бере алмады, сондықтан ол мұнара тұрғызуды бұйырды, осылайша оның халқы оның оларға айтатын сөздерін естісін деп.

8 Міне дәл солай болды, ол өз халқына мұнарадан сөйлей бастады; Көпшіліктің көптігінен олардың бәрі оның сөздерін ести алмады; сондықтан ол айтқан сөздерін жазуды және оның даусын естімегендердің арасына жіберуді бұйырды, осылайша оларға да оның сөздері жететіндей етіп.

9 Міне оның айтып, жазылуына себепкер болған мына сөздер, былай деп: Бауырларым, сендердің бәрің, мен бүгін сендерге айтатын сөздерімді естуге бірге жиналдыңдар; өйткені мен сендерге бұл жерге мен айтатын сөздерді елеусіз қалдыру үшін келіңдер деп бұйырған жоқпын, қайта маған құлақ асыңдар және еститіндей құлақтарыңды және түсінетіндей жүректеріңді, ал Құдайдың құпиялары сендерге ашылуы үшін ақыл‑ойларыңды ашыңдар.

10 Мен сендерге менен қорқуларың үшін немесе мені өлген адамнан артық деп ойлауларың үшін мұнда келуді бұйырған жоқпын.

11 Бірақ мен де өздерің сияқтымын, тәнім де, санам да әр түрлі әлсіздікке ұшырайды; сонда да мені осы халық таңдады және менің әкем бағыштады және мен осы халықтың билеушісі әрі патша болуым үшін Жаратқан Иенің қолынан рұқсат етілді; міне мен Жаратқан Ие маған берген барлық күш‑қуатпен, ақыл‑оймен және күш‑қуатпен саған қызмет ету үшін, мен оның теңдесі жоқ құдіретімен сақталдым және қорғалдым.

12 Мен сендерге айтамын, өйткені маған өз күндерімді сендерге қызмет етуде өткізуге рұқсат етілгендіктен, тіпті осы уақытқа дейін сендерден алтын да, күміс те, ешбір байлықты да іздеген емеспін;

13 Мен сендерді түрмеге жабуға немесе бір‑біріңді құл етуге немесе өлтіруге немесе тонауға немесе ұрлық жасауға немесе зинақорлыққа жол бермедім; сондай‑ақ мен сендерге зұлымдық жасауға жол бермедім және сендерге Жаратқан Иенің өсиеттерін, оның сендерге бұйырған барлық нәрселерді орындау керектігі туралы тәлім бердім –

14 Мен де сендерге қызмет ету үшін, алым‑салықпен ауыртпауларың үшін және сендерге ауыртпалық әкелетін ешнәрсе болмауы үшін өз қолдарыммен еңбек еттім – міне мен айтқан осының бәріне бүгін өздерің куә болып отырсыңдар.

15 Бірақ, бауырларым, мен мұның бәрін мақтану үшін істеген жоқпын және сендерді айыптау үшін де айтып отырған жоқпын; бірақ мен осы нәрселерді бүгін Құдайдың алдында таза ар‑ұжданмен жауап бере алатынымды білулерің үшін айтып отырмын.

16 Біліп қойыңдар, мен сендерге айтамын, мен сендерге қызмет етуде күндерімді өткіздім деп айтқандықтан, мақтанғым келмейді, өйткені мен тек Құдайға қызмет еттім.

17 Ал міне, мен сендерге мұның бәрін даналықты білулерің үшін айтып отырмын; осылайша сендер өз бауырларыңа қызмет еткенде тек Құдайыңа қызмет ететінідеріңді білулерің үшін.

18 Міне, сендер мені патшам деп атадыңдар; ал сендер патша деп атайтын мен сендерге қызмет ету үшін еңбек етсем, бір‑бірлеріңе қызмет ету үшін еңбек етулерің керек емес пе?

19 Сондай‑ақ қараңдар, міне, сендер патша деп атайтын, күндерімді сендерге қызмет етумен өткізген және Құдайға қызмет еткен мен, сенедерден қандай да бір алғысқа лайық болсам, Уа, көктегі Патшаңа қалай алғыс айтпасқа!

20 Бауырларым, сендерге айтамын, егер сендерді жаратқан, сақтаған және қорғап қалған, сондай‑ақ қуантуға себепші болған және бір‑бірлеріңмен тату‑тәтті өмір сүрулерің үшін жаратқан Құдайға бүкіл жан‑дүниеңнің иелігіндегі бар шүкіршілік пен мадақтауларыңды айтсаңдар –

21 Мен сендерге айтамын, егер сендер өздеріңнің қалауларыңмен өмір сүріп, қозғалып, әрекет етулерің үшін сендерді әуел бастан жаратып, күннен‑күнге қорғап, дем беріп отырған және тіпті сендерді бір сәттен екіншісіне дейін қолдаған Құдайға қызмет ететін болсаңдар, – менің айтарым, егер оған барлық жан‑тәндеріңмен қызмет етсеңдер де, пайдасыз құл боласыңдар.

22 Ал міне, оның сендерден талап ететіні — оның өсиеттерін ұстану; ал оның өсиеттерін ұстанатын болсаңдар, жер бетінде өркендейсіңдер деп уәде берді; әрі ол айтқанынан ешқашан қайтпайды; сондықтан оның өсиеттерін ұстанатын болсаңдар, ол сендерге батасын береді және сендер өркендеп дамисыңдар.

23 Ал енді, ең алдымен, ол сендерді жаратты және сендерге өмірлеріңді сыйлады, сол үшін сендер оның алдында қарыздарсыңдар.

24 Екіншіден, ол сендерге бұйырғандай істеулеріңді талап етеді; егер сендер солай етсеңдер, ол сендерді бірден жарылқайды; сондықтан ол сендерге төлем етті. Ал сендер оған әлі де қарыздарсыңдар, мәңгілік және мәңгілік боласыңдар және бола бересіңдер; ендеше сендер немен мақтанасыңдар?

25 Енді мен сұраймын, сендер өздеріңнен бірдеңе айта аласыңдар ма? Менің сендерге жауабым: Жоқ. Тіпті жердің шаңымен де тең деп айта алмайсыңдар; сендер жердің топырағынан жаратылғанымен; бірақ міне, бұл соған сол сені жаратқанға тиесілі.

26 Міне мен, тіпті мен, сендер патша деп атайтын, сендерден артық емеспін; өйткені мен де топырақтанмын. Міне көріп тұрсыңдар, мен қартайдым және мына өлім тәнді оның жер‑анасына беруге таяп қалдым.

27 Сондықтан, мен сендерге айтқанымдай, сендерге Құдай алдында таза ар‑ұжданмен жүріп, қызмет еттім, сол себепті мен сендерге осы уақытта жиналыңдар деп бұйырдым, сонда мен мінсіз болып танылып және Құдайдың сендерге қатысты маған бұйырғандары үшін сот төрінің алдында тұрған кезімде, сендердің қандарың менің мойнымда қалмас үшін.

28 Мен сендерге айтамын, мен киімдерімді сендердің қандарыңнан тазарту үшін сендерді жиналуларыңа себепші болдым, мен қабіріме түсейін деп тұрған осы кезеңде, осылайша мен тыныштықта төмен түсуім үшін, ал менің өлмейтін рухым жоғарыдағы хорларға қосылып, әділ Құдайды мадақтап ән салу үшін.

29 Оның үстіне, мен сендерге былай деп айтамын: енді мен бұдан былай сендердің ұстаздарың да, сендердің патшаларың да бола алмайтынымды айту үшін жиналуларыңа себепші болдым;

30 Өйткені дәл осы уақытта мен сендерге сөйлеуге тырысқан кезімде, менің бүкіл денем қатты дірілдеді; бірақ Құдай Жаратқан Ие мені қолдады және сендердің алдыңда сөйлеуіме рұқсатын берді және маған осы күні сендерге хабарлауымды бұйырды, енді менің ұлым Мосия патша әрі сендердің билеушің.

31 Ал енді, бауырларым, осы уақытқа дейін істегендеріңді солай істеулеріңді қалаймын. Менің өсиеттерімді және әкемнің өсиеттерін орындадыңдар және табысқа жеттіңдер, міне жауларыңның қолына түсуден сақтандыңдар, сондай‑ақ егер сендер менің ұлымның өсиеттерін немесе ол арқылы сендерге жеткізетін Құдайдың өсиеттерін орындасаңдар, осы жерде табысқа жетесіңдер, ал жауларың сендерге билік ете алмайды.

32 Бірақ, уа, халқым, араларыңда дау‑дамай туып қалмау үшін және әкем Мосия айтқан зұлым рухқа мойынсұнбау үшін сақ болыңдар.

33 Өйткені, міне, сол рухқа мойынсұнғысы келетіндер қасіретке ұшырайды; өйткені кім оған мойынсұнғысы келіп, әрі өз күнәларында қалып және өлсе, онда ол өз жанына қарғыс ішетін болады; өйткені ол Құдайдың заңын өз білгеніне қайшы бұзғандықтан, жаза ретінде мәңгілік жазаға ұшырайды.

34 Мен сендерге айтамын, сендердің араларыңда бұл нәрселерге қатысты үйретілмеген кішкентай балаларыңнан басқа ешкім жоқ, бірақ Көктегі Әкенің алдында сендерде бар нәрсенің бәрін және болмысыңды оған беру үшін мәңгілік қарыздар екендеріңді білмейтіндер; сондай‑ақ қасиетті пайғамбарлар айтқан пайғамбарлықтарды қамтитын жазбаларға қатысты да үйретілмеген, тіпті әкеміз Лехи Иерусалимнен кеткен уақытқа дейін де;

35 Сондай‑ақ осы уақытқа дейін біздің ата‑бабаларымыз осының барлығын айтқан болатын. Міне, олар Жаратқан Иенің өздеріне бұйырған нәрсені де айтты; сондықтан олар әділ және шынайы.

36 Ал енді, бауырларым, сендерге айтамын: осыны сендер біліп және мұның бәрін үйреткеннен кейін, сендер күнә жасап, айтылғандарға қарсы шығатын болсаңдар, Жаратқан Иенің Рухынан алшақтатыласыңдар, сонда сендер оның батасын алып, өркендеп, сақтану үшін, сендерді даналық жолдармен бағыттайтын оған сендердің араларыңда орын болмайды –

37 Мен сендерге айтамын: мұны істеген адам Құдайға ашық түрде қарсы шығады; сондықтан ол зұлым рухқа мойынсұнуды қалайды және барлық әділдіктің жауы болады; сондықтан оған Жаратқан Иенің орны жоқ, өйткені ол қасиетті емес ғибадатханаларда тұрмайды.

38 Сондықтан егер ол тәубеге келмесе және қалып әрі Құдайға жау болып өлетін болса, онда Құдайдың әділдігінің талаптары оның өлмейтін жанын өзінің кінәсін сезіну үшін оятады, бұл оны Жаратқан Иенің алдынан алшақтатады және кеудесін кінә мен азап және қайғыға толтырады, бұл өшпес отқа ұқсайды, оның жалыны мәңгілікке және мәңгіге көтеріледі.

39 Ал енді сендерге айтамын, мейірімділік мұндай адамға қатысты өзінікін талап ете алмайды; сондықтан оның соңғы үкімі — шексіз азапқа төзу.

40 Уа, барша қарттар, сондай‑ақ жастар, менің сөздерімді түсінетін кішкентай балалар, себебі мен сендерге түсінікті болу үшін анық айттым: күнәға батқандардың жан түршігерлік жағдайын еске алып, оянуларыңды өтінемін.

41 Ал оның үстіне, мен Құдайдың өсиеттерін орындайтындардың батаға ие болып және бақытты болған жағдайын ойлағандарыңды қалаймын. Міне енді, олар рухани жағынан да, материалдық жағынан да батаға ие; ал егер олар ақырына дейін адал болса, олар Құдаймен бірге таусылмайтын бақытты күйде болуы үшін көкке қабылданады. Уа, естеріңде болсын, бұл нәрселердің шындық екенін есте сақтаңдар; өйткені Жаратқан Ие мұны айтты.